1 класс Сауат ашу. Т дыбысы мен ?рпі



Мектебі: Қараой мектеп –бала бақшасы Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы
Сыныбы: 1Пәні: Сауат ашу Мұғалімі: Мухтарова Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға т әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру, т дыбысы бар сөздерді айтқызу, дыбыстық, буындық талдау жасатуды меңгерту
Тәрбиелілік:Таза, көркем жазуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, дидактикалық ойын, қызығушылығын ояту, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Тәрпі, тақырыптық суреттер, слайдтар
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
а) А дыбысын ауада жазу
ә) «Кім көп біледі?» А дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу
б) Өздері алып келген жаңа сөздермен сөйлем құрату
в) «Мен қай әріпті жоғалттым?» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ.а) Ал, қане, балалар, біз бүгін Т дыбысымен танысамыз. 3 рет дыбыстату және қандай дыбыс екеніне дыбыстату арқылы көңіл аударту.
ә) Суреттер арқылы оқушыларды сөйлету.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Түйе, тышқан, тиін
- Бұлар нелер?
-Жан-жануарлар
-Ал мыналар ше ?
-Торғай ,тоқылдақ, тауық
- Бұлардың ортақ атауы құстар.
- Бұл сөздердегі ең алғашқы әріпті атаңдаршы ?
- Т дыбысы
Т дыбысының жазылуымен таныстыру
- Ендеше, балалар, т дыбысының жазылуымен танысайық. Баспа түрі Т т. Жазба түрі Т т. Саусақпен ауада жазу.
ІҮ. Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріне үлгіні көрсету. Балалардың жазуларын бақылау.
Сергіту сәті.
Тырс-тырс, тырс-тырс!
Жаңбыр көп жауады,
Тамшылар тамады.
Тырс-тырс, тырс-тырс!
Терезе қағады,
Жылғалар ағады.
Тырс-тырс, тырс-тырс!
Жаңартып ауаны,
Жаңбыр көп жауады.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
а) Сөздерді буындап айтқызу. Та-рақ, та-ға, тор-сық,
ә) Бағандағы сөздерді мәнерлеп оқу
б) Таға, торсық сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Жұмбақтар жасыру.
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай-шу. (түлкі)
в) «Дастарқан басында» тақырыбында балаларға әңгімелету
г) «Кім зейінді?» ойыны.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Т дыбысымен.
Т дыбысын дұрыс дыбыстату.
Жаңылтпаш:
Тұз – мұздай
Мұз – тұздай
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бағандағы сөздерді оқып келу.
ҮІІІ. Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.