Ашы? саба? Наурыз мейрамы


Қазақ тілі Уақыты: Мұғалім:Кыдырмаева.М.К.
Сабақтың атауы Наурыз мейрамы.
Сыныбы 7
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.Т2 Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың
өзектілігін анықтау.
7. А 6 Визуалды материалдар арқылы дамыту.
7. О6 Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.
7.Ж 1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру.
7. ТБ Сөйлем.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтайды.
Оқушылырдың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша деректер қолдана отырып ,мәтінді талқылайды.
Кейбір оқушы орындай алады: Әртүрлі стильде мәтіндер құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, көтерген мәселеге өз ойын дәлелдейді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қасиетті , көже , ойындар, мереке, ізгілік, татулық,бірлік, алтыбақан.
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Наурыз мерекесі, ұлттық ойындар, қазақша күрес, арқан тартыс, қасиетті күн.
Бағалау критерийлері 1.Мәтінді тыңдау арқылы тақырыбы мен идеясын анықтайды.
2. Визуалды материалдар арқылы дамытады.
3.Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді.
4.Әртүрлі стильде мәтіндер құрастырады.
Дескриптор -мәтінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
-дерек бойынша өз ойларын дәлелдейді.
-әртүрлі стильде мәтіндер құрастырады.
Алдынғы оқу
«Мина» әдісіне сүйене отырып, өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру
Басы Оқушы назарын сабаққа аударуды ұйымдастыру. Сынып оқушыларын топқа бөлу. / реттік сан есіммен/
Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийімен таныстыру.
Ортасы І тапсырма. Мәтінмен танысу
1. Жеке
2. Жұппен
3. Топпен талдау
ІІ тапсырма: Мәтінді «Дара диаграммаға» салу
Наурыз
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын аталып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде : Қазақстанда,Өзбекстанда, Қырғыстанда,Түркістанда.Әзербайжанда т.б елдерде тойланады.Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл болып,әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алуда.
еңбек
ойындар
татулық

Халықты
бірлік, ынтымақ шақыру

ғұрып
достық




дәстүр
Мейрімділік
Сыйластық

шешім
Шарықтау шегі, шиеленіс
дамуы
Кіріспе
ІІІ тапсырма: Композициялық құрылымына талдау барысында «Оқиға тауы» әдісін пайдалану
Соңы «9 ромб» әдісімен сабақты бекіту
Ең маңызды

Ұлыстың ұлы күні
Наурыз көже
Жыл басы

Көктем
Салт дәстүрлер
Бата

Төрт түліктің төлдеуі
Табиғаттың жаңаруы
Тіршіліктің оянуы


Онша маңызды емес
Бағалау
Рефлексия
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін БББ әдісіне салады.
Бағалау парағы дискриптор бойынша топ ішінде бағалау
Дескриптор Ұпайы
Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай алады
Мәтінді композициялық құрылымына талдайды.
Негізгі ойды болжайды.
Мәтіннен негізгі мәліметтерді жинақтайды. 2- толық, 1- жарты бал
БББ әдісі
Білемін Білдім Білгім келеді
Наурыз- жыл басы
Наурыз мерекесі - қасиетті мереке. Ата- бабамыз бұл күнді табиғаттың ерекше белгілерін ескере отырып белгілеген. Сондықтан 22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні ,жыл басы деп аталған.
Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы. Жыл құстары келе бастайды.
Наурыз бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланады. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырады. Жастар үлкендерден бата алады. Театрланған көріністер көрсетіледі. Келін түсіру , бесікке салу, тұсау кесу сияқты ұлттық құндылықтарымыз , салт дәстүр, әдет- ғұрыптарымыз көрсетіледі. Ұлттық ойындар: ат жарыс, көкпар, қазақша күрес, теңге алу, аударыспақ, арқан тарту, бағанға өрмелеу, гір көтеру, жүгіру сияқты ойындар ұйымдастырылады.
Наурыз мерекесіне тән көпшілікке наурыз көже даяраланады. Ол жеті түрлі тағамнан дайындалды. Оның құрамына : сүріленген ет, қамыр, қатық, су, тұз, бидай, бұршақ қосылады.
Наурыз мерекесі – ұлттық мереке.