Баяндама Білім беру ?рдісінде а?паратты? — коммуникациялы? технологияны ?олдану


Алматы облысы
Талдықорған қаласы
№9 орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Жакупова Құралай Абдолдақызы
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Ал, ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі бола отырып, өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.
Күнделікті сабаққа шығармашылық тұрғыдан дайындалу, оқытудың озық технологияларын меңгеру, сабақ барысында ақпараттық- коммуникативтік құралдарды пайдалану, оқушының жас ерекшеліктеріне , даму деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау мұғалімнен үлкен күш -жігер талап етері сөзсіз. Мұндайда мұғалімнің педагогикалық-психологиялық сауаттылығы бірінші орында тұрады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Оқушы тек оқулықпен шектелмей, қосымша тың мәліметтер іздеуге ұмтылады. Бұл жерде мұғалім оқушыға дұрыс бағыт беру үшін өзі жан-жақты білімді, ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар болуы тиіс. Ол үшін мұғалім бүгінгі ғылымның дамуымен, ғалымдардың ашқан жаңалықтарынан хабардар болып, оған өзіндік пікірін де білдіре алуға қауқарлы болуы керек. Өз білімін іздену арқылы ғана көтеріп отыратынын естен шығармауы керек.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу болса, ал ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды
Ақпараттық технология – бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, сурет бейне, графика, айналма, дыбыс, яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс формаларды беру. Бұл жағдайда біз екі негізгі - сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз. Егер сөзбен сипаттауды аудио визуалдық ұсыныммен салыстырсақ, сапалық артықшылыққа бірден көз жеткіземіз.
Ақпараттық технологияны қолдануда:
Оқытудың басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады;
Оқудың мотивациясын күшейтеді;
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;
компьютер тек ойын құралы емес, басқа да мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.
Мишра мен Келер (2006) айтқандай егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін қайта құрушы болса, онда оқу сабақтарын жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен әдістемелерін және оқыту технологияларының өзара ықпалын көздеуге тиіспіз. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс – тәсіл деп қарауға болады. Ақпараттық бағдарлама ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі. Сабақта ақпараттық технологияны қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін.Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түседі және танымдық жүктеме береді. Бұл оқушылардың шығармашылық іс әрекетін, білімінің кем тұсын толықтыруға қызығушылықтарын арттыратын оқытудың қажетті жағдайы.Сондықтан қазіргі ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану оқушылардың бойында ғылыми көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Әр сабақ оқушы үшін тың деректерге бай болса, пән қызықты, мұғалім құрметті болмақ.
Ақпараттық технологияны пайдаланған сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы білімге деген, оның ішінде пәнге деген ынтасын арттыру;
оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру;
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.
АКТ-ның дамуы білімді пайдалану жүйесінде уақытылы өзгеріп, тиімді және баланың қызығушылығын арттырады, метакогнитивті дамуына ықпал етеді. Кез-келген сабақта АКТ-ны пайдалану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Мен өз тәжірибемде осы аталған технологияны пайдаланудамын. Келешекте осы Кембридж тәсілі арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болатынына сенімім мол. Осы оқу оқушыларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге көмектеседі. Болашақта осы әдісті ары қарай пайдалануыма атсалысамын деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, оқушыларға ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Алған білімдерін іс жүзіне қалай қолдану керектігін тереңірек түсінеді, белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс жасау сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.