Ба?дарлама та?ырыбы: Б?йымды ?лшемсіз дайындау Саба?ты? та?ырыбы: Алжап?ышты? жо?ар?ы ?иы?ын ??деу


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№19 сабақ
Бағдарлама тақырыбы: Бұйымды өлшемсіз дайындау
Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты өңдеу. Жоғарғы қиығын өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алжапқыштың жоғарғы қиығын өңдеуді практикада тігіп үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып, технологиялық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Техникалық шартын жаз»
Аспабауын өңдеу
Операция атауы Тех/қ шарты
Көктеу Аспабаудың оң беттестіріп, 0,9-см
Сырып тігу 1,0 см
КЖС Әр 10см сайын
Баса үтіктеу Тігісті үтіктейтін мата арқылы
Оң айналдыру, шеттік шығару Қиғаш тігіспен, қиық шетіне 0,2см жетпей
Безендіргіш тігіс беру Аспабау жиектерне 0,1-см
КЖС Әр 10см сайын
Баса үтіктеу Тауарлық түр беру

Белдігін өңдеу:
Операция атауы Техникалық шарты
Айналдыра көктеу Оң жақтарын беттестіріп 0,4-0,6 0,5-0,7
Жөрмеп тігу Көктеу жібін суыру Әр 10-см сайын
Жұқарту Тігіске 0,2-см жеткізбей
Оң айналдыру Шеттік шығару Қиғаш тігіспен
Безендіргіш тігіс беру 1-см 3-4 инешаншым
Т.Е 0,1-см
Көктеу жібін суыру Әр 10-см сайын
Баса үтіктеу Белдікке тауарлық түр беру
Бастыра тігу Алшапқыштың бел қиығына
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Алжапқышты өңдеу. Жоғарғы қиығын өңдеу»
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау:
Қатырмалау: теріс жағынан, қатырма ені-3 см

Торлау: оң жағынан Т.Е 0,5 см

Аспабауды бекіту. Жоғарғы қиығана қиық шетінен 1,0см жылжыта

Кездесетін ақауларға көңіл аудару
Қатырмалағанда
Торлағанда
Аспабауды бекіткенде тігіс жиелігін ескеру
Тақырып бойынша білімдерін бекіту: «Операция атауын жаз»

Қауіпсіздік ережелерді қайталау
IV. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;
Жеке нұсқау.
V. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, алжапқыштың жоғары қиығын өңдеуді практикада тігіп үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау