Тіл к?ніне арнал?ан сыныптан тыс іс- шара М??а?али Ма?атаев


Александров орта мектебі
Тіл күніне арналған мерекелік іс-шара


Өткізген:Сұлтанова Ә.Ш.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке - Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгінгі тіл мейрамына арналған грамматикалық сайысқа қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
1-жүргізуші: Қазақ халқының ғажайып ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев.Ол Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында 1931(мың тоғыз жүз отыз бірінші)жылы 9(тоғызыншы) ақпанда дүниеге келген.
2-жүргізуші: Балалық шағы соғыспен тұспа – тұс келген болашақ ақын өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.Алғашқы өлеңдері – «Қырман басында», «Қойшы бала-Әкітай» аудандық газетте жарық көреді.
1-жүргізуші:М.Мақатаев поэзиясы кең де көлемді,маңызды тақырыптарды қамтиды.Оның туған жер,адамдар тағдыры,махаббат пен достық,өмір мен өлім, ана мен бала,ақын мен ақындық,соғыс зардаптары туралы лирикасы ұлттық сипатымен ерекшеленеді.
2-жүргізуші: Ақын жырларынан туған еліне,жеріне деген шынайы сезімі айқын көрінеді.
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемізді көңілді әнмен бастасақ 

2-жүргізуші: Ортада 3(үшінші) сынып оқушылары «Сарыжайлау» әнімен қошеметтеп,қарсы алайық!
1-жүргізуші:Мұқағали ақынның мұрасы бүгінде туған халқының рухани азығына айналып отыр.
2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте 4 сынып оқушылары бізге атамыздың өлеңдерімен.
2-жүргізуші: М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп болған суреткер.Ол –ең алдымен ақын.Қазақ жырының құдіреті.
1-жүргізуші: Мұқағали өлең жазумен бірге шахмат ойнауды,аңға шығуды балық аулауды өте жақсы көрген.
2-жүргізуші: Ортада 3 сынып оқушылары атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
1-жүргізуші: Ақынның туған жері «Мұқағали ауылы» деп аталады.Алматы облысы Нұра ауылында табиғаттың өзі мүсіндеген Мұқағали бейнесіне ұқсайтын жартас бар.
2-жүргізуші: Сахнада бесік жырымен 4 сынып оқушысы Илютаева Ботакөз.
1-жүргізуші: Сол жартас тұрған сай қазір «Мұқағали сайы»деп аталады.
2-жүргізуші: Сонымен қатат Мұқағали бейнесі сомдалып,ақын туралы деректі фильм түсірілді.
1-жүргізуші: Келесі кезекте монолог «Бақыт туралы ой» 5 сынып оқушысы Андреев Андрей.
2-жүргізуші: Ал,оқушылар бүгінгі мерекеде атамыз туралы бірнеше мәлімет алдық.Енді сіздердің тілге деген қызығушылықтарынды арттыруда грамматикалық тапсырмаларды орындайық.
1-жүргізуші:Атамыздың өлеңдеріне қазақ композиторлары мен сазгерлері ән жазған.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте 4 сынып қыздарының орындауындағы «Жалаң аяқ» өлеңің қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Алматыда ақын атында мектеп,көше және сол көше бойында Мақатаевқа арналған ескерткіш бар.
2-жүргізуші: Ақын қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, «Ғасыр ақыны»атағы берілді.Туған жерінде мұражайы ашылды.
1-жүргізуші: Бүгінгі атамыздың туған күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
Көңіл бөліп,тыңдағанарыңызға рахмет!
2-жүргізуші:
Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтаймыз.
Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын!