Статьи тему Международный фестиваль Шашу


АRT-Шашу фестивалі
Астана каласында 24-29 наурыз аралығында I-ші халықаралық «ART-Шашу» өнер фестивалі өтті. Бұл байқауда вокал,аспапта ойнау,би номинациялары болып бөлінді.Әр жерден келген талантты жас-бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті.Облыс бойынша және Республика бойынша,ТМД елдерінен де дарынды оқушылар 250 ден аса осы байқауға катысты. Байқау үш күнге созылды. Біздің Қостанай облысымыздан үш оқушы қатысты.Олар Рудный қаласының №19 орта мектебінің оқушылары еді.Бұл байқауға үлкен дайындықтың арқасында оқушыларымыз жеңіске жетті. Мектебіміздің дарынды ,әнші оқушымыз Куанышов Асет осы «АRT-Шашу» ән байқауында жақсы өнерін көрсеткені үшін 3-деңгейлі лауреат атанды.Орындаған шығармалары «Ассаламагалейкум» және«Бір жұлдызым» әндерін нақышына келтіріп орындады. Мектебіміздің Вокал үйірмесіне 5 жылдай қатысып келеді. Талантты дарынды бала.Республикалық «Жұлдыз» байқауының 1-ші дәрежелі лауреат атанған.Тағы да осы байқауда өз өнерін паш еткен дарынды қызымыз Зиядинова Мадина болатын.Көптеген байқаулардың жеңіпазы М\ы Республикалық «Ақ көгеншін» байқауының Лауреаты және дипломанты атағына ие болған.Ос «АRT-Шашу» байқауында «Құсмен қорлан», «Өсиет» деген әнді нақышына келтіріп орындап 3- дәрежелі лауреат атанды. Мектебіміздегі Вокал үйірмесіне 5жылдай қатысып келеді. Халық әндерін жақсы орындап жүретін дарынды оқушымыз Серкебаева Айкен осы «АRT-Шашу» байқауда дипломант атанды. Мектептегі «Вокал» үйірмесіне қатысып жүр.Осы балаларды дайындап жүрген музыка пәнінің мұғалімі Омарова Гүлжихан Қайрбекқызына айтарым шексіз.Өнерде оқушылармен талмай еңбек етудің арқасында талай белестерді бағындырарына кәміл сенімдіміз.Отбасына амандық, шығармашылық табыс тілеймін.