Сынып са?аты Бір ел-бір та?дыр-бір ?міт

Тақырыбы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы : бір халық – бір ел – бір тағдыр »
Мақсаты: 1.Еліміздің болашағы, өркендеп дамуы үшін қабылданған
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы жайында мағлұмат беру.
2. Еліміздің рәміздері, тарихы,жеткен жетістіктері туралы түсінік бере
отырып, оқушылардың білік- дағдыларын дамыту.
3. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіріп , мақтаныш сезімін жүрегіне
толтырып,патриоттық тәрбие беру
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздерінің суреттері , Астана қаласының суреттері, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
ІІІ Кіріспе
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы : бір халық – бір ел – бір тағдыр »
- Біз өз елімізде, өз жерімізде тұрып жатырмыз . Біздің еліміз Қазақстан Республикасы . Еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет. Еліміздің рәміздері жасалды. Ата заңымыз қабылданды. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Елордамыз Ақмола қаласына көшірілді. Ақмола аты Астана болып өзгертілді.Елордамызға әдемі ғимараттар, ескерткіштер , биік- биік үйлер тұрғызылды. Астана қаласы әлемдегі ең әдемі қалалардың қатарына енді. Еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Еліміздің экономикасы дамып,өркендеуде. Еліміз алға қарай да өркендеп дамуы үшін, ел болашағы, халқымыз үшін «Қазақстан -2050» Стратегиясы қабылданды.
Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олармен бір атаның баласындай тату , достық қарым –қатынаста тұрып жатырмыз.
Еліміздің болашағы , өркендеуі жас ұрпақтың қолында. Елімізді алға қарай дамытатын, өркендеуіне үлес қосатын болашақ ұрпақ сендерсіңдер.
ІV Ой қозғау. «Білгірлер» сайысы
-Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?
-Елордамыз қай қала?
-Елбасы кім?
-Біздің тұрып жатқан жеріміз қалай аталады?
VҚорытынды
«Отан» (Е.Өтетілеуов) өлеңін оқып беру.