Тіл дамыту 3-сынып «?имас дос»


Сабақтың тақырыбы: Қимас досСабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгертуа) Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, теориялықбілімдерін байқау.ә) дамытушылық: Сауатты көркем жазуға баулу. Өз бетінше орындаудағдыларын қалыптастыруб) тәрбиелік: Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершіліккетәрбиелеуСабақтың типі: Дәстүрлі сабақСабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, жазу, сұрақ - жауап, мәтін аудару,фонетикалық талдауСабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулықСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын сұрауІІІ. Жаңа сабақІ. Асcосациялық әдіс бойынша жаңа сабақты ашу.ІІ. Сөздікпен жұмыс жасауТүйедей құрдас - ровесникиЖұбын жазбау – не расставатьсяҚабақ шытыспау - не обижатьсяҚадір тұту – ценитьМойындау - сознатьсяІІІ. Мәтінді мәнерлеп оқу, орысшаға аудару.Назым мен Бейсенгүл – түйедей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екеуі қабақ шытып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Тентек Мәліктің өзі де:- Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз,- деп мойындайды. Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне басқалардан бұрын ұсынған да осы Мәлік.Назым и Бейсенгул - ровесники лучшие друзья. Когда их видишь они всегда друзья. Вместе играют игры в классе сидят за одной партой. Они никогда не ссорились. Учиться они очень хорошо. Их и учительницы и ученики. И скромные и очень хорошо знают дружбу и характеры одинаковы их дела нравятся другим. Даже шаловливый Малик сказал:- Назым и Бейсенгул хорошие друзья - и так признался. В школьной их выбрал этот Малик.ІҮ. 4 - тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазуНазым мен Бейсенгүл.... құрдас. Қашан көрсең де,... жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды,... да бір партада отырады. Әрі кішпейіл, әрі достықты... тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға ұнайды. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да...., қадірлейді.Керекті сөздер: түйедей, жұбын, сыныпта, қадір, сыйлайды.Ү. Сөз тіркесін дұрыс құрастыру.Түйедей екеуіБұл кеңесіОқушылар құрдасДостықты көрген емесБасқалардан ойнайдыҚабақ шытысып бағалайдыБірге бұрынБір партада отырадыҮІ. « Мұғалім», «Балалар» сөзіне фонетикалық талдау жасау.М - Д - з үндіҰ - д - ы, еріндік, қысаң, жуанҒ - д - з, ұяңА - д - ы, жуан, езулік, ашықЛ - д - з, үндіІ - д - ы жіңішке, қысаң, езулікМ - д - з, үндіБ - д - з, ұяңА - д - ы, ашық, езулік, жуанЛ - д - з, үндіА - д - ы, ашық, езулік, жуанЛ - д - з, үндіА - д - ы, ашық, езулік, жуанР - д - з, үндіҮІІ. Мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру. Қиын сөздерге түсініктеме беруЕкі досЕртеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал - мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.Қолбасы ойланып тұрып, оны сынамақ болады да:- Жарайды, мен сені қыршыннан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді.- Ол не?- дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.Маған сенің көздерің керек,- дейді қолбасы.- Екі көзіңді ойып аламын.- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,- дейді.Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.Мұны көрген жаудың қолбасы: “Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе - бет ұрыста қиынға соғады”,- деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.ҮІІІ. «Менің досым» тақырыбына эссе жазуДос туралы мақал - мәтел айту.Сұрақтарға ауызша жауап беру1. Сенің досың бар ма?2. Оның аты кім?3. Досың неше жаста?4. Нешінші сыныпта оқиды?5. Ол қалай оқиды?6. Оның мінезі қандай?7. Ол немен шұғылданады?8. Ол қандай дос?ІХ. Сөзжұмбақты шешу.Х. Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап.ХІ. Бағалау.ХІІ. Үйге тапсырма беру. Диалог құрау.