Ауданды ?лшеу. Квадрат дециметр. Квадрат метр (м2). 3-класс


Пәні: Математика Класы:3 Күні:26.11.2015ж Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр. Квадрат метр (м2).
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік:Тік төртбұрыш пен шаршының ауданы мен периметрін есептеу тәсілдерін бекіту.Оқушыларды ауданның жаңа өлшем бірліктері квадрат дециметрмен және квадрат метрмен таныстыру. 2. Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. 3. Тәрбиелілік: Шапшаң да епті болуға, қырағылыққа,тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана суреттері слайдтар, кеспе парақшалары.
Саақтың типі:  Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, баяндау, көрнекілік.
Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру.
Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да (өзін көрсетеді) Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да (досын көрсетеді) Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді) Көңілімді кетті көтеріп (шапалақтайды)
«Ойна да ойла»
Үй тапсырмасын тексермес бұрын «Ойна да ойла» үш қатардың топ басшысын шақырып мына жердегі қиылған қағаздардан геометриялық фигураларды шығару керек.
Шаршы:4 қабырға ,4 бұрыш,4 төбесі, ауданынын табамыз,барлық қабырғалары бірдей.
Үшбұрыш:үш бұрышы ,3 қабырғасы,периметірін таба аламыз,ауданын палетканың көмегімен таба аламыз.
Палетка деген не?
Шеңбер:Тұйықталған,қисық сызық,төбесі,қабырғасы болмайды,ауданын палетканың көмегімен табамыз.
Тік төртбұрыш:4 қабырғасы ,4 бұрышы, 4-төбесі,тік төрт бұрыштың қарама қарсы қабырғалары тең,ауданын таба аламыз,периметрін табамыз,
Бағдаршамды білеміз бе? Неше көзі бар? Жол ережесін білеміз бе? Мен сіздердің білімдеріңізді осы бағдаршамның үш түрлі түсімен бағалағым келеді:
Қызылтүсті көп жинағандар: өте жақсы
Сары түсті көп жинағандар :жақсы
Жасыл түсті көп жинағандар :орташа
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.4 топтың баласына оқыту.
1. №3 ІІІ.  Жаңа сабақ.    
Балалар,  саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма?
Ендеше,  еліміздің ақ ордасы Астана қаласының көрікті, әсем жерлеріне
саяхаттаймыз. Астана қандай қала?
-Енді, саяхатымызды бастайық.Саяхатқа поезбен барамыз. Билет алу үшін біз 4 топтың балаларына тапсырманы берем орындауымыз керек.
Оқулықпен жұмыс І топ
№1 есеп
Тік төртбұрыштың ұзындығы 4см.Ені 2 см Тік төртбұрыштың ауданын тап
ІІ топ
Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршының ауданын тап.

