Урок по математике на тему 1 — ден 5 — ке дейінгі сандар. Тура ж?не кері санау


1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
bibka 
10 қаңтар 2015
 
4214
 
0
0
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: ТанымҰйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруТақырыбы: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санауМақсаты: 5 - ке дейін санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру, 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау, сандарды тура және кері санауға үйрету.Қолданатын көрнекілік: сандар, зымыран суреті, шар, геометриялық пішіндер, (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш), үлестірмелі материалдарІс - әрекет кезеңдеріМотивациялық - қозғаушылықҰйымдастырушылық – ізденістікРефлексиялық - түзетушілікТәрбиешінің іс – әрекеті- Саламатсыздар ма, балалар!- Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!Біз әдепті баламызАлдыменен қонақпенАмандасып аламыз.Сәлем!- дейік үлкенгеЖылулық шеңбер.- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.- Балалар, мынау ненің суреті?- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын деп орнымызға отырайық- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - іс әрекеті.Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.- Бір жылда неше мезгіл бар?- Кәне, атап шығайықБұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.Ақ шарды көрсетуМына шардың түсі қандай?- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?- Қыста жер қандай боладыСары шарды көрсетуМына шардың түсі қандай?Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді.- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жасыл шарды көрсету.Мына шардың түсі қандай?Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді.- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.