Математика п?нінен саба? жоспары ?осу ж?не азайту(1-сынып)


Пәні: Математика, 1-сынып 05.03.2015. Толегенова А

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сілтеме Жоспар,математика, «1 сынып» оқулығы
Жалпы мақсаттар Оқушылар өткен ұғымды қайталай отырып,білімдерін бекітеді. Оқушылардың білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, тапсырмаларды өз бетінше орындауға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Сыни тұрғыдан ойлай білуге дағдыландыру.
Түйінді идеялар Өз бетінше жұмыс жасау, қорытынды шығару.
Ақпарат көздері Математика оқулығы, «Атамұра баспасы-2012ж»
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І.Ұйымдастыру
Кезеңі
3 мин 1. «Шаттық шеңберін» құру.
«Тілегімді қағып ал» ойыны
2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Фигуралар бойынша топқа бөліну.
Оқушылар бір-біріне доп лақтыра отырып тілек айтады.
Топқа бөлінеді.Өз тобын тауып отырады.
ІІІ.Мақсат қою кезеңі.
1 мин Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
94-сабақ. Қайталау Оқушылар болжам жасайды.
ІІІ.Жаңа
білімді
игеру.
.
Білу.
«Ыстық орындық» тәсілі 3 мин
Түсіну:
№1 тапсырма 6 мин
* Есептің құрлымын қайталау.
*Есептің шартын оқыту.
*Сұрақ –жауап
-Есеп нелер туралы?
-Торғай, кептер қандай құстар?
*Таныстырылым «Құстар»
Оқушы+оқушы тәсілі.
*Сұрақ-жауап
-Есепте не белгілі?
-Есепте не белгісіз?
-Есеп нені тап дейді?
-Кептердің нешеу екенін табу үшін не істейміз?
*Тақтаға шешуін жаздыру.
Қолдану.
№2 тапсырма 3 мин
*Тапсырма шартын оқушыға оқыту.
* Қосынды компоненттерін қайталату.
* Қосынды жаздыру.
* «Телефон» ойыны
№3 тапсырма 3 мин
*Тізбекті аяқтау: 10-7+1-2+5
«Үндемес» ойыны

№4 тапсырма 5 мин
*Тапсырма шартын оқыту.
*Айырма компоненттерін қайталау.
* «Кім жылдам?» ойыны .
* Формативтік бағалау.«Саусақтар» тәсілі.
Сергіту сәті: Құстар үні 2 мин
Оқушылар көздерін жұмады, өздерін орманда жүргендей елестетеді. Құстардың үнін тыңдайды.
-Бүгінгі шығарған есепте қандай құстар туралы айттық?
- Осы құстардың суретіне назар салыңдаршы. Олардың тұмсығы қандай фигураға ұқсайды? т.б.
-Біз тағы қандай фигураларды білеміз?
Талдау. 10 мин
*Постермен жұмыс:
Гометриялық фигуралар
*Математикалық диктант : фигураларды сипаттап айтып, оқушыларға сыздыру.
Жинақтау. 3 мин
Семантикалық карта
«Көліктер» ойын

Оқушылар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.
*Оқушы шартын оқиды.
*Оқушы жауабы.
*Нұрсұлтан мен Анияр өздері дайындаған құстар туралы ақпаратпен бөліседі.
*Оқушы жауабы.
*Бір оқушы шешуін жазады.
Қалған оқушылар №2 дәптерге жазып отырады.
*Бір оқушы оқиды.
* Әр топтан бір оқушы атап шығады.
* Өз бетінше қосынды жазады.
* Ойын ойнай отырып бір-бірінің жұмысын тексереді.
*Оқушылар алдарындағы планшетке өз жауаптарын жазып көрсетеді.
*Оқушы оқиды.
*Әр топтан бір оқушы жауап береді.
*Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, айырма жазады.
Оқушылар тақтада жазылған жұмысты бағалайды.
*Оқушы жауабы.
*Мамандық иелеріне геометриялық фигуралар қажет екенін дәлелдейді.
Аспазшы, ағаш шебері, құрлысшы, тігінші.
*Планшетке фигура сызады.
1-сынып оқушылары үшін семантикалық картаны өзгертіп жасау керек. Көліктердің бейнесін салу, өрнектерді жазу. Оқушылар оларды бір-бірімен сәйкестендіреді.
Ү. Рефлексия Біз не үйрендік? 3 мин Өз ойын стикерге жазады.
ҮІ.Бағалау. Топта өзара формативті бағалату
Келесі оқылым № 1 (2) , 139- бет. Топтар арасында бағалау.