ІІІ топқа беру.
Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршының ауданын әртүрлі тәсілмен қалай табуға болады?
ІV топ Тік төртбұрыштың ұзындығы 4см.Ені 2 см ауданын әр түрлі тәсілмен есептеп шығар.
Осы кезде қандай ереже еске түседі:көбейткіштердің орнын ауыстырған мен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтудің қандай қасиеті (ауыстырымдылық) терімділік ,үлестірімділік.
Тақтаға жазу:
S=4 см* 2см=8 cм ²
S=3 см* 3см=9 cм ²
Біз ауданның см2 өлшенетін,өлшем бірлігін білеміз.
Ендеше мынаны Есіңде сақта: Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығын еніне немесе керісінше енін ұзындығына көбейту керек.
Астанаға келдік :
Астанамыздың ең әсем, ең биік алыстан көз тартатын  «Бәйтерегіне» барайық.
Билет алуымыз керек. Билет алу үшін біз әр топқа тапсырма беріледі орындауымыз керек.
№2
Ұзындығы 5 см,ені 2см тік төртбұрыштың периметрін тап.
Р=(5см+2см) *2=14
Ұзындығы 5 см,ені 2см тік төртбұрыштың ауданын тап.
S=5см * 2см=10
Қабырғасы 4см шаршының ауданын тап.
S=4*4=16см ²
Қабырғасы 4см шаршының периметрін тап.
Р=(4+4)*2=16
Тақтаға жазу,дәптерге жазу.
Мұғалім: Бәйтеректің биіктігі 97 м, күмбездің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м2
Мұғалім: Келесі көркем жеріне бет алайық. Үшбұрыш тәрізді пирамидаға келдік.Бұл
«Бейбітшілік және келісім сарайы». Ішін көргілерің келе ме? Онда келесі тапсырманы орындайық.
№3 Әр үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.
периметрін тақтаға жазу:
Р=4+2+5
Р=х+3+2
Р=х+5+5
Р=
Келесі саяхат:
Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барғыларың келе ме? білім ордасы өте үлкен.Онда келесі тапсырманы орындайық.
Оқулықпен жұмыс:
№4 есеп Барлық топқа бірдей орындалады:
Ш:40:10= 4м 4+1=5м
Сергіту сәті:
Астана әні: түрлі ғимараттарын көру слайд арқылы:
Еуразия ұлттық университетіне ішін көргілерің келе ме?
Еуразия ұлттық университетінің ректоры ,яғни басшы ,біздер мектепте директор дейміз.
Ерлан Батташұлы Сыдықов 
Сұрақ қояды Видео көрсету.
№6 есеп
І топ 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалатын екі сан жаз.
7,15, 11,19
ІІ топ 3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын екі сан жаз.
5,8,11,14
ІІІ топ 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын екі сан жаз
6,11,21,31,
ІV топ 10-ға бөлгенде 4 қалдық қалатын екі сан жаз.
14,24,34,44,54,64
Жақсы жауап бердіңдер,енді қағаз түрінде берейін:
№7есеп
0 және 5 сандарын пайдаланып,неше өрнек жасауға болады?
І топ Олардың нешеуі қосынды?
ІІ топ Нешеуі айырма?
ІІІ топ Нешеуі көбейтінді?
ІV топ Нешеуі бөлінді ?
Вакзалға келіп билет аламыз ол үшін тапсырма орындау:
Біз ауданның см2, өлшем бірлігін білеміз.
дм2, м2 өлшем бірліктерін табуды үйренеміз керек ол үшін мына ережені есек түсірейік
Ереже:1дм неше см бар 1дм= 10см
Квадрат дециметр және квадрат метр дегеніміз не?
№ 8 есеп
Ереже:1дм неше см бар 1дм= 10см
Балалар: 1 дм = 10 см демек 1 дм ² = 100 см² 10 ға, 10 ды көбейтсек, ауданның өлшем бірлігі шығады.
Квадрат метр дегеніміз не?
Балалар:1 м = 100 см бар, демек 1м ² = 100 дм ²
1м ² = 100 дм ²
Қабырғасы 1дм шаршының ауданы 1 дм² (квадрат дециметр)- бұл ауданның өлшем бірлігі.
1 дм² =100 см ²
Дәптеріңе осындай шаршы сыз.Квадрат дециметрді неше квадрат сантиметр құрайтынын қалай есептеп табуға болатынын түсіндір.
1м =100 см
1м=10дм
Ә) Қабырғасы 1 м шаршының ауданы 1м ² (квадрат метр) 1м ²- бұл ауданның өлшем бірлігі.
Есіңе сақта! 1м=10дм                       1м=100с
1м2=100дм2                  
Пойызға отырдық енді:
-Мен сіздерге сұрақ қоямын.
-Қайсысының ауданын квадрат метрмен өлшейді?
Бөлме үй кілем қала дәптер алаң бақ арал
Б) тік төртбұрыш пішіндес терезенің ұзындығы 10дм ,ал ені 7 дм.Терезенің ауданын нешеге тең?
В) Тік төртбұрыш пішіндес бөлменің ұзындығы 20 м,ал ені 9 м.Бөлменің ауданы қалай?
 
V. Қорытынды.   
1.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
2. Ауданды қандай әріппен белгілейміз?
3.Квадрат дециметр дегеніміз не? ауданның өлшем бірлігі
1дм² = 100 cм²
4.Квадрат метр дегеніміз не? ауданның өлшем бірлігі
5. Ауданды қалай табамыз?
Бағалау: Кәне, деңгейлеріңізді анықтайық,санау, топ басшыларына қағаз беремін:
Ұшақ: жақсы түсіндім, меңгердім.
Машина: әлі түсіну керек,толық түсіне алмадым
Веолсипет: мүлде түсіне алмадым,