Саба? та?ырыбы:Квадрат те?деу т?бірлеріні? формулалары. Дискриминант.


№ 18 ЖББОМ КММ
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.
Дискриминант.
Пән мұғалімі: Ешимханова А. К.
Сыныбы: 8 «а»
Қарағанды 2013
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 8 «а»
Күні: 27.11.2013
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.
Дискриминант.
Мақсаты:
Білімділік. Квадрат теңдеулерді шеше білу және формуланы қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Логикалық ойды дамыту.
Тәрбиелік. Тиянақты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа жұмылдыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Квадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз?
Келтірілген квадрат теңдеудің коэффициенттерін ата.
ах2 = 0, ах2 + вх = 0 және ах2 + с = 0 квадрат теңдеулері неліктен толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
№123 (2, 4) №126 (2)
ІІІ. Жаңа сабақ
Келтіріліген квадрат теңдеулерді шешуді алдағы сабақтарда қарастырамыз. Жалпы түрдегі ах² + bx + c = 0, мұндағы а ≠ 0 теңдеуін шешуді қарастырамыз. Квадрат теңдеу түбірлерін табу D әрпімен белгіленіп, мына түрде b² - 4ac анықталатын формуламен есептелінеді. Дискриминант латынның (ажырату, анықтау) сөзінен шыққан. Дискриминанттың таңбасына қарап отырып оның неше түбірі бар екенін анықтайды, ажыратады.
D = b² - 4ac х1 = -b+ D2a х2 = -b- D2a
Квадрат теңдеу ах² + bx + c = 0
D = b² - 4ac
D > 0 x₁,₂ = -b ± D2a
D = 0 x = - b2a
D < 0 шешімі болмайды
Неліктен D < 0 жағдайында квадрат теңдеудің түбірі болмайды?
IV. Жаттығулар орындау
№128 (1,2,3)
Оқулықпен жұмыс
№130 (1,2,3)
№134 (1)
V. Қорытындылау
Математикалық диктант
а = 1 болса, ... теңдеу болады
Кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін ... есептейміз
Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын ... білеміз
D < 0 болса, ...
D > 0 жағдайында түбірлерді ... формуласы арқылы анықтаймыз
D = 0 болса, түбірлер саны ... болады
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма - №129, №131