?кем,анам ж?не мен спортты? сайыс 1-4 сынып аралы?ында ?ткізілген сайыс



Жетімекова Анаргүл
Жексенбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№25 ЖОББМ КММ
«Әкем,анам және мен» отбасылық сайыс
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Түрі: Эстафеталық ойын.Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.Жүргізуші:Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.Жеңімпаз болу оңай ма,Арман болған талайғаБолмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалайда.Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әкем,анам және мен» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 1-4сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.Жарысқа қатысатындарды шақырамызӘр таңды бақытпенен атырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортаға .................................................................отбасын шақырамыз.(әр отбасы орындарына келіп тұрады)Жүргізуші:Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.«Әкем,анам және мен » отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Сайыста бастар алдында құттықтау сөзі мектеп директорына беріледіАл, құрметті халайық!Жарысты енді көріңдерӘділ қазы алқасыӘділ баға беріