М.Ма?атаевс С?йемін ?скен Отаным ?МЖ


51435-3810
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің ІІІ деңгей бағдарламасын оқыған
бастауыш сынып мұғалімі
Сақабаева Салтанат Сағындыққызы
Сабақ: Әдебиеттік оқу Мектеп: Талдыбұлақ ЖОББМ
Күні: 17.10.2016 Мұғалімнің есімі: Сақабаева С.С
Сынып: 4 Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: -
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Оқу мақсаттары/ күтілетін нәтиже Барлығы (А,В,С)
-Өлеңді оқиды, түсінеді.
Көпшілігі (А,В)
- Туған жер, Отан туралы ойын салыстырады, қорытындылайды.
Кейбіреуі (А)
- Туған жер, Отан ұғымдарының мағынасының айырмашылығын салыстырып айта алады, өз ойын шығармашылық жұмыс арқылы өлең жолдарын салыстырмалы түрде дәлелдейді. Өз ойын жүйелі түрде қағаз бетіне түсіреді.
Тілдік мақсаттар
(тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) Оқушылар:
- логикалық ойлау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдысын дамытады;
- шығармашылық белсенділіктерін шыңдайды;
- өлең мазмұнын талдай алады;
- туған жердің адам өміріндегі маңызды рөл алатынын талдай алады;
- теңеулер, мысалдар келтіре алады.
- топпен жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін дамытуға үйрене алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: кәрісін, жылы леп, ескегін, нөсерді, оқшау, жылысып.
Алдыңғы оқу «Туған жер» Қ.Аманжолов
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Мұғалім Оқушы Бағалау Ресурс
Кіріспе
5 мин
Тұсау кесер
5 мин Сәлемдесу
Психологиялық сәт «Ыстық алақан»
«Кезектескен интервью» стр.
Әр топ оқушылары бір-біріне сұрақ қояды. Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар берілген сұрақтарға топпен жауап береді. Ауызша бағалау «Тамаша, керемет»
АКТ
Негізгі бөлім
25 мин
Дәптермен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнеролик көрсету.
Автор туралы слайд көрсету.
Әр топты екі шумақтан дауыстап оқыту.
«Үлгілік ағаш» ақынның нені сүйетінін жазу.
Дәптерге күнді, тақырыпты және ақынның «сүйемін» сөзінің талдауларын теріп жазу ұсынылады.
Сергіту сәті. Дене мүшелерімен сандарды жазу
«Кубизм» стр.
1. Ізгі тілек
2. Екі өлеңнен де ұқсас жолдарды тауып оқу.
3. «Менің Отаным» шағын эссе.
4. Отанымның болашағына қосар үлесім
«Ойлан тап» салыстыру
Екі өлеңдегі екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін сызба бойынша салыстыру. Проектор арқылы экраннан бейнероликті көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды
Әр топтан бір оқушыдан мәнерлеп оқиды.
Оқыған шумақтарынан нені сүйетінін жазады.
Әр топ өз оқыған өлең шумақтарындағы ақынның нені сүйетінін жазып, қорғайды.
Иықтарымен 0-ден 9-ға дейінгі сандарды жазып көрсетеді.
Берілген тапсырмалар бойынша топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, тапсырмаларды орындайды.
Топ оқушылары сызба бойынша өлеңнің ұйқасын салыстырады. Ауызша бағалау «Тамаша, керемет»
Смайлик Оқулық. Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Плакат, маркер, смайлик, оқулық
Кесте
Қорытынды
10 мин
Үйге тапсырма
Кері байланыс
Бағалау «Маңдайдағы стикер» стикерге мағынасын білгісі келген сөз жазу.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Өлеңнің ұнаған екі шумағын жаттау.
«Пікірлер ағашы» сабақтан алған әсерлерін жазу
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Топ мүшелерінің бағалауына ұсыныс қосады.
Оқушылар жазған стикерлерін жұбының маңдайына жапсырады, бір-біріне жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Күнделікке жазады.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.
Топтар сағат тілімен бір-бірін бағалайды.
Топ басшысы, Топтық бағалау, смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау.
Стикер, маркер, пікір ағашы