Ана тілі п?нінен Буын.Т?зім та?ырыбында?ы саба? жоспары. (1 класс)


19.02.15 жТақырыбы: Буын. Төзім.Сабақтың мақсаты:1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру буынға бөлінуі жайлы түсіндіру, орындау.2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Мәтінді оқу арқылы баланың бойына жақсы мінез - құлық қалыптастыру.3. Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: жаппай түсіндіру, сұрақ - жауап арқылы жаттығу, буындармен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, дидактикалық материалдар.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіҮлкенге де сіз,Кішіге де сізҮлкендерді құрметтеп,Бас иеміз біз.ІІ Үй тапсырмасын сұрау.1. 61 - жаттығу.2. «Тымақ» мәтінін түсініп оқу. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.Жаңа тақырыппен жұмыс.1. Ой қозғау.- Ал, балалар, қазір әріпті жұмбақты тыңдайық, оның шешуін табайық. Табада барТанада жоқ,Сабада барСанада жоқ. (Б)Дабылда жоқДауылда бар,Далада жоқАуылда бар. (У)Қылда барЖүнде жоқ,Жылда барКүнде жоқ. (Ы)Нарда барҚарда жоқ,Нанда барМайда жоқ. (Н)Буын ұғымына мағлұмат беру2. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
62-жаттығу
Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.
Айна, арман, пияз
Арлы, ұстаз, жиен
Ойлы, ұрпақ, тұяқ3. Сергіту сәті
4. Ойын: «Адасқан буынды тап»әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрайды.5. Суретпен жұмыс.Суретте көрсетілген заттардың атын жазу. Буынға бөлу.6. ТөзімСурет бойынша әңгімелеу.7. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.Өзімшілдік, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақ - тық жат қылықтардан алшақ болу.Балаларға ой тастау!Жалқаулық, еріншектік, менмендік адамның өз соры екендігін, қашан маңдайы таяқ болып тиетінін саналы түрде ұғындыру.8. Тақтамен жұмыс. 63 - жаттығу.А) Аяулым ертегіні көңіл қойып тыңдамады.Мен ойлаймын: Аяулым төзімі жоқ қызӘ) Гүлдана бар ықыласымен әжесінің айтқан ертегісін тыңдады.Мен ойлаймын – ол өте төзімді, инабатты қыз.Б) Гүлдана әжесінің ертегісін бар ықыласымен тыңдап отырғандықтан, ол ертегіні жалғастыра алды.В) Аяулымға ынта, ықылас және төзімділік қажет.Қане, буын дегеніміз не?Сабақты қорытындылау..Сұрақ - жауап алу.Бағалау.Үйге тапсырма: Төзім мәтінін оқу.64-жаттығу