Модель ж?не модельдеу (ашы? саба?)


Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу.
Мақсатымыз:-Модельдер түрімен танысу-модель түрлерін ажырата алуды үйрену Күтілетін нәтиже: модель, модельдеу дегеніміз не екенін, модельдеудің негізгі кезеңдерін, сипаттамасын, ,
модельдерге мысал келтіруді біледі. Нысан моделін анықтауды бірден білу дағдыларын дамытады.
Топта және жеке белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін ашық жеткізеді, мәдениетті сөйлейді
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы Қолданылатын әдістер: топтық, жеке,«шындық және жалған» әдісі, «Ой қозғау» әдісі,
презентация дайындау, «ақпараттық диктант»
Уақыт өлшемі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
Үй жұмысын Психологиялық ахуал : «Шындық па, жалған ба» әдісі бойынша
1. Алгоритмнің берілу формаларын: сөздік, графикалық, алгоритмдік, программалау тілі.
2. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңыздар. Соңы, енгізу, басы, шығару.
3. Алгоритм түрлерін атаңыздар. Графикалық, сызықтық, циклдік.
4. Алгоритм басы және соңы элилипспен (сопақша шеңбермен) белгіленеді.
5. Алгоритм іс-әрекеті бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалатын алгоритм түрі циклдік.
6. Іс –әрекет ромб фигурасында жазылады.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қағаздар
«Ой қозғау» Топқа бөлу. Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.
1.Модель.
2. Модельдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Миға шабуыл» Модель және модельдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
1215390-254000

Атауларға байланысты топтарға бөлінеді.
Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады. АКТ
Білу (түртіп алу стратегиясы
10 мин
Түсіну
Дөнгелек үстел әдісі
Қортындылау «ақпараттық диктант»
Оқушыларды мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Модель және модельдеу »
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қоршаған ортаны танып - білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
1.топ Модельге
2.топ Модельдеу
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.
Модельді тек нақты бар нысанға құруға болады
Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
Ақпараттық модель) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді
. Адамның қолымен жасалған нысан ... деп аталады
модель
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.
Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.
1 топ оқушылары Модельге анықтама беріп мысалдар келтіреді.
2 топ оқушылары Модельдеуге анықтама беріп мысалдар келтіреді
Шыңға шығу ойыны арқылы бүгінгі сабақта не үйренгендерін білу мақсатында оқушылар интербелсенді тақтада шыққан сұрақтарға жауап береді.
АКТ
Оқулықтар
Дәптерлер
АКТ
Сұрақтары

Үйге тапсырма беру . §13«Сенің қиялындағы ғимарат» атты тақырыпта модель құру Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады. Смайликтер.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Үй жұмысы Шығармашылық жұмыс (презентация) Презентацияны қорғау Ақпараттық
диктант Қорытынды бағалау20383525273000