?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. Етістік ?аза? тілі


Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың етістік туралы ұғымын толықтыру. Сөйлем ішінен
етістікті тауып, оның баса сөзбен байланысын анықтауды, сұрақ қоюды үйрету.
Дамытушылығы: Сөз таптарын ажырата білуін, оқушылардың ойлау қабілетін, өз
бетінше жұмыс және ой қорыту машығын арттыру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер, таратпалы заттар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз.
Психологиялық танымдық:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті.
Мақсаты: Білім алу
Міндеті: еңбек ету. Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу.
Балалар сабағымызды жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.
Әрбір бала?Туысым, досым,жанашыр
Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу,іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің ? Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда білімімізді көрсетейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Бәрі де мүмкін» ойыны
1.Ғылым
2.Өнер
3.Спорт
4.Әртүрлі.
Ғ Ы Л Ы М
1-сұрақ: Қарама –қарсы сөздерін ата. Ережесін айт.
1.Шашы ұзын,ақылы қысқа
2.Ашу дұшпан, ақыл дос.
2-сұрақ:Болам десең ұста
Балғаны нық ұста./Ұста сөзінің мағынасы туралы не айтасың?/
3-сұрақ:Сөз табы деген не?
Ө Н Е Р
1.Әбілхан Қастеев кім?
2.Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?
3.Қазақтың ұлттық аспабы?
С П О Р Т
1.Қажымұқан Мұңайтпасов деген кім?
2.Спорт түрлерін ата.
ӘРТҮРЛІ
1.Зат есім дегеніміз не?
Түбір сөз дегеніміз не? Ережесін айт.
ІІІ Жаңа сабақ: «Сиқырлы сандар» ойыны
А Ә Б В Г
10 11 12 13 14
З И Й К Қ
20 21 22 23 24
Ө П Р С Т
30 31 32 33 34
Һ Ц Ч Ш Щ
40 41 42 43 44
Ю Я 50 51 Ғ Д Е Е Ж
15 16 17 18 19
Л М Н Ң О
25 26 27 28 29
У Ұ Ү Ф Х
35 36 37 38 39
Ъ Ы І Ь Э
45 46 47 48 49
Бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: Етістік
Біз кеше сыныпта суретке түстік. Сол суретті көрейік.
1-суретте оқушылар кітап оқып отырған сәттері бейнеленген.
Сұрақ: кітаптан не үйренесіңдер?
Сөйлем құраймыз. Мақал жаттаймыз.
Оқушылар не істеді?
Оқушылар кітап оқыды?
Мұғалім не істеді?
Сабақ түсіндірді.
2-суретте./Гүлге су құйған оқушы суреті бейнеленген./
Ақжарқын не істеді?
Гүлге су құйды.
3-суретте.
Оқушылар асханада не істеді?
Тамақ ішті.
Қимылды іс – әрекетті білдіріп тұрған сөзді тап.
Дина Нұрпейісова кұй тартты.
Қажымұқан күресті.
Айым секіргішпен секірді.
Бақтияр еңбек сабағында ермексазбен ою жасады.
Келтірілген мысалдарды қолдана отырып ереже шығару.
Е Р Е Ж Е : Заттың қимылын іс – әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістікке не істеді?, қайтті?, не қылды? деген сұрақтар қойылады.
Етістіктің түрлерімен таныстыру
Тұлғасына қарайҚұрамына қарай
Негізгі етістік - Туынды етістікДара етістік – Күрделі етістік
Іс әрекеттің жүзеге асу аспауына қарай
Болымды етістік – Болымсыз етістік
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу
1.Қанат кітап оқыды. Айзада ағасына хат жазды. Назеркенің апасы Астанада тұрады. Көкөніс сулы жерге жақсы өседі.
2-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы,етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.
Келді, ақты, өсті,гулесті.
Сергіту сәті: Летит по небу шар,
По небу шар летит.
Но знаю, я что этот шар,
Никуда не улетит.
3-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрсатырып жазу. /оқушы әңгімелері тыңдалып, етістіктердің асты сызылады.
«Адасқан етістік» ойыны
Не?Не істеді?
Мысықмөңіреді.
Итұшты.
Қарға сынды.
Сиырмияулады
Ұшақүрді.
Терезе қарқылдады.
Топшамамен жұмыс. «Сөздерден сөйлем құра»
Оқыды, кітап,балалар
Ержанға, ойыншық, әперді, апасы
Серуенге, шықты, балалар
Қызанақтар, бақшада, пісті, қызарып
Тамақ, пісірді, аспаз
Арман, барды, мектепке
Анасына, майра, көмектесті
Даладан, күшікті, әкелді, үйге, әдемі
Камила, еркеледі, әжесіне
«Сыңарын тап»
Сағат-шырылдады.
Компьютерде жазды
Гольф - ойнады
Ұшақ-ұшты
Жапырақ-түсті
Күшік-қарады
ІV. Қорытынды:
Венн диаграммасы:
Зат есімЕтістік
Кім?Не істеді?
Не?Қайтті?
Кімдер?Не қылды?
Нелер?
V Бағалау:
VІ Үй тапсырмасын беру
5-жаттығу Ереже жаттау.