Саба? жоспары «Ж?йріктен ж?йрік озар -жарыс?анда» 6 сынып


СПОРТТЫҚ САЙЫС
«Жүйріктен жүйрік озар -жарысқанда»
Спорт-бұл денені жаттықтырудың белгілі бір түрінде жарыс барысында неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы әрекет.
Жеткіншек ұрпаққа білім мен бірге дене тәрбиесіне беру аса қажет. Өйткені күш-қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылады.
Спорттың және дене тәрбиесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштерімен рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу, ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы. Дене шынықтыру өсіп келе жатқан организмді жаттығулар жасау арқылы, қоршаған ортаға бейімдеу. Дене тәрбиесі жаттығулар жасау арқылы адам денесінің дұрыс өсіп қалыптасуын тәрбиелеу.
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты жас өспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтын қажеттіліктеріне тәрбиелеу болып табылады. Адам денсаулығы қоғам байлығы. Дені сау адам-нағыз бақытты жан.
Бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер.
Сайыстың негізгі мақсаты- жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салуатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру, ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке сенімділікке, батылдыққа, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге, дарындыққа, ептіліккее баулу, спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларға денсаулықтың қадірін бағалы байлық екенін түсіндіру, және оның сақтау жолдарын түсіндіру. Осы мақсатта біз бүгін 6 сынып қыздар арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Ендеше сайысымызды бастамас бұрын, К.Нұрбаев атындағы орта мектеп директоры Е.Абсалямовқа сөз береміз.
Жақындайық жақсы әдеттен қашпайық,
Жалқаулықты сылып бойдан тастайық.
Денсаулығын жас ұрпақтың ойласақ,
Салауатты өмір салтын бастайық.
Болса екен деп өренім,
Жетісіндей жебенің.
Жарқылдаған алмастай,
Жарқ етсе деп келемін.
Бойда білім нәрімді,
Жас ұрпаққа беремін.
Биігінен үлгі өре,
Көріну сын кімге де.
Әділқазы алқасы,
Әділ қадар сын жебе.
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын оқушыларды бүгінгі
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларды шақырамыз.
І-топ «Жас қыран»
ІІ-топ «Жігер»
ІІІ-топ «Жеңіс»
Ал құрметті қалайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыру.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыА. АУБАКИРОВА
Психолог Б. АЛКЕНОВА
Мектеп тәлімгері А.МЭЛІСОВА
Сайыстың бағдарламасы
Таныстыру топтың аты, ұраны
«Кім жылдам» ойыны
«Мәреге кім бұрын» ойыны
«Секіртпемен жүгіру»
«Қаппен жүру»
«Экспресс пойыз»
Обручпен алып жүру
Шығыршыққа доп тастау
Арқан тартыс
Сайыскерлер сіздерге сәт сапар!
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Жарыстың әділ бағасын шығару
І орын – 6 «в» сыныбы «Жас қыран» тобы
ІІ орын- 6 «а» ІІ-топ «Жігер» тобы
ІІІ орын-6 «б» «Жеңіс» тобы
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Құрметті оқушылар!
Бүгінгі спорттық жарысымыз аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі
СПОРТТЫҚ САЙЫС
«Жүйріктен жүйрік озар -жарысқанда»
Дене тәрбиесі мұғалімі: А.Қалиева
12858755721985194826223917135302253181353210465692235