Есеп (неше жас ?лкен) 1-сынып


Сабақтың тақырыбы: Есеп (неше жас үлкен?) (131 бет.)
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға есептерді салыстыра білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есептеу машығын арттыру, ой-өрісін дамыту.Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта ,дидактикалық материалдар,
Оқыту әдісі: түсіндіру,жаңа технология элементтерін қолдану
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І.Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқушыларды екі топқа бөлу «Алғырлар», «Тапқырлар»1. Онға дейін тура сана :1;2;3;4;5;6;7;8;9;10
2. Онға дейін кері сана:10;9;8;7;6;5;4;3;2;1
ІІІ. Жаңа сабақ: (оқулықпен жұмыс)
Түсіндіру:
Ағасы-10 жаста? ж. үлкен Қарындасы-4 жастаҚарындасы -4 жаста , Ағасы-?ж. 6 жас үлкен
10-4=6 6+4=10
Жауабы:6 жас үлкен..Жауабы: 10 жас.
Слайд №1
«Алғырлар»
Дариға 10 алма сатып алды.Сіңлісі 3 алма сатып алды.Дариға сіңлісінен неше алма артық сатып алды?
Дариға-10 алма ? артықСіңлісі-3 алма
Шешуі:10-3=7Жауабы: 7 алма артық алды.
«Тапқырлар»
Сіңлісі 3 алма сатып алды.Ал Дариға одан 7 алма артық сатып алды.Дариға қанша алма сатып алды?
Шешуі:3+7=10
Жауабы:Дариға 10 алма сатып алды.
Слайд №2 (оқушыларға тақтаға орындату)
Мәні 5-ке тең болатын қосындыларды жаз:
0+5=5 1+4=5 2+3=5 4+1=5
Сергіту сәті:Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ.
Слайд №3 (өз бетімен жұмыс)
Ұзындығы 4 см-ден артық,бірақ 8 см-ден кем кесінділер сыз.Неше кесінді сыздың?
Жауабы:5см,6см,7см
Слайд№4
Үйге тапсырма №4 131 бет4+4=9-1 8-3< 7+2 4-3>3-3 10-5<4+3 9+1=6+4 5+2=7-0Слайд №5 «Миға шабуыл» (шығармашылық тапсырма)
Себетте 4 алма бар.Оны 4 досыңа бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөліп бер.
Балаларды бағалау. Сабақты аяқтау.