?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Негізгі ж?не туынды зат есім (3 сынып)


Сабақ Мектеп «Бөкенші ЖОББМ»
Күні: Сынып 3 Қатысқан оқушылар саны: 11
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Зат есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіні жайлы түсінік алады
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Зат есімнінің негізгі және туынды болып бөлінетінін меңгереді .
Оқушылардың басым бөлігі:
Негізгі зат есім мен туында зат есімді ажырата біледі.
Кейбір оқушылар:
Берілген жұрнақтарды қолданып туынды зат есімді жасай алады.
Тілдік мақсат: Негізгі және туынды зат есім сөздерді дұрыс қолданылуы мен айтылуы.
Алдыңғы оқу 2- сыныпта зат есім туралы өткен білімдерін толықтыру.
Жоспар
Жоспарлан Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
ған
уақыт
45 минут «Амандасу»
«Ассоциациалық карта»
«Негізгі ойды тап»
«Тыңда да тап»
«Т кестесі»
«Досыма хат» Г.И. Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева
Қазақ тілі оқулығы,
3-сынып.– Алматы: «Атамұра» , 2014
Кеспе сөздер, суреттер
Бағалау парағы
«Ұялы телефон» суреті
Басталуы
5 минут І. Ұйымдастыру кезеңі
«Амандасу» /оң иық, сол аяқ, сол құлақ т.б./
/ІІ. Топқа бөлу:
«Кім?Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздер арқылы сыныпты 2 топқа бөліп аламын.
Мұғалім ,бала, ата, адам,
Қаламсап, кітапхана,оқулық,өнерпаз, Бала санына байланысты сөздер қиындылары беріледі.
Топтастыра отырып 2 топқа бөлу.
Ортасы
20 минут ІІІ. Ой қозғау
-«Зат есім деген не?» ассоциациалық карта толтыру
ІҮ. Жаңа сабақ
«Негізгі ойды тап» Берілген суреттерді салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
788670-123190000Көз-көзілдірік қой -қойшы
балық –балықшы аң –аңшы
ас - аспаз домбыра – домбырашы
Ереже шығару. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
«Тыңда да жаз » Тыңдалым. Тыңдап отырып сөздерді екі бағанға бөліп жазады.Негізгі және туынды зат есім.
Дос , балық, оқулық , балапан, табақ, ,үй, сауыншы, көлшік,мал, өнерпаз, кітап, орын, ,бұтақ,сиыршы,дәрігер, көмір.
V. Сергіту сәті «Қаражорға» биі
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
20-жаттығу. Өлеңді көшріп жазу, туыңды зат есімдерді табу.
1 топ- 1баған 2 топ- 2 баған
22- жаттығу. Сөздерге – шы, -ші жұрнақтарын жалғап туынды сөз жасау. Плакаттар, маркер
Көрнекілік
Аяқталуы
15 минут
5 минут Бекіту. «Т» кестесі . Негізгі және туынды зат есім туралы не білдік? Салыстыру, қорытынды шығару .
ҮІІІ. Үйге тапсырма 23-жаттығу, 151-бет Саралау
Қабілеті жоғары оқушылар барлық тапсырманы орындауы тиіс Бағалау
Әр топбасшысына бағалау парағы ұсынылады.
№ Аты -жөні№1 №2 №3 №4 қорытында
Пән аралық байланыс
Математика, дүниетану
Рефлексия "Досыма хат " әдісі арқылы оқушылар сабақта не үйренгенін жазады.