Ашы? саба? Бай баласы


Табетова Алмагүл Мұхамбедярқызы
С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан » республикалық мектебі



Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұландарға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінің тақырыбын ашу, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту .
Дамытушылық: Әңгімені оқу арқылы ауызша сөйлеуді дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз пікірін қорғайды, өзгенің пікіріне құрметпен қарайды. Оқушылар адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты меңгеру.Сыни тұрғысынан ойлау техналогиясы
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар
Үй тапсырмасын тексеру
Сәлемдесу;
Сұрақ-жауап:Төмендегі сызба арқылы ассасациялау;
73469565405

«Деректер сөйлейді» тапсырмасы .Кестені толтыр.Ыбырай Алтынсарин осы жылдары қандай игі істермен шұғылданған.( Слайдтағы  жылдар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)«Миға шабуыл» жасап өткенді еске түсіру.
1841 1850 1857 1860 1876 1879 1889
1841 жылы Ы. Алтынсарин Қостанай обылысында дүниеге келеді.Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болады.1850 жылы атасы Балқожа бес жасар Ыбырайды орыс –қазақ мектебіне береді.1857 жылы ол сол мектепті жақсы бітіріп шығады. 1860 жылы Торғай мектебін ашып, сонда өзі сұранып мұғалім болып барады.1876 «Қазақ хрестоматиясын»жазуға кіріскен жылы. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» басылған жыл.1889 ауыр науқастан қайтыс болады.
Жаңа білімді меңгеру
Біз өткен сабағымызда балалар әдебиетінің атасы атанған Ы Алтынсариннің баларарға арнап айтып кетке өлең жолдарымен бастағым келеді.
Бір аллаға сыйынып
Кел балалар оқылық,
Оқығанда көңілге ықыласпен тоқылық.
Ы.Алтынсарин балалар әдебиетінің өркендеуіне көп үлес қосты.
Ол қазақ әдебиетін өзінің өлеңдерімен және әңгімелерімен байытты. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады: Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады.
Жаңа сабақ:
«Бай баласы мен жарлы баласы»
I –тапсырма;
Жаңа сөздермен танысу;
Тапсырма; Сөздерді дұрыс оқы, сөздердің синонимдік, омонимдік және антонимдік қатарын тап. Сөз тіркесін және сөйлемдер құрастыру.
Бай баласы, жарлы баласы, құрдас, жылай бастады, көшкен ауыл, егнәрсе өнбес, көзі сыңған ине, қыл, сүрлеу екі айрылады,қарным ашты, үйрек, тұзақ, ұясына келіп қонды,ұша алмай қалды, тірідей байлап, мақта тұтанды, қу тал жинау, қорқа бастады,шынтағын сүйеніп,сортаң, нақ бесін, далалы жердің бөрісі, ауылдың жан біткені, сүйінші.
Сөздер: Синоимдер Омонимдер Сөз тіркестері: Сөйлем
Бай
Көзі сыңған ине Құрдас

Жарлы
Ауыл
Құрдас
Үйрек
Бөрі Қуанды
Жан біткені Дала
Тұтанды Сүйінші II тапсырма; Мәтінмен жұмыс;
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә) Жоспар құрастыру арқылы ауызша әңгімелеу.
б) Бір-біріне сұрақтар қою.
III тапсырма; «Қарама - қарсы элементтер» стратегиясы
Әңгімедегі Асан мен Үсеннің ауылды іздеудегі жақсы оқиғалармен жаман оқиғаларды жазу арқылы кестені толтыр.
Жақсы оқиғалар Жаман оқиғалар


Бекіту сұрақтары:
Балалар неліктен көшкен ауылдан қалып қойды?
Үсен көштің жолын қалай тапты?
Үсен үйректі қалай ұстады?
Балалар тамақты қалай пісіріп жеді?
Үсен түн бойы отты не үшін жағып отырды?
Балалар ауылды қалай тапты?
Әкесінің айтқандары Үсенге қандай көмегі болды?
Әңгімеде Үсен қандай мінездермен көрінді?
Ал Асанда қандай бала деп ойлайсыңдар?
1,тапсырма;Төмендегі шеңбер арқылы екі балаға қандай мінездеме беру.
Шеберлікке машықтандыруЖазбаша жұмыс.IV тапсырма;
Мәтіндегі сөйлемдерді қажетті сөз тіркесін тиісті орынға қой.
Бір күні ел көшкенде,қыр басында ойнап жүріп, екуі көштен ---------- ---------------
Асан айқай салып --------------- -----------------.
Асанды ертіп көшкен ауылдың ----------- ---------------,
Үсен үндемей келе жатса,екуінің алдына ----------- ұшып қонды.
Үйрек, Жылай бастады, орнына барды, қалып қойыпты,
V тапсырма; Ыбырай атаға хат.:Бізге осындай керемет қызықты әңгімелерді қалдырған Ыбырай атамызға ,қалай алғыс айтуға болады
Қазақ даласына мектеп ашқан балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин атамызға .
VI тапсырма; Пікірлесу;
Сендер сондай жағдайға тап болсаңдар не істер едңдер.
Жеке-жеке оқиға желісі бойынша пікірлесу.
Ұландар сендер өз ауылдарыңа барғанда қандай сезімде боласыңдар?
Сабақтың соңында жаңа сабақта жауап берген ұландарды бағалау;
Ауылым өлеңін тыңдау;
Назарларыңызға көп рахмет!
Үйге тапсырмаБай баласы мен жарлы баласы ауызша әңгімелеу.43-46 бет.