Ы.Алтынсарин «?зен» ?ле?і (5-сынып)


Күні: Сыныбы: 5 «ә» Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңіСабақтың мақсаты:
Білімділік: Өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру,оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, сусын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: өзен, көлдің суреттері, сызбалар, кеспе қағаздар, АКТ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм» әдісі

1-топ.Зертте: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы қандай?
2-топ. Суретте: Әңгімеде Антон бейнесі қалай бейнеленген?
3-топ. Салыстыр: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін «Әке мен бала» әңгімесімен салыстыру.
4-топ. Қолдан: Қайыршы Антонға бейаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
IІІ. Жаңа сабақ
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым. Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады. Өз кезегінде табиғатқа да көмегін тигізіп отырады. Ағаштар отырғызып, орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып, жан - жануар, құстарға қамқорлық көрсетеді.(Экологиялық тәрбие беру.) Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысатын боламыз.(Тақтаға жазу)Суретпен жұмыс.--- Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген? (Экологиялық тәрбие беру)(Оқушылардың жауабы)

--- Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. Өзен жағасында маржан тастар бейнеленген.--- Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?--- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?IV.Шығармашылық тапсырма а) «Табиғат және адам» тақырыбында не айта аламыз? (Ауызша әңгіме құрастыру)ә) Концепцуальды карта (Оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамыту)б) Өлеңді мәнерлеп оқу (Мәнерлеп оқуға үйрету)- Бұл қандай шығарма?- Поэзиялық шығарма.- Шығарманың өзге қандай түрлерін білеміз?- Проза, драма, роман т. бв) Сөздік жұмысы ( Сөздік қорын байыту) Қынарда - жағасында Жанабында – маңайында Алуан - алуан – әр түрлі
V. Өлеңді сатылай кешенді талдау
4034790289560Авторы: Ыбырай Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-педагог, ұлы ұстаз
Тақырыбы- өзеннің сұлулығын суреттеу.
Жанр түрі- поэзия (өлең)
Идеясы- табиғатты қорғау
Шумақ саны-4 шумақты
Тармақ саны-18 тармақты
Бунақ саны- 2-3 бунақты
Буын саны- 11 буынды өлең
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған.
Әдеби-теориялық ұғымдар- эпитет, теңеу
Түсіндірме сөздік: Өксіген- шөлдеген мақсатында,
Қынарда-жағасында, маңында,
Жай- орын, қоныс
Жанабында-жанында, маңында
Тәрбиелік мәні- табиғатты аялай білуге үндейді.
VI. «Топтастыру» әдісі.

4872990609603672840-386715VII. «Суреттер сөйлейді»
1.    Гүл.  Ыбырай кім? Қайда дүниеге келген?
2.    Бұлт. «Кел,балалар оқылық» өлеңінен үзінді айт.
40347901136653.    Тау. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің
қысқаша мазмұнын айт.
4.    Өзен. Ы.Алтынсариннің шығармашылығына тоқтал
5.    Күн.  «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқы.
VIII. Сабақты бекіту:
Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?
Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестері жазылған?
Өлеңнің бірінші шумағында өзеннің және екінші шумағының соңғы екі жолында тоғайдың қандай сөздермен қалай суреттелгеніне назар аудар.
Өзің көрген, байқаған, шомылған өзенді, көлді өз сөзіңмен әңгімелеп айта біл.
Олардың адамның қандай игілігіне жарап жатқанын жазбаша жаз.
IX.Үйге тапсырма беру:
а) Өзен тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау. 
(сөзжұмбақ, ребус, сурет) ә) Өзен өлеңін жаттау.
X. Бағалау
Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою.