Ашы? саба? ?рнектерді тепе-те? т?рлендіру (7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда және көпмүшелерді көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктеуде қолдану біліктіліктерін тексеру, жалпылау; есептеу дағдыларын тереңдету.Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.Құрал - жабдықтар: презентация, деңгейлік тапсырмалары бар карточка, таратпа материал, бағалау парағы.Сабақ түрі: Білімді бекіту сабағы.Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлаудың әдіс тәсілдері.
Стратегиялар: «Топтастыру әдісі»; «Рефлексия»; «Топтық жұмыс»; «Жұппен жұмыс»; «Өзара бағалау»;
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Формулаларды қайталау
ІІІ. Қатені тап
ІV. Тест тапсырмалары
V.Деңгейлік тапсырмалар орындау
VІ .Рефлексия
VII. Үйге тапсырма, бағалау
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бүгін алгебра курсының негізгі тарауларының бірі - «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталаймыз.Қысқаша көбейту формуласын білмей алгебра курсын әрі қарай оқу мүмкін емес. Сабақ ойын түрінде өтеді. Математика поездімен «Білім» қаласына аттанамыз. Сәт сапар тілейміз!
ІІ. «Формулалар» бекеті.
Екі бағандағы формулаларды сәйкестендір
1.а2 - в2
2.(а+в) 2
3.(а - в) 2 4.(а+в) 35.(а - в) 3
6.а3 - в37.а3+в3 1.а2+2ав+в22.а3+3а2в+3ав2+в33.(а - в) (а2+ав+в2)4.а3 - 3а2в+3ав2 - в35.(а+в) (а2 - ав+в2)6.(а - в) (а+в)7.а2 - 2ав+в2
ІІІ. «Қатені тап» бекеті

ІV. «Тест» бекеті
1-нұсқа
1. Көпмүше түрінде жаз: (5х-4)(5х+4)
А) 25х-16, В) 25х2-16 , С) 16-25х2 , D) х2-4
2. Көбейтінді түрінде жаз: 9x2-4y2
(3x-2y)(3x+2y),  B) (9x-4y)(9x+4y),
C) (3x2-2y2) (3x2 + 4y2), D) (9x+4y)(-9x-4y)
3. Екі мүшенің квадратын көпмүше түрінде жаз: (х+9)2
А) (х+9)(х-9) , В) х2-18х+81 , С) х2+18х+81, D) х2-81+18х
4. Үшмүшені екімүшенің квадраты түрінде жаз: в2-2в+1
А) (в-1)(в+1), В) (в-1)2 ,
С) в2-1, D) (в+1)2
5. Көпмүше түрінде жаз: (m+1)3
A)m3+3m2+3m+1, B)(m+1)(m-1), C)m3+1, D)m3-3m2+3m-1
6. Көбейткішке жіктеңдер: b3 -8
А) (b-8)(b2-16b-8),         
В)(2+b)(-b2-2b-4)
C) (-2-b)(b2-2b+4),           
D) (b-2) (b2+2b+4),
2-нұсқа
1. Көпмүше түрінде жаз: (2х-3)(2х+3)
А) 2х2-9, В) 9-4х2 , С) 4х2 -9 , D) 4х2-3
2. Көбейтінді түрінде жаз: 9a2-36c2
A) (9a-36c)(9a+36c),  B) (3a-6c)(3a+6c),
C) (3a2 -6c2)( 3a2 -6c2), D) (3a+6c) (-3a-6c)
3. Екі мүшенің квадратын көпмүше түрінде жаз: (х+8)2
А) (х+8)(х-8), В) х2-16х+64 ,
С) х2+16х+64, D) x2-x+64
4. Үшмүшені екімүшенің квадраты түрінде жаз: a2-2a+1
А) (a-1)(a+1), В) (a+1)2 ,
С) a2-1, D) (a-1)2
5. Көпмүше түрінде жаз: (c-1)3
A) c3 + 3c2+3c+1, B) c3-1, C) (c+1)(c-1), D)c3-3c2+3c-1
6. Көбейткішке жіктеңдер: m3+27
А) (m+3)(m2-3m+9),          
B) (m+27)(m2+3m+27),
C) (-m-3)(m2-3m+9),           
D) (3+m)(-m2-3m-9)
1-нұсқа 1.B 2.A 3.C 4.B 5.A 6.D
2-нұсқа 1.C 2.B 3.C 4.D 5.D 6.A
V. «Деңгейлік тапсырма» бекеті
А деңгей 1 ұпай
1.Көбейткіштерге жіктеңдер:
а) ә) б)
2. Көпмүше түрінде жазыңдар:
а) ә) б)
В деңгей
Өрнекті ықшамдаңдар: 3 ұпай
Теңдеуді шешіңдер: 3 ұпай
С деңгей
Теңдеуді шешіңдер: 6 ұпай
Бағалау:
17-19 ұпай аралығы – “5”
12-16 ұпай аралығы – “4”
7-11 ұпай аралығы – “3”
0-6 ұпай аралығы – “2”
VІ . Рефлексия
VII. Үйге тапсырма А деңгей: Тест 1-4 (82 бет), В деңгей: Тест 5-9 (82 бет)

«Бозанбай орта мектебі» КММ
2015-2016 оқу жылы
математика, физика және информатика
апталығы
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
7сынып
Сапаргалиева Г.М.
Математика және информатика мұғалімі
Бозанбай ауылы