М?хтар ?уезов «?араш-?араш о?и?асы» (8 сынып)


Пәні Қазақ әдебиеті
Сынып 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»
Мақсаты: Білімділік: кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын таныту;
Дамытушылық: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуін дамыту, оқушы ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйрету;
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Түрі: проблемалық оқыту, жобалау
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: проблемалық сұрақтар, пікірталас
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру
«Ноянның өліміне кім кінәлі?» эссе Балалар жазып келген эсселерін оқиды.
ІІІ.Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты, түрі таныстырылады. Шығармамен танысқаннан кейін осы шығармада кездесетін оқиғаның қандай шығармамен ұқсас екені сұралады.
Мұғалімді тыңдап, қойған сұрақтарына жауап береді.
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасының дүниеге келуі жайлы баяндалған мәтін беріледі.
Сұрақтар қойылады Берілген ақпаратпен танысады. Мәтіннен алған білімдерін сұрақарға жауап беру арқылы бекітеді.
Кітаппен жұмыс
1 тапсырмаТапсырмалар:
Хикаяттан басты кейіпкердің портретін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.
Бақтығұлдың монологын оқып, ондағы жазушы қолданған көркем образды сөздерді табу
Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып, жазушы оны кейіпкердің жан дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу тапсырма. Бөлімге ат қойыңдар2. Бөлім бойынша негізгі оқиғаларды теріп жаз

Бекіту Сұрақтар арқылы балалардың білімі тексеріледі
1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсаттарға пайдаланды?5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды? Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Осыдан кейінгі Бақтығұлдың өмірі қалай өрілді?7. Бақтығұл Сәлменді емес, неге Жарасбайды өлтірді?8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?9. Оқиға не себепті «Қараш - Қараш» деп аталды?10. Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?11. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
Үй тапсырмасы: Бақтығұлға хат жазып келу. Шығарманың мазмұнына дайындалып келу. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Бағалау Сабаққа қатысуына байланысты мұғалім балаларды бағалап, қойылған бағасына комменнтарий жасалып, түсіндіреді. Тиісті бағасын күнделікке қойдыру.