?дебиеттік о?у п?нінен Ы. Алтынсарин. ?зен та?ырыбына саба? жоспары


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ы. Алтынсарин. ӨзенМақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділігі: Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.Дамытушылығы: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат – ананы қорғап, аялауға тәрбиелеу.Түрі: аралас сабақ.Типі: Жаңа білімді меңгерту.Әдісі: СТО, сұрақ – жауап, топтастыру.Көрнекілігі: электронды оқулық, өзен, көлдің суреттері, карта, сызбалар, интербелсенді тақта.
Психологиялық ахуал Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе – мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай қаламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан – жағым.Міне, осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.ІІ. Өткен тарауды қайталауға арналған тапсырмаларды орындай отырып, сөзжұмбақты шешу.• Абай атамыздың «Жан – жануар, адамзат анталаса, ата – анадай елжіреп күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі суреттелген?• «Көктем сәні – жасыл желек» деген қай жануардың сөзі?• «Жаңбыр» өлеңінің авторы кім?• Ит «Көктем сәні» неде деді?• Олжас Сүлейменовтың өлеңінде кімдер жайлы айтылған?• «Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» - деген жолдарда қандай мейрам туралы айтылған?• Көктемгі тіршілікте малдар қайтеді?• Осы сұрақтарға жауап берсек, бүгінгі тараудың тақырыбы ашылады.ТАБИҒАТІІІ. Жаңа сабақБүгін біз «Табиғат – менің өз үйім» атты бөлімді бастаймыз.(Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау)Сыныптағы оқушыларды ІІІ топқа «Әдебиетшілер», «Географтар», «Экологтар» деп бөліп алу.1. «Әдебиетшілер», «Өзен» өлеңінің авторы жайлы не айтар едіңіздер?Топтастыру стратегиясы2. Енді өзен туралы географиялық саласы бойынша «Географтар» түсіндіріп береді.1 - оқушы: Өзеннің анықтамасы мен бөліктерін (бастауы, саласы, сағасы) таныстырады.Электронды оқулықтан «Өзен» бейнесін талдау.2 – оқушы: Қазақстанның өзендерін картадан көрсетеді.3. Енді сөз кезегін «Экологтарға» берейін.1 – оқушы: өзеннің пайдасы туралы айтып береді.2 – оқушы: өзенді қорғау туралы айтады.V. Оқулықпен жұмыс.1. Іштей оқыту.2. Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс)3. Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту, талдау, идеясын ашу.4. Оқушыларға мәнерлеп оқыту (күй ырғағымен)Сергіту сәті.Судан неге сасасың?Судан неге қашасың?Сергітетін денеңді,Сап – салқын су жасасын!Шығармашылық тапсырма(Дәптермен жұмыс)1 – топ. Қазақстандағы өзендердің аттарын жаз.2 – топ. Табиғат туралы мақал – мәтелдер жаз.3 – топ. Суға байланысты тыйым сөздер жазу.VІ. Жаңа сабақты бекіту.«Балық аулау» ойыны арқылы бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін тиянақтау, сұрақтарға жауап беру.• «Өзен» өлеңінің авторы кім?• «Қынарда» сөзінің мағынасы.• Таулардан сарқырап не ағады?• Өзен су күшінен не өндіріледі?
Қызығушылықты ояту Сергіту сәті Ой толғаныс Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады