Ауданды ?лшеу.Квадрат дециметр.Квадрат метр (3 класс)


Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Абажанова Өміргүл Құттыбайқызы
Пәні:математика
Сыныбы:3 «Ә»
Оқушы саны:27
Сабақтың тақырыбы:Ауданды өлшеу.Квадрат дециметр.Квадрат метр.
Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табуды түсіндіру.Ауданның өлшем бірліктері квадрат дециметр және квадрат метр туралы түсінік беру.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, балаларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауын дамыту.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ой еңбегіне тәрбиелеу;
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Дамыта оқыту,СТО технологиясы,ҮӘЖ технологиясыСабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдістері: Блум таксаномиясы,Т кестесі,миға шабуыл,Кім тапқыр,математикалық эстафета,ғажайып дөңгелек, әдістері
Сабақтың формасы: Жеке, топ,ұжым
Сабақтың көрнекілігі: АКТ құралдары,оқулық, дидактикалық материалдар,карточкалар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі 1)Сабаққа даярлығын тексеру,сәлемдесу:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен Біз!
2)Психологиялық дайындық.
Қолымда бар он саусақБес саусағым қолдағыБес жұлдыздың тармағыТалап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қойБалалардың бес ісі.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше ашық сабақ болғалы отыр. Қызықты тапсырмалар орындаймыз.
ІІ. Өткен материалдар бойынша оқушы білімін тексеру кезеңі І.Қызығушылықты ояту
1)Блум таксаномиясы(жіңішке сұрақтар)
Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе иә, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.
Мына төмендегі сұрақтарға қарап , егер дұрыс болса «иә»деп, дұрыс болмаса «жоқ» деп жауап береді.
1) Сантиметрмен өрнекте:
1м110=20см
2) Бүтінді тап:
14-і 30см=120см
3)а=9cм
S=81см2
4) а=7cм
Р=14см
5)(58-58)•6=6
6)2сағ=60мин
7)700см=70дм
8)а=4cм в=1см
Р=8см S=41см2
9)270см=2м 7дм
10)6ц=6кг
2) «Ғажайып дөңгелек» ойыны
Көбейту кестесін қайталауға арналған жаттығулар беріледі.
3) «Эстафета» ойыны
Өтілген сабақты қорытындылау.Әр қатарға карточка таратылып беріледі.Қай қатар бірінші болса, сол жеңімпаз қатар болады.
а в Р=? S=?
5см 3см 6см 9см 5см 7см 4см 6см 5см 8см 9см 3см 7см 2см 5см ІІІ. Мақсат қою кезеңі Ауданның өлшем бірліктері квадрат дециметр және квадрат метр туралы түсінік беру.
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру 1)Миға шабуыл стратегиясы– бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы мұғалім қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады.
Осы стратегияны пайдалана отырып, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын есептеп табамыз.
Оқулықпен жұмыс
№1. 4см

2см
а)Ш:а=4смШ:S=а•в
в=2смS=4см•2см=8см2
S=? Ж:S=8см2
ә)Ш:а=3см Ш:S=а•а
S=3см•3см=9см2
S=? Ж:S=9см2
Есіңе сақта!Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығын еніне немесе керісінше енін ұзындығына көбейту керек.

№2.
а в Р=? S=?
5см 2см 4см №3.Өрнек түрінде жаз.
Хсм+3см+2см 4см+5см+2см хсм+5см•2
4)Т кестесі стратегиясы
Мақсаты: таныс, таныс емес тапсырманы ажыратып,салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Мына төмендегі мысалдардың ішінен өздеріне таныс және таныс емес мысалды тауып топтап, салыстырады.
8см•5см=40cм2 7м•4м=28м2 9дм•6дм=54дм2 7см•7см=49cм2
6м•6м=36м2 5дм•5дм=25дм2 9м•9м=81м2
Таныс мысал: 8см•5см=40cм2 7см•7см=49cм2
Салыстыру: Өткен сабақта тік төртбұрыш пен шаршының өлшем бірлігі сантиметрмен берілген,ал бүгінгі сабақта метрмен,дециметрмен берілген.Олай болса,бүгінгі сабағымызда өлшем бірлігі метрмен,дециметрмен берілген тік төртбұрыш пен шаршының ауданын есептеп табамыз.
Таныс емес: 7м•4м=28м2 9дм•6дм=54дм2
6м•6м=36м2 5дм•5дм=25дм2 9м•9м=81м2
Практикалық сабақ.(Қабырғасы 1дм және 1м болатын шаршыны қағаздан қиып көрсетіп, оқушының көзін жеткізу.)

S=1дм•1дм=1дм210см•10см=100см2
1дм


S=1м•1м=1м2
1м 1м2=10дм•10дм=100дм2
-Ауданы 1м2болатын шаршыға ауданы 1дм2болатын неше шаршы сияды?
1м2:1дм2=100дм2: 1дм2=100(шаршы)
-100 шаршы сияды.
5.Алған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
Сұрақ-жауап(ауызша):
1)Шаршының бір қабырғасы 8см болса, ауданы неге тең? (64см2)
2)Шаршының бір қабырғасы 7м болса, ауданы неге тең? (49м2)
3)Шаршының бір қабырғасы 5дм болса, ауданы неге тең? (25дм2)
4)Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені 5см болса ауданы неге тең? (45см2)
5)Тік төртбұрыштың ұзындығы 8дм, ені 4дм болса ауданы неге тең? (32дм2)
6.Келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Үйдің қабырғасына жапсырма қағаз сатып алуда,еденге сыр жағуда,еденге линолеум төсеуге,ағаштан еден салуда,үй салуда ауданды табу өте қажет.
Ү. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
ІІ.Мағынаны тану.
2)Дәптермен жұмыс.
№8а)Дәптерге сыз:

S=1дм •1дм=1дм2=100см2
1дм 10см •10см=100см2
б)Тік төртбұрыш пішіндес терезенің ұзындығы 10дм, ал ені 7дм. Терезенің ауданы неге тең?
S=10дм •7дм=70дм2
В)Тік төртбұрыш пішіндес бөлменің ұзындығы 20м, ал ені 9м. Бөлменің ауданы қандай?
S=20м •9м=180м2
2)Бос торкөзді толтыр:
64дм2= • 49м2= • 16см2= •
80дм2= •56м2= • 45см2= •
3)«Білімдар» әдісі
Алдымен «білгір»анықталады.Ол тақта жанында тұрады. Есеп мәтіні бойынша балаларға сұрақ қояды.Жеңімпаз оқушы дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
№4.Есепті шығар.
а)Ертіс-Қарағанды каналының беткі ені 40м, ал табанының ені одан 10 есе кем. Тереңдігі табанының енінен 1м артық. каналдың тереңдігі неше метр?
Аяжан:-есеп нелер жайында?
Елдос:-каналдың беткі ені
-табанының ені,
-тереңдігі жайында
Аяжан:-каналдың беткі ені неше метр?
Елдос:-40м
Аяжан:-Белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-Белгілі
Аяжан:-табанының ені ше?
Елдос:-беткі енінен 10 есе кем
Аяжан:-белгілі ме,әлде белгісіз бе?
Елдос:-белгісіз
Аяжан:-тереңдігі ше?
Елдос:-табанының енінен 1м артық
Аяжан:-белгілі ме, белгісіз бе?
Елдос:-белгісіз
Аяжан:-нені табу керек?
Елдос:-тереңдігін
Аяжан:-Оны табу үшін не істейміз?
Елдос:-беткі енін 10 есе кемітсең, табанының ені шығады.Оны 1м арттырсақ каналдың тереңдігі шығады.
Т кестесі стратегиясы
Мысал 3 нұсқада шығарылып,интерактивті тақтадан көрсетіледі.Балалар дұрыс нұсқасын табады.
Мұғалім тексеріп, неше оқушы дұрыс жауап бергенін жариялайды.(Дұрыс деген балалар «А», «Ә», «Б» нұсқаларының бірін көтереміз.)
І нұсқа (А)
Ш:
каналдың беткі ені-40м
табанының ені-? 10есе кем
Тереңдігі-?1м артық
Ш:40м:10-1м=3м
Ж:тереңдігі -3м
ІІ нұсқа (Ә)
Ш:
каналдың беткі ені-40м
табанының ені-? 10есе кем
Тереңдігі-?1м артық
Ш:40м:10+1м=5м
Ж:тереңдігі -5м
ІІІ нұсқа (Б)
Ш:
каналдың беткі ені-40м
табанының ені-? 10есе кем
Тереңдігі-?1м артық
Ш:40м:10=4м
Ж:табанының ені-4м
4)
Мұғалім:
-Балалар, біреу қарды ғырт-ғырт басып бізге келе жатқан секілді.
Ол кім болды екен?
-Ой,керемет!Аққала екен ғой!
Аққала:
Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің де сендер сияқты есеп шығарғым келеді.
Ой, сыныптарың тым ыстық екен.Мен еріп бара жатырмын, көмектесіңдерші!
-Балалар,көмектесеміз бе?
-Иә!
(Оқулықтағы №5 мысалды орындайды.)
№5.мысалды орындап, «Аққалаға» көмектеседі.
(15+35):5=10(161-152)•3=279•5-7•3=24
(29-14):5=3(200-193)•4=288•5-18:2=31
Аққала:
-Рақмет,балалар! Сендер көп біледі екенсіңдер.Көп нәрсе үйрендім.Сау болыңдар балалар!
Мұғалім:
-Балалар бізге тағы да кім қонаққа келді деп ойлайсыңдар?
-Балапан телеарнасынан келген.
-Кім болды екен?
-Микки Маус!
-Ол да бізге есеп әкеліпті.
-Есепті тез шешсек тышқандар биін билейміз!
Микки Маустың тапсырмасы:
№7.
0+5 5+0 0•5 5•0 0:5 5-0
«Кім тапқыр?» ойыны
Сағат әр тәулік ішінде 10 мин озып кетеді.Түзетіп қойғаннан кейін ол неше тәуліктен соң дәл уақытты көрсетіп өтеді?
Жауабы:Түзеткен кезде ғана дәл уақытты көрсетеді.
6)Сергіту сәті
(Микки Маус тышқандар биін көрсетеді.)
-Кәне, балалар Микки Мауспен бірге сергіп алайық!
ҮІ. Сабақты бекіту.
ІІІ. Ой тоғаныс
1) Математикалық эстафета:
Оқушыларға мысал карточкаға жазып таратылады.Ауданын тауып дұрыс шығарса, сол жеңімпаз болады.
а в S=?
9м 3м 9дм 8см 5см 7дм 4дм 6м
2) «Кім көп біледі?» ойыны.Сол бала «Озық ойлы бала» атанады?
-Боялған фигураның ауданын қалай табасың?






S=8м•6м=48м2S=3м•2м=6м2 S=48м2-6м2=42м2
-Мына екі тік төртбұрыштан құралған фигураның ауданын қалай табасың?
S=?

4м3м

S=7м•4м=28м2S=3м•2м=6м2 S=28м2+6м2=34м2
-Мына бір тік төртбұрыштан және бір үшбұрыштан құралған фигураның ауданын қалай табасың?
8см
S=?

3см
4см
S=8см•3см=24см2 S=4см•3см:2=6см2 S=24см2+6см2=30см2
-Қабырғаға арналған жапсырма қағаздың 1орамасының ұзындығы 10м, ал ені 1м болады.
10м1м
10м


S=10м•3м=30м2 S=1м•10м=10м2 S=30м2:10м2=3(ор.)
-Осындай қабырғаға неше орама қағаз керек?
-3-еуі керек.
ҮІІ. Үйге тапсырма 95-бет №6
ҮІІІ. Оқушы білімін бағалау Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтап,жауап беру барысында жинаған гүлдерін санап,бағалау