Ашы? саба? Е?бекке баулу К?н ш??ыласы аппликациясы


Сабақтың тақырыбы: «Күн шұғыласы» аппликациясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қағазды қиып алып,желіммен жапсыру әдісін үйрету,сол арқылы құрастыруды,жапсыруды меңгерту;
Дамытушылық:Ойланып,шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері дамыту,өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,мейірімділікке,іскерлікке,шеберлікке баулу,эстетикалық талғамдарын арттыру,баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап,ой қозғау,бейнелі ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: үлгілер,слайдтар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: слайд
Кесте тіксең зерлеп,оның аты-еңбек,
Тауға шықсаң өрлеп, оның аты-еңбек,
Гүл өсірсең терлеп,оның аты-еңбек.
2.Өткен сабақты еске түсіру(сұрақтарға жауап алу):
1) Қағаз туралы не білесіңдер?
2)Қалып үлгі деген не?
3)Қағазбен жұмыс істеуге не қажет)
3.Жаңа сабақ «Ой қозғау» Слайд
-Балалар, тақтада жасырын бейне сурет бар.Тапсырмаларды орындасақ, сурет ашылады.
1.Еңбек туралы мақал-мәтел
2.Жұмбақ шешу:
Жұмыста оны көремін,
Қиып ,қырқып жүреді.
Тек өзіне керегін,
Ойып алып жүреді. (Қайшы)Қайшының суреті
3.Аппликация деген не?
4.Жұмбақ шешу:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Слайдпен жарқырап күн шығады.
4.«Сұраққа жауап»
-Жарқырап күн шықты. Ойларың қандай? Күн не береді?
Жарық, жылу береді.
-Жер бетінде қандай өзгерістер болады?(слайд)
(жер көктейді,гүлдер өседі,ағаштар гүлдейді т.б.)
-Ал, балалар, біз бүгін қағазды қиып, жапсыру арқылы аппликация жасаймыз.
5.Сабақтың тақырыбы: «Күн шуағы» деп аталады.
1.Күн неге ұқсайды? Қандай пішінге ұқсайды?(дөңгелек)(слайд)
Бұл аппликацияны орындау үшін бізге ақ,сары және көгілдір түсті қағаз керек.Қалып үлгіні пайдаланып сары түсті қағазға шеңбер мен жолақтарды сызып аласың.көгілдір түсті қағазға бұлтты бейнелеп,қайшымен қи.Міне, аппликация жасауға қажетті материалдар дайын.Сары түсті шеңберге желім жағып,ақ қағазға жапсырамыз,қиып алынған сары түсті қағаз жолақтарын ұқыптап желімде.
6.Қауіпсіздік ережесі (слайд)
-Қайшыны дұрыс ұста.
-Қайшыны қорапқа салып қой.
-Қайшыны ашық күйінде үстелдің үстіне қалдырма.
-Қайшыны жабық күйінде сап жағын қаратып ұсын.
7.Өз бетінше жұмыс.
1.Қалып үлгіні сары қағазға бастырып сызу,қию.
2.Жеке көмек, бағыт беру.
3.Қиылған бейнелерді орналастырамыз.
8.Сергіту сәтін жасату (слайд) Біз өмірдің гүліміз.
9.«Кім көп біледі?» мақалдың жалғасын тап (слайд)
- Жеті рет өлшеп, бір рет( кес).
- Көз қорқақ,(қол батыр).
- Еңбек етсең ерінбей,(тояды қарның тіленбей).
10.Қорытындылау,сабақты бекіту.Көрме ұйымдастыру.
-Қанекей,жұмыстарыңды көрмеге ілейік.
-Ұнай ма?(суреттер бойынша үлгі етіп көрсетемін,кейбір жұмыстарға
толықтыру қажет екенін айту) 2-3 оқушы жұмыстары туралы өздері атады.
11. Сиқырлы таяқша (слайд)
1.Сиқырлы таяқшаны қозғалтсам,күн нұры кез келгеніңе түсуі мүмкін.
2.Қасыңдағы оқушыға не тілейсің?
Мысалы: Мейірім- әдемі қыз,Саят-шебер бала.
Достарыма барлық жақсылық тілеймін!
12.Жұмыстарын бағалау. Смайликтер тарату.
13.Сабақ аяқталды (жұмыс орныңды жина,заттарыңды орнына қой,қолдарыңды үзілісте жуыңдар).