Сурет саба?ынан саба? жоспары Графика т?сілімен Жайлау та?ырыбына сурет салу (6 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Графика тәсілімен «Жайлау» тақырыбына сурет салу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беру
Дамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: мұғалім үшін: күйтабақ, суреттер. Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т.б
Сабақтың пән – аралық байланысы: дүниетану, ән
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар. Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор. Графика тәсілімен сурет салу үшін «Жайлау» тақырыбымызға көшейік. Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді.Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Жайлау — қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Ата-бабамыз ертеде жаз жайлауда, қыс қыстаққа көшіп отырған. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі түнық, салқын ауалы. жусаны мен қырмызы, қызғалдағы, сағап ұшқан қарлығашы бізді өзіне баурап алады. Жайлауда атамыз бен апамыз, сонымен қатар біздерді нелер қарсы алады? төрт түлік деп нелерді айтамыз. Әрине, сиыр, жылқы, қой, түйені айтамыз. . Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Төрт түлікке арналған өлеңдер білеміз? Ал, оқушылар бәріміз бірге «Қошақаным» әнін орындайық. Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады. 1.Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка) 2.Тепе теңдік 3.Жарық пен көлеңке 4.Аяқталған жұмыс Сарамандық жұмыс: Енді, балалар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Күйтабақта А.Енсеповтың күйлері орындалады, оқушылар сазды әуен ырғағымен Жайлау көрінісін графика әдісімен орындайды, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды. Сабақта оқушыларға «тест» сұрақтары да беріледі. Сабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында. Тест сұрақтарының жауаптары мен тақырыпты дұрыс салғандарын сараптай отырып, оқушыларды бағалаймын. Үйге тапсырма: Графика әдісімен «Үй құстарын» бейнелеу.