Ата-анадан жа?сы ?рпа? тара?ан


Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болсын бала солардан.
***
Бүгінгі таңда отбасы өнегесінің, тәрбиесінің кемшілігі болып жататын тұстары көп. Балаға тәрбие берудің тетігін біле бермейтіндігміз де жасырын емес. Баланың басты ұстазы-ата-анасы болғандықтан, олардың педагогтік білім мен тәжірбиесі болуы міндет-ақ. Мейлі ол басқа мамандықтың иесі болсын, қосымша білім артық етпейді. Өйткені, бүгінгі таңда балалармен дұрыс тәрбие жұмысын жүргізе алмайтын ата-аналарда көп. Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сонымен қатар, олар балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде, олардың пікірімен үлкен адамдай санасқан орынды. Сонда тәрбиені қалай, неден бастау керектігі айқынырақ көрінеді. Кейбір ата-аналар: «Кешке дейін жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге, сабағын қарауға уақыт жоқ» деп жатады. Баламен сөйлесуге арнаулы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Мысалы, қызы анасымен астың қамында жүргенде, ал әке баламен үй шаруасымен айналысу кезінде ортақ тақырыптар туралы пікірлесуге болады. Ата-ана өз уақытын тиімді пайдаланса, ол да бала үшін үлкен өнеге. Жастайынан еңбектеніп үйренген бала өскенде өз уақытын босқа жібермей, тиімді пайдаланатын болады. Кейбір отбасындағы жанжал, үлкендердің ойланбай дөрекі сөйлейтіндері немесе біреуді сыртынан жамандау, балаға теріс әсер етеді..Ал, кейбір ата-аналар балалары мектептен келгенде сұрақтың астына алатындары да бар. «Мектепте не істедің?», «кім қалай сөйледі?», «қалай жүрді?», «сабақ өтті ме?», «қай мұғалім қалай сабақ берді?» дегендей. Бұл өте жаман қасиет. Бұл ата-ананың сауатсыздығында. Сонымен қатар , қазіргі балаларға үйге қалай келеді есіктен кірген жерінен сөмкесін тастап, сол жерден ертеңіне алып кетеді. Сабақ оқуға түк мойынсұнбайды. Әсіресе, ересек сыныптарда оқыйтындар.Қазіргі таңда жасөспірімдер көбіне компьютер ойнап дағдыланған. Оның ішінде ылғи кісі өлтіретін ойындар, атыс, қырып-жоятын ойындар. Ата-аналар бір-бірінен қалыспай «Сен кімнің баласынан кемсің» дегендей ұялы телефон, компьютералып беріп жатады. Өзіміздің рухани байлығымыз – кітап дегенді мүлде ұмыттық. Кітап оқуды қазіргі балалар мойынсұнбайды және отырып оқымайды да. Кітаптың ішінде талай қазына бар екенін білмейді. Әркімнің үйінде де және кітапханада да оқыйтын кітаптар жоқ емес бар. Мысалы, Б. Соқпақбаев, Қадыр Мырза-Али, Ш.Мұртаза, М.Әуезов, І.Жансүгіров, Ш.Айтматов, Т.Ахтанов, Х.Есенжанов сынды ақын-жазушыларымыздың кітаптары оқырман көңілін өзіне аударары анық. Сондай шығармаларды неге оқымасқа?! Атамыз қазақ осы ұлттық тәрбие негізінде қаншама дарынды тұлғаларды, ел қорғаған батырлар мен шешендерді тәрбиелеп шығарды. Сондықтан да, отбасы тұлғаның қалыптасуын әрбір қазақ азаматы қатаң қадағалаған, бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан заң деп білген жөн. Отбасылық тәрбиенің сәтсіздіктері – ата- аналардың тәрбие жұмысына даярлығының кем болуында, жас баланың психикалық дамуы күрделі мәселе екенін түсінбейді. Бұрын ата- бабаларымыз мақал- мәтелдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер айтып, ұл-қыздарын тәрбиелеген. Қазіргі ата-аналар ондай мақал-мәтел, қанатты , нақыл сөздер айтпақ түгіл мағнасын да біліп жатпайды. Кейбір отбасындағы ата-аналар бастық, жоғары лауазымда істейтін болса, балалары да өзімшіл, өркөкірек болып тәрбиеленіп жатады және солай қалыптасып кетеді. Сонымен қатар, үлкендер тұрмақ мектепте оқыйтын балалар ру-руға бөлініп жататынын жиі кездестіреміз. Олар кімнен үйренеді әрине отбасында ондай сөздер айтылады. Соны бала мектепке келіп айтады. Әке-шеше бала бойына мынандай қасиет, мінез құлықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударғаны жөн: еңбексүйгіштікке, адалдыққа, көпшіл болуға тәрбиелеу керек. Отбасында баланы ата-баба жолымен, дәстүрімен тәрбиелеуге мән бере бермейміз. Ұрпақтармен жалғасып келген халықтық педагогиканы қайта жаңғартып, ең болмағанда ата-бабаларымыздың қалыптастырған мақал-мәтел, салт-дәстүрлердің тереңіне үңіліп, оны жас ұрпақтың жүрегіне сіңіре білсек, сонда ғана ұлымыз арлы, ұятты, қызымыз қылықты болып өсіп, отбасы тәрбиесінің де жолға қойылатыны сөссіз. Отбасын жасайтын немесе нығайтатын күш- махаббат, әке мен шешенің, ата-ана мен балалардың өзара сенімді, адал, шынайы қарым-қатынасы. Оны отбасы мүшелері өзара түсіністік, ізеттілік қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. А.С.Макаренко: «Балаларды тәрбиелей отырып, отбасы еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді» дегендей отбасы тәрбиесінің өзіміз үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды екенін естен шығармағанымыз жөн.