Келер ша?ты? т?рлері. Болжамды келер ша?


Сабақтың тақырыбы: Келер шақтың түрлері. Болжалды келер шақ.
Сабақтың білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;
тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
133-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты тауып, оны нақ осы шаққа айналдырып жазыңдар.
Табиғаттан алған әсерлеріңді суреттеп шағын шығарма жазу.
Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.
Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.
Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Осы шақтың түрлерін ата.
Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақтың ерекшелігі неде?
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Іс- қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді.
Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.
Етістік- (-ар,-ер,-р)+ жіктік жалғауы
Етістік- (мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+ (-шы,-ші)+ жіктік жалғауы
Етістік+ (-а,-е,-й)+ жіктік жалғауы
Ертең сабаққа бар-ар-мын.
Ертең сабаққа бар-мақ-шымын.
Ертең сабаққа бар-а-мын.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше
көпше
І
ІІ
ІІІ
бар-ар-мын, кел-ме-с-пін
бар-ар-сың, кел-ме-с-сің
бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз
бар-ар-, кел-ме-с-
бар-ар-мыз, кел-ме-с-піз
бар-ар-сыңдар, кел-ме-с-сіңдер
бар-ар-сыздар, кел-ме-с-сіздер
бар-ар-, кел-ме-с-
Ескерту. Болжалды келер шақ-с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әректтің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады:
Бар-ма-с-пын, кел-ме-с-пін.
Кейде І жақ жіктік жалғауы –пын, -пін ықшамдалып , -н түрінде ғана жұмсалады.
Мысалы, бар-ма-с-пын- бар-ман, сөйле+ме+с+пін-сөйле+мен болып та қолданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.
Жаңа материалды меңгерту.136-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Үлгі: жетер- есімшенің-ер жұрнағы арқылы жасалған.