Презентация «С?йемін, ?скен Отаным»


М.Мақатаев. «Сүйемін, өскен Отаным»
Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері: Білімділік
Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, мақал-мәтелдерін айттыру.
Дамытушылық
Сөздік қорларын молайту, Тілдерін дамыту. Ойлау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік
Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Cабақ түрі: аралас
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, ой бөлісу
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ
Іү. Қорытынды бөлім
Ү.Үйге тапсырма беру.
ҮІ.Бағалау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Қ.Аманжоловтың « Туған жер» өлеңінің соңғы шумағын сұрау.Бұл өлең қандай сезіммен айтылған? Тағы қандай әсері бар?
ІІІ.Жаңа сабақ
Лирика дегеніміз. көркем әдебиет жанрының бір түрі. Оның басты ерекшелігі- адамның көңіл-күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді. М.Мақатаев та өз жан дүниесін, Отанға деген сүйіспеншілігін, сезімін білдірген лирик.
М.Мақатаев-қазақтың әйгілі ақындарының бірі. Туған жері-Алматы облысының Нарынкөл ауданы,Шалкөде ауылында 1931 жылы туған. Әкесі Сүлейман соғыста қаза болған. Анасы 4 ұл баланы өзі өсіріп, жеткізеді. М.Мақатаев интернатта оқиды. Еңбекке ерте араласты.Ауыл кеңесінің хатшысы, комсомол қызметкері, 7 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Нарынкөл ауданында «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Парасат» журналында жұмыс істейді. «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым келдің бе?» деген жинақтары бар. Қызығушылық ояту.Сөз жұмбақ
Онсыз адамның күні жоқ. Кейін сол үшін қызмет етесіңдер?
Алыс кетсек оны сағынамыз.
Ол жерде өсесің, білім аласың. Оны мәңгілік сүю, қорғау әрбір адамның міндеті .Ол не?
ОТАН.Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Слайд көрсету. «Біздің ауыл». Осы мектептің түлегі, өздерің танитын Мира мұғалім Сендерге М.Мақатаевтың
«Есіңе мені алғайсың», «Қайран, Қарасазым-ай», «Шашыңнан иіскейін» әнін орындап береді
Ендеше, М.Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным » атты өлеңімен танысамыз. Мен оқып беремін.
Іштей оқу. Екі балаға оқыттыру. Өлең неше шумақтан тұрады? Бірінші шумақта не туралы айтылған? Жоспар жасап көрейік. Ақын нені сүйеді екен?
Дәптермен жұмыс
1.Сүйемін
2.Бұлтсыз кештерін
3.Жылқылар
4.Нөсер
5.Көкшіл аспан
6.Өзенді сүйемін
7.Гүл екккен дала
8.жылдар.
Әрбір шумаққа ат қою керек. Сонда бізде жоспар шығады.
Сергіту сәті: Мектебің мынау класың
Осында 10 жыл тұрасың
Тарыдай боп кіресің
Таудай боп шығасың
СҮЙЕМІН
Ағашқа нені сүйетінін жазу.Туған жер, Отан туралы мақал-мәтел білесің бе?
Іү. Қорытынды бөлім
Өлеңнің тақырыбы қандай?
Авторы кім?
Осы өлеңдердегі басты тақырып не ?
Қ.Аманжоловтың «Туған жер»
Өлеңімен салыстырайық. Туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
-Өз Отандарың үшін не істеуші едіңдер? М.Мақатаевтың «Құттықтаймын мама» әнін орындау
Ү.Үйге тапсырма беру.М.Мақатаев. «Сүйемін, өскен Отаным» оқу мазмұндау.
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ж.К.Апбасова