Ма?ала О?ушыларды? ауызекі с?йлеу тілін дамыту


Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу – қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі – әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалықтақырыптарды меңгеру – күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету- қиын да қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамыз. Әдістер: сұрақ-жауап, өз ойын айту, баяндау, сұхбат, монолог, аударма.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірілетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, топтастыру, т.б.стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.
Біз өз тәжірибемізде оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлеміз. Оқушы бірлесіп үйретуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмысістейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар байқалады:
оқушылар бір-біріне бірдей бағынышты, сыйластықта болды;
жауапкершіліктері артты;
топқа бөлінгенде оқушылардың ойлау мүмкіндіктері ескерілді;
барлық топ мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды;
топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалады;
оқушының , ең алдымен, есте ұстау қабілеті жоғартады;
терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды;
жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады;
бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді;
оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге мүмкіндіктерін беретін ортада өз пікірлерін, білімдерін, бар жігерін жеткізеді
Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймыз.
Диалог – екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әр түрлі ерекшеліктері болады:
-күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
- ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
- ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
- сөйлемдердің ықшамдалуы;
- сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
- ауызекі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.
Оқу бағдарламасында коммукативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:
-сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
- экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;
- айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойларын білдіру.
Диалог репликалардан құралады, оның бірі – сөйлеуге уаж жасайтыны , екіншісі – жауап ретіндегі реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімесушілер – бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлесуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресантты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйрады, келіседі, келіспейді, өтінеді, т.б.)
Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық, т.б. қаталар диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.
Күнделікті сабақта жаңа материалды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдатыруда оқығанды және тыңдағанды текскру үшін диалогті әдісті қолданамыз. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамыз. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.
Диалогтік әдісті қолдана отырып, оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамыз. Әр түрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамыз. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземіз.
Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орыны ерекше деп есептейміз.
Осы жағдаятты ұйымдастыру кезінде оқушылардың диалогтік тілдерінің даму деңгейі бағалау кезінде жақсы нәтижені көрсетті.
Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орыны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.
Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беріп отырамыз.
Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймыз.
Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.
Сонымен, қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік , дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау – біздің ұстаздық міндеттіміз.