Конспект по казахскому языку на тему Нан дастар?ан?а ?алай келді


Сабақтың тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келеді?»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Тақырып деңгейінде жаңа сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорын дамыту.есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:Оқушыларды нан дастарқанға қалай келетінің, яғни еңбектің наны-тәтті, жалқаудың жаны – тәтті деген ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, монолог,жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, тірек-сызба,мақал-мәтелдер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кезекшімен диалог (оқушыларды түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Зат есім. Зат есімнің түрлерін қайталап келу
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, «Нан қасиетті тағам, нанды қастерле» «Нан дастарқанға еңбекпен келеді» деген мақалдарды қалай түсінесіңдер?
2.Сабақтың мақсатын жариялау
3.Жаңа сөздермен жұмыс(аудирование)
Сөз тіркестері мен сөйлем құрастыру.
4.Мәтінмен жұмыс.
Оқу
Аудару
Сұрақтар құрастыру – сұрақтарға жауап беру
5. Тірек – сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы «Нан дастарқанға қалай келеді» тақырыпқа әңгіме құрастыру
қашан жер жыртады?
Қашан жинайды?
қайда немен тасиды?
бидайдан не істейді?
Ұнды қайда апарады? Ұннан не пісіреді?
Нанды қайда апарады? Нанды кім сатып алады?
6.Зат есімнің түрлері.
Құрамына құрай: 1.Дара (простые) Сынып, есік, терезе
2.Күрделі(сложные):
а). Біріккен (слитные)
ә).Қосарлы (парные) Бәйтерек, балабақша
Ата-ана,әке-шеше, тез-тез
7.Жаттығу жұмысы.
Мәтіннен зат есімдерді көшіріп сөз құрамына талдау
IY.Қорытынды кезеңі.
Кестемен жұмыс.
«Дұрыс», «Бұрыс» жауабын табыңдар.
Дұрыс Бұрыс
Диқаншылар көктемде егін жинайды Күзде диқаншылар егін егеді Элеваторда бидайдан ұн тартады Наубайханада ет пісіреді Наубайханадан нанды дүкенге апарады Дүкеннен нанды сатып алып,далаға апарады нан- қасиетті тағам, нанды қастерле! Нан дастарқанға жеңіл келеді Y. Үйге тапсырма:
1.Зат есім. Зат есімнің түрлері ережесін білу.
2.Беттегі «Қайдан келдің, бауырсақ?» рөлге бөлініп, сахналық қойылым көрсету
YI. Бағалау.