Химиялы? тепе-те?дік ж?не оны? ы?ысуына ?сер етуші жа?дайлар. Ле Шателье-Браун принциптері.


10С ҚМЖ 2-Т
Күні: «_____» _________2013ж Сыныбы: « 10 »
Сабақтың тақырыбы: Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері.
Мақсаты: химиялық реакциялардың жылдамдығы туралы білімдерді меңгерту.
Міндеті:
1. Гетерогендік реакциялар туралы білу;
2. Жүйелердің химиялық реациялардың жүру жылдамдығының айырмашылығын білу;
3. Топпен жұмыс жасауда өзінің және өзгенің пікірімен санасуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1.агрегаттық күйлеріне байланысты химиялық реакциялардың жүйесін біледі;
2.жүйелердегі реакциялардың жүру жылдамдығын біледі;
3.өзгенің ойын сыйлауға үйренеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы. Сабақтың әдісі:
1. Он сұрақ
2.Стикерлер тобы
3.Сәйкестендіру кестесі Қолданылатын құрал-жабдықтар: стикер топтамасы, смайликтер топтамасы, үш түсті фишка, кристалл толардың макеті, маркер, скотч, А4 қағазы, ИТ, слайд. Пәнаралық байланыс: Биология, физика. Сабақтың барысы.
Кезеңдер Жұмыстың түрлері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдас-тыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сәлемдесу.
Топқа бөлу.
Он сұрақ!
Мәтінмен жұмыс. (Оқулық бойынша)
Сәлемдесемін.
Таратылған стикер бойынша 3 топқа бөлемін.
1-топ. Тотығу- тотықсыздану реакциялары.
2-топ. Реакция реагенттері өнімдерінің құрамы мен саны бойынша.
3-топ. Жылу эффекті бойынша.
4-топ.Қайтымдылық белгісі бойынша.
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
1.Химиялық реакция типтері 4 түрге жіктеледі.
2. Химиялық реакция типтері: Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу.
3. Химиялық реакциялар 4 түрге жіктеледі.
4.Химиялық реакциялар: Тотығу- тотықсыздану, реагенттер өнімдерінің құрамы мен өнімдерінің саны бойынша, жылу эффектісі бойынша, қайтымдылық белгісі бойынша жіктеледі.
5.Қайтымсыз реакцияларға негізінен алмасу реакциялары жатады.
6.Бертоле тұзының айырылуы қайтымсыз реакцияларға жатады.
7.Экзотермиялық реациялар жылуды бөлетін реакиялар
8.Эндотермиялық реакциялар жылуды сіңіреді.
9.Мырышпен хлор әрекеттесу реакциясында қосылу реакция типіне жатады.
10. Мырышпен хлор әрекеттесу реакциясы кезінде хлор тотықтырғыштық қасиет көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс. Оны алдымен оқуға, сосын жұппен , топпен талдауға беремін. Болғаннан кейін топ ішінен 1-ші номерлі оқушылар орындарында қалатынын ал қалғандары 2,3,4-ші орынға барып отыратынын айтамын.
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеремін.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Мұғаліммен сәлемдеседі.
Топқа таратылған стикерлерді қалауы бойынша таңдап алады.
1-топ. Тотығу- тотықсыздану реакциялары.
2-топ. Реакция реагенттері өнімдерінің құрамы мен саны бойынша.
3-топ. Жылу эффекті бойынша.
4-топ.Қайтымдылық белгісі бойынша.
Өзін- өзі бағалау.
А – 1-3 балл
Б- 4-6 балл
С- 7-10 балл
Мәтінді оқып болғаннан кейін жұппен, топпен талқылайды «Елші» сайлайды ол келесі тобқа барып, ол топтың пікірін тыңдап қайтады.
Барлық топ мүшелерінің ойын жинақтап репартер айтады.
Бағдаршам түстері арқылы топтар бірін- бірі бағалайды
Бекіту. Стикерлер тобы
1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері. /тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).
2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.
3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі. Топтар өз ойларын стикерге жазып бір-біріне стикерлерге жазу арқылы бөліседі.
Сәйкестендіру кестесі № Химиялық реакциялар Факторлар Факторлар
1 СО2+ C↔2 СО химиялық реакцияның оңға ығысуы үшін .......
<Н=159 кДж Қысым арттыру Қысым арттыру
Температура арттыру Температура арттыру
Катализатор арттыру Катализатор арттыру
Өзін- өзі бағалау.
А – 1 балл
Б- 1,2 балл
С- 1,2,3 балл
Үйге тапсырма Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері. Дәптеріне жазып алады.
Бағалау
Оқушыларғы бағалауды түсіндіреді. Өзін-өзі бағалайды.
А- 1-4 ұпай
Б- 5-8 ұпай
С-9-13 ұпай