?аза? ?дебиеті п?нінен Б?гін мені? ту?ан к?нім, Ой, п?лі-ай! та?ырыбында ?деби-сазды поэзиялы? кеш


Тақырыбы: “Бүгін менің туған күнім, Ой, бәле-ай!»Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, өз дауысы, видео үзінділер
Кештің барысы:
Мұқағали Мақатаев Бекжан Тұрыстың орындауындағы «Арыз жазып кетейін» ән-видео
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Армысыздар, өлең сүйер қауым! Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.Бүгінгі «Менің бүгін туған күнім , Ой пәле-ай!» тақырыбындағы әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Дариға: «Арыз жазып кетейін» 
Меруерт «Өмір деген..»
Фархад «Әке»
Аяжан «Шыда, шыда»
              Жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл‐күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,‐ деп жырлаған М.Мақатаев биыл 81жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарықрай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.  
Алтынай «»Махамбеттер, Абайлар-ай
Ислам «Кетейікші бір жаққа»
Думан «Жастық»
Жүргізуші: М. Мақатаевтың өлеңдері, жыр - шумақтары ғасырдан - ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең - жырлары өлген жоқ.
Мұқағали Мақатаевтың өз дауысына кезек берейік
Жүргізуші: Анашым!
Асыл анам, есіл анам
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам!
«Ана сен бақыттысың» орындайтын Таурбаева Гүлдария
Алина мен Диас: «Махаббат диалогы»
–       Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
–       Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
–       Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
–       Күл боп бірге соңынан кетер едім.
–       Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
–       Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
–       Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
–       Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
  Ән «Көнесің ғой»
Жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім ,– дейтін Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.
  Назым «Адам маған ұнайды қылығымен»
Ботакөз «Таудағы нөсер»
Гүлдария «Әкем туралы сөз»
Жүргізуші: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл,» - деп ұлы Абай айтқандай, махаббат адамзат пен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып. Махаббат – қос жүректің әні. Ақын М.Мақатаев махаббат, екі жас арасындағы сүйіспеншілік, асқақ сезім туралы аз жырламаған. Ақынның махаббат тақырыбына арналған жырларында екі ғашықтың жүрек дірілін бір – біріне деген іңкәрлікті айқын көрсете білген.
Жансая «Ғашықпын»
«Сенің көзін» әні 10–сынып оқушылары
Дидар «Таудағы нөсер»
Толғанай «Қайырлы түн»
Мейрамбек «Хат»
Арайлым «Қазақтың қарт-қариясы»
Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан)
Автор:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді,қарайды қарға, шыңға
Жалғыздықтан  жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден»су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай ‐салада?
Қанатынан үзіліп ән‐самала,
Қаншама аққу кетті екен–аңсаған ән?
  Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау тамыздың маужыраған,
Тауы анау шымылдық салбыраған.
Бала жытыр төсекте күйіп‐жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар
Миын қарып барады, миын қарып.
  Ана:
«Мана,  күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.....
–       Аққуменен баланы аластаңдар,–
Деді дағы жәйімен жөнеп кетті......»
–       Тұрсайшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
.....Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адаиға бола туған.
  Әке:
–       Апыр‐ ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?!
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
  Автор:
Адуынды жан екен алған жары:
  Ана:
–       Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
  Автор:
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отыр шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға
Білмей қалды мылтықтың атылғанын
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!....
Автор:
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:
  Шал:
«....Апыр‐ай, бұл кім болды таңсәріде
Көргенсіз көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре‐құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апыр‐ай, жоқ еді ғой елде желік...»
  Автор:
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
  Шал:
«Берекесін бұл жердің кім қашырған?...»
–       Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруынды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
  Автор:
...Байғұс әйел үн‐түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең‐зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді, аянбады
...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
Шал:
–       Әй, балам!...
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...
Мін атқа, қайт ауылға, тағат қыл да,
...Білмеймін,сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
  Ана:
–       Әлек боп, арпалысып сор‐қайғымен
Жоқ, ата, жасамадым оңдайды мен...
Жасымнан естігенім бар‐тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
  Шал:
–       Солай, солай...
Аманат бір Құдайға...
Қай‐қайдағы түседі құрғыр ойға...
...Ат басынан шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.
  Автор:
...Абыр ‐сабыр, үй маңы дүрбелең‐ді
Алғаш ана абыржып, білмеген ‐ді
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
  Ақ төсек–аппақ айдын, аққу–бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?
  Ана:
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!»
  Автор:
Күледі, бірде жылап зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады,
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман әні
Алдымен жұрт үн‐түнсіз таңданады,
Қыбыр‐сыбырартынан жалғанады....
Бірде ана көкке жайды алақанын:
  Ана:
–       Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным... балапаным!
  Автор:
...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз‐ақ сол – арманым.
Қиын екен қимасың екі бірдей
Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...
  Орында екен «Жетім көл», жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз 
Қасиетті аққулар оралмапты.
   Мирас «Барлығы да сендердікі»
Санжар «Әкеме»
Баян «Табиғат»
Ердәулет «Жұлдыздар сөніп барады»
Ән: «Отыздан асып барамын» 10-сынып оқушылары
Жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Дамир «Ұят болды-ау»
Айнұр «Қызыма»
Айжан «Өмір деген не десең?»
Баян «Қазақстан»
Жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік.
Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
/оқушылар әріптер алып шығады/М–МұқағалидыңҰ–ұрпаққаҚ–қалдырғанА–аманатынҒ–ғасырларА–арнасынаЛ–лайық депИ–иіліп , бас иемізРахмет!.
1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен ‐ көп рахмет.