Ана-?мір, Ана-г?л 8 наурыз аналар мерекесіне арнал?ан ерте?гілік


Ана-өмір, ана-гүл.

Жүргізушілер: Армысыздар ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірімді нұр тамар.
Алдарында жауқазындай жайнаған,
Құттықтайды балғын шақты балалар.
-Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты арулар! Өздеріңізге арналған «Балбұлақ» тобының «Ана-өмір, ана-гүл» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: -Ал енді «Балбұлақ» тобының сұлу да, сүйкімді қыздарын ортаға шақырайық.
Әдемі қыз-Айару
Қылықты қыз-Аяулым
Сабырлы қыз-Дильназ
Инабатты қыз-Айару
Көрікті қыз- Айзере
Пысық қыз-Балауса
Нәзік қыз-Рәбия Сұлтан
Сәнді қыз-Гүлханым
Ерке қыз-Шұғыла
Айдай сұлу- Сәбинұр
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, бүлдіршіндердің өздеріңізге арналған «Танец с мамой» биін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: -«Балбұлақ» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Құттықтаймын бүгінгі мерекеңізбен» әнін қабыл алыңыздар.
-Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің «Ормандағы оқиға» желісінде қойылатын ертегі қойылымын тамашалаңыздар.
Бала:(Бақдәулет) Ақсың, сұрсың, қарасың қайда қалқып барасың?
Бұлт: (Расул) Жерге нөсер төгемін. Өссін гүлдер көп егін.
Бала: (Бақдәулет) Гүл-гүл жайнар өсер көк, нөсерлетсең нөсерлет.
Гүл: (Шұғыла) Көктем келді, жер көгерді,
Табиғат әсем күйге енді.
Құмырсқа сахнаға музыка арқылы шығады. Аспан гүрілдеп, жауын жауады.
Құмырсқа: (Райан) Бұлттар бері жылжыпты, жаңбыр, сірә төгеді. Мына саңырауқұлақ пана болса, бізге тиер көмегі.
Құмырқа жорғалап барып саңырауқұлақтың астына жасырынады.
Көбелек: (Ж.Айару) Күшім кетіп әлсіреп, қанатым су боп жабысып
Ұша алмадым Құмырсқа!
Алшы мені қасыңа, пана берші басыма
Құмырсқа: (Райан) Кел, кел, сен кішкентайсың ғой. Екеуміз сиярмыз.
Көбелек: (Ж.Айару) Рахмет саған, құмырсқа!
Автор: Жаңбырда қанаты су болып ұша алмаған соң, торғай да, саңырауқұлақ аясына жасырынуға келеді.
Торғай: (Алмас) (шиқ-шиқ) Жаңбыр қандай күшті еді, ұша алмадым, мені көр. Бас сауғалап келім ем, жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа: (Райан) Көбелек: Кел, кел саған да орынбар.
Торғай: (Алмас) Рахмет сендерге!
Автор: Міне, жаңбыр басылды, аспан шайдай ашылды. Бәрі саңырауқұлақ астынан шықты. Құмырсқа, көбелек, торғай бір-бірімен жөн сұрасты.
Құмырсқа: (Райан) Көбелек, торғай сендер мұнда неғып жүрсіңдер?
Торғай: (Алмас) Бүгін 8-наурыз анама гүл теруге шығып едім.
Көбелек: (Ж.Айару) Мен де.
Құмырсқа: (Райан) Мен де.
Көбелек: (Ж.Айару) Үзіп алсаң сен бір гүл.
Торғай:(Алмас) Үзіп алсам мен бір гүл,
Құмырсқа: (Райан) Не қалады сиқынан
Қызыл-жасыл жердің бұл.
Автор: Бұл не жарық? Ой балалар алыстан жарық көрінген сияқты
Көбелек: (Ж.Айару) Анам айтқан орманда орман ханшайымы болады, адасқан жандарға жол көрсетеді деп.
Ханшайым: -Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен-орман ханшайымымын. Неге менің гүлдерімді жұлып жатсыңдар.Гүлдерді үнемі күтіп баптау керек.Оны аяқпен таптап босқа жұлуға болмайды.Гүл табиғаттың әсем көрінісі.Адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлайды.
Көбелек: : (Ж.Айару) Таптым-таптым.
Сыйлайықшы гүлдерді
Қол еңбекпен жасаған.
Мейрамыңмен бүгінгі,
Құттықтаймын сені анам!
Автор: -Орман ханшайымы, сіз ренжімеңіз,біз гүлдеріңізді жұлмаймыз.Орман ханшайымы сіз енді біздің қыздарымыздың «Гүлдер» биін қарсы алыңыз.
Жүргізуші: -Ендігі кезекте балаларымыздың аналарына арналған өлең шумақтарын қарсы алыңыздар.Ортада: Шұғыла,Рәбия Сұлтан, Радэль, П.Айару
Шұғыла: Әр сөзіңді жаттағам, Рәбия Сұлтан: Жанымызды жайнатқан,
Жүрегімде сақтағам. Сіздерсіз ғой аналар.
Анашым деп мақтанам, Зор денсаулық,мол бақыт,
Айналайын, ақ мамам! Тілейміз біз балалар!
Радэль: Еркелесем күлімдейтін, П.Айару: Гүл-гүл жайнап әріміз,
Ұрысқаны білінбейтін. Кіреді біздің сәніміз.
Маңдайымнан сипап мені, Аналарды тойымен,
Құлыншағым, күнім дейтін. Құттықтаймыз бәріміз!
