?аза? тілі п?нінен саба? жоспары: Ж?рна? б?рын, жал?ауды? ж?рна?тан со? жал?ануы ?діскер: Жахметова Балжан К?шкінбаевна


Пәні: Қазақ тілі
Мектеп: №8 мектеп
Сыныбы: 2«ә»
Машықкер: Несіпбек Меруерт Ерлатқызы
Сабақтың тақырыбы: «Жұрнақ бұрын, жалғаудың жұрнақтан соң жалғануы»Сабақтың мақсаты:1. Білімділік : Сөз құрамын анықтау, жаттығулар орындай отырып жұрнақ пен жалғауды ажырата білуді үйрету.2. Дамытушылық: Сауатты жазу,байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:аялдамалар, таратпа материалдар, себеттер
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, өзін – өзі таныстыру.
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Отырыңдар, бүгінгі қазақ тілі сабағын мен өткіземін, менің аты – жөнім Несіпбек Меруерт Ерлатқызы.
2. Психологиялық дайындық
Сабақтың ережелері:
-Шуламаймыз
-Қол көтеріп жауап береміз
-Бір-бірімізді тыңдаймыз
-Тапсырманы бірінші орындап болған топ қол шапалақтайды
-Оқушылар, бүгін біздің сабағымыз ерекше өткелі отыр.
Бүгін біз сіздермен жарысатын боламыз.
1-топ
2-топ
3-топ болып.
Ал енді, топ болғаннан кейін тобымыздың аты болуы керек.Солай емес па? Тобымыздың атын білу үшін мен сендерге тапсырма дайындап қойдым. Егер сіздер тапсырмада жасырылған сөзді таба алсаңыздар сіздердің топтарыңыздың атауы шығады. (Тапсырмалар тарату)
1-топ
а ш м ы с о қ
2-топ
қ а н р ұ ж
3-топ
у а ғ л а ж
-Жарайсыздар!!!
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тағы бір ерекшелігі біз саяхатқа шығамыз. Ол еліміздің бас қаласы.
-Қалай аталады? (Астана)
-Астанада біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, әсем ғимараттарымен танысамыз,түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол қалаға немен баруға болады?
( автобус, пойыз)
-Пойызбен бару үшін бізге не керек? (билет)
-Мен сендерге билет алып қойдым. Бірақ, мен билетті тегін бермеймін.Мен әр топқа билет таратамын, тек қана билеттің артында жазылған сұрақтарға дұрыс жауап берген топ қана саяхатқа аттанады.
II.Өткенді қайталау
1- топ
1.Жұрнақ деген не? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді)
2. 5 жұрнақ жалғанған сөзді айт
3. Балық сөзіне жұрнақ жалғап айт
2- топ
1.Жалғау деген не? (Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді)
2. 5 жалғау жалғанған сөзді айт
3. Оқушылар сөзін сөз құрамына талда.
3-топ
1.Түбір деген не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейді)
2.Сөздерге жұрнақ жалғап оқы.
Оқу, кітап,жазу
3. 5 түбір сөз айт.
-Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
-Бүгін де осы тақырыппен жұмыс істейміз.
-Дәптерімізді ашып күнді жазамыз.
Қосымша сөзін көркем жазу.(Денемізді тік ұстаймыз, дәптерімізді көлбеу қойып, әдемі жазуға тырысамыз)
-Қане, бірге бәрімізКөзімізді жұмамызӨтіп тау мен өзенненАстанаға жетіп қонамыз!
-Сонымен, біз Астанаға да жетіп қалдық.
1-аялдама «Бәйтерек»
-Әр топқа карточка таратылады.Сіздер мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау керексіздер. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ қол шапалақтайды.
1- топ
Жазғы демалыста Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай.Балапан шиқылдай береді.
2-топ
Бүгiн  Жанар  мен  Айнұр  сыныпта  кезекшi. Олар  мектепке  басқа  балалардан  бұрын  келдi. Алдымен  парталарды  реттеп  қойды. Жанар  терезелердi  ашты. Айнұр  партаның үстiн, тақтаны  дымқыл  шүберекпен  сүрттi. Бiрiншi  сабақ  қазақ  тiлi. Кезекшiлер  әр  партаға  сөздiктердi  дайындады. Сөздiктер  сөреде  тұрған. Қыздар  өз  мiндеттерiн  ұқыпты  орындады.
3-топ
         Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Он алтыншы желтоқсан  – Тәуелсіздік күні.
Дәптермен жұмыс
Берілген сөздерді топтан бір оқушы тақтаға шығып, сөз құрамына талдайды.
