Дене шыны?тыру саба?ы 6-сынып Спорт ойыны: Баскетбол


Тақырыбы: Спорт ойыны: Баскетбол
Сабақтың мақсаты: 1. Жекелеген элементтерді жетілдіру
2. Торға доп салу, жылдамдық қасиеттерін арттыру
3. Командалық шеберлікті арттыру
Сабақтың типі: Жарыс-сабақ
Құрал – жабдықтар: Баскетбол доптары, фишкалар, ысқырық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 мин.
1. Сапқа тұрғызу, мәләмдеме, Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Орында және қозғалыста дамыту жаттығулары.
3. Сынып 4-5 команда бөлініп лекке сапқа тұрғызылады (бойы аласа оқушылар алдына тұрғызылады).
1-кезең
Эстафета (8-9 мин)
Қарсы қабырғаға дейін допты ыршытып барып, қабырғаға тиғізіп қайта жүргізу ( допты келесі командалас ойыншының қолына береді)
Кедергілер арасымен жоп жүргізу ( допты келесі командалас ойыншының қолына береді)
Кедергілер арасымен доп жүргізе торға енгізу ( торға тастау)
2-кезең
Торға доп тастау ( 5-6 мин)
Командалық 10 ұпайға дейін .
Команда айып добын соғатын орыннан кезек-кезек торға доп тастайды, қай команда бірінші 10 ұпайға толтырса жеңімпаз атанады.
Қыз балалар орнынан, ұлдар секіре торға доп тастайды.
Жекелей доп тастау 2-мин. ( ең мерген ойыншы белгіленген жерден орнын ауыстыра доп тастайды).
3-кезең
Баскетбол – блиц (18-20 мин)
Командалар торға доп түсіргенше ойнайды . Доп жіберген команда ойыннан шығып келесі командаға ауыстырылады. 3-мин барысында ойын тең аяқталса онда командалар 0,5 ұпай алып келесі командаларға ауыстырылады.Жеңіске жеткен команда 1 ұпай иеленеді. Ойын соңынан жалпы ұпай саны бойынша жеңімпаз команда анықталады.
Қорытындылау:
Командалар сапқа тұрғызылып кезеңдер жіне жалпы жарыстар түрлері бойынша ұпайларын мәлімдеп иеленген орындары хабарлайды.