-Құрметті аналар, әжелер біздің балаларымыз қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де сіздерге арнап өлең шумақтарын арнайды. Ортада: Ерасыл,Айбын,Аяцлым,Балауса
Ерасыл: Кто на свете всех милей? Айбын: Мамочке и бабушке,
И кто в мире краше? И стишок дарю.
Самый лучший друг детей, Милые, хорошие-
Это - мама наша? Больше всех я вас люблю!
Аяулым: Бабушка любимая, Балауса: Мама нас ласкает,
Самая красивая. Солнце согревает.
Руки золотые, Солнце, как и мама,
Глазки молодые. Лишь одно бывает.
Тәрбиеші: -Ендігі кезекті «Айналайын,ақ мамам» әнін қабыл алыңыздыр.
Орындайтындар: Радэль, Гүлханым, Дильназ, Али, Бақдәулет,Рәбия Сұлтан.
Тәрбиеші :-Балаларыңыздың жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. Ортада: Али,Сәбинұр, Гүлханым,Дильназ
Али: Бал бөбегін баптаған, Сәбинұр: Ананың түссе қабағы,
Мамам үшін мақтанам. Шаттанып мен күлмеймін.
Аялайтын біздерді, Өйткені мен анамнан,
Көп жасасын ақ мамам! Жақын жанды білмеймін.
Гүлханым: Жарқын жүзді жан анам, Дильназ: Әлпештеген, аялаған,
Сендей болсын бар адам. Ақ сүт берген апатайым.
Сендей болса бар адам, Сәлем жолдап бүгін саған,
Шаттық кетпес баладан. Мерекеңмен құттықтаймын.
Тәрбиеші: - Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар,
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын аналардың баласы бар. Ортада «Ақ мамам» әнімен бүлдіршіндерді қабыл алыңыздар.
-Жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. Ортада: Асылжан,Расул,Даниял,Диас
Асылжан: Ана, әже, апалар, Расул: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Құтты болсын мереке. Қуаныштың мың гүлін.
Осы келген ортаға, Әжелерді құттықтап,
Тілейміз біз береке. Ән арнайтын күн бүгін.
Даниял: Әлпештеген анашым, Диас: Өмірдің қызығы,
Біз бақытты баламыз. Өзіңсіз өтпейді.
Оқып білім аламыз, Мен үшін анама,
Жұлдыз болып жанамыз. Ешкімде жетпейді.
Тәрбиеші: -Мың бұралып билеген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген, - дей отырып, алдарыңызда мың бұралған биші қыздарыңыдың "Үкілі ару " биін қабыл алыңыздар.
Ойын: «Іс-қимыл арқылы берілген тапсырманы орындау»
Кір жуу
Өзін-өзі әсемдеу
Бесікті тербету
Қар күреу
Нан илеу
Шай құю
Өлең айту
Би билеу
Допша секіру
Анаға гүл сыйлау.
Тәрбиеші: -Ендігі шырқалатын әніміз, ақ жаулықты әжелерге арналған «Әжетайым» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: - «Моряктар» биімен ұлдарымызды қарсы алыңыздар.
Тәрбиеші: -Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз. Ортада: Айзере, Ж.Айару, Бақдәулет, Бексұлтан
Айзере: Қандай бала болмайық, Бексұлтан: Айналайын анашым,
Әжемізге дәріміз. Көкте күн боп жанасың
Көтерсінші көңілін, Ет-жүрегің елжіреп,
Ән салайық бәріміз. Құшағыңа аласың.
Ж.Айару: Бөбегіңнің тілегін, Бақдәулет: Достықты біз ойлаймыз,
Қабыл алшы әжетай. Бірге күліп ойнаймыз.
Ұзақ өмір жүз жасап, Қыздарды да құттықтап,
Жүрші әже қамықпай. Мерекесін тойлаймыз.
Тәрбиеші: - Кішкентай бүлдіршіндерімізден құралған оркестордың орындауында «Қалсын апам қуанып» әнін қабыл алыңыздар.
Орман ханшайымы: -Балалар, сендерді ағылшын тілінде жақсы меңгерген деп естідім, қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?
Тәрбиеші: -Балалар, аналарын ағылшын тілінде де жыр шумақтармен құттықтайды.
Алмас:
Ай лав ю Момми,
Май дирест Момми.
Ю мейк ми хаппи
Уен ай эм сад
Ай уонт ту телл ю
Ай рилли лав ю
Уен ай эм уиз ю
Ай эм сөу гләд!
Райан:
Май диа,диа Момми
Ай лав ю сөу мач
Ай уонт ту би хаппи
Он зэ эйтс оф Матч.
Алихан:
Май Мом из претти
Май мом из суит
Май мом из зэ бест момми
Ю уил эве мит
Тәрбиеші: - Құрметті ата-аналар, «Балбұлақ» тобының бүлдіршіндерінен құралған оркестірдің орындауында «Жақсы көрем анам мен әжемді»
Тәрбиеші: -Ендігі кезекте құрметті ата-аналар, өздеріңіздің шеберліктеріңізді тамашалайық.
Ойын: «Кім жылдам»
Ән: «Көктем»
Тәрбиеші: Ақжаулықты әжелер,аяулы аналар және менің кішкентай бүлдіршіндерім осымен «Ана-өмір,ана-гүл» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Құрметті аналар балаларыңыздың өздеріңізге арналған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.