(Бағалау парағына бағалап отыру).
2 — аялдама «Думан» 
-Думан деген не?
-Оның ішінде не бар?
-«Думан» ойын — сауық орталағы. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.Онда океанариум,кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, қонақ үйі, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
-«Думан» ойын сауық орталығы бізге бір қызықты ойын дайындып қойыпты.
Ойын «Өз себетін тап» деп аталады.
Cіздерге 3 себет берілген.1 себет жұрнақ, 2 себет жалғау, 3 себет жұрнақ+жалғау деп аталады.Қазір мен әр топқа жеміс-жидектер таратып беремін, ал сіздер сол жемістерде жасырылған сөздерді топ болып сөз құрамына талдайсыздар, бірінші болған топ қол шапалақтайды да, әр жемісті өз себетіне салады.
16916401174753729990117475-346710117475
434911513335025107901333502014220171450532130171450
320040177804076700153035216217519875534290151130-123825149225489204065405
1047750-2540372427569215-6407157366031407101498601853565149860-281940149860
жалғау Жұрнақ Жұрнақ+жалғау
Балықшы, киноны, ойыншық, балалар, өнерпаз,теңізші,мұхиттан,алаңдар,саудагерді,жазушылар,кітапханада,дәрігерлер
(Әр топты бағалау парағына бағалау)
3-аялдама«Хан шатыр»
-Ханшатыр несімен атақты?
-Ойын-сауық орталығы, онда балалардың көңіл-күйін көтеруге барлық жағдай жасалған.Олай болса біз де  «Хан шатырда» би билеп, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Шығармашылық тапсырма: «Тиісті қосымшаны жалға»
Әр топқа түбір сөздер мен қосымшалар беріледі. Оқушылар тиісті қосымшаны жалғап, сөз құрамына талдайды.
құрылыс, үй,қалам,ғимарат, қонақ        -шы, — ім,-гер, -қа, -ты
ер, дос, кәсіп, Астана,сурет        лік -, -тық, -кер, - ны,-ші, -
егін, комбайн, өзен, би, өнерпаз         -ді, -ға, -нен, -ші, -ды
Жұмбақтар шешу
Оқушылар, мен қазір әр топқа жұмбақ жасырамын, сіздер сол жұмбақтың шешуін тауып, мен берген қағаздар ортасынан сол сөздің орысша және ағылшынша баламаларын тақтаға ілулерің қажет.
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
(Кітап)
Үсті тас,асты тас,Ортасында піскен ас.(нан)
Білімнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.(мектеп)
Уақытты өлшеп, санап,Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…(сағат)
Үш көзді батырЖолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)
Сырты жасыл қаттыІші қызыл тәтті.(қарбыз)
Жұмбақтың шешуі Орысша Ағылшынша
Кітап Книга Book
Бағдаршам Светофор Traffic light
Мектеп Школа School
Нан Хлеб Bread
Сағат Часы Clock
Қарбыз арбуз Watermelon
4-аялдама «Пирамида»
Тиісті қосымшаны қойып көшіріп жаз.
Пирамида —  бейбітшілік пен келісім сарай…. Оны салған көрнек… британ… сәулет… Норман Фостер.  Пирамида… табанында опера зал… бар. Жоғары бөлігінде ғимарат… негізгі бөлме… бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселер…, мұражайлар, көрме залдар… орналасқан.
Осымен біздің саяхатымыз да аяқталды.
Кәне бірге бәріміз,
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен,
Сыныпқа кеп қонамыз.
Сабақты бекіту
«Өз орныңды тап» ойыны.
Түбір, жұрнақ, жалғаудың шартты белгісі бойынша оқушылар сөздерді сахналап көрсетеді. Ол үшін бізге 1 топтан 3 оқушы қажет. 1 оқушы түбір, 2 оқушы жұрнақ, 3 оқушы жалғау болады.Сөздер: Мүсіншілер, сауыншының, етікшіден, кітап, саяхатқа, саяхатшыларға, оқушылар, оқушы, оқу, жылқышылар, ағаштар.
ІҮ. Қорытынды.
«Бағдаршам» әдісі арқылы.
Мысалы:
•      Қызыл түс – түсінген жоқпын; (Сол қолын көтереді)
•      Сары түс – түсінген тәріздімен/сұрақтар бар;(Оң қолын
көтереді)
•      Жасыл түс – барлығы  түсінікті (Шапалақтау)
Ү. Бағалау.
Бағалау парағына қарап оқушыларды мадақтау, бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 305,306-жаттығу,109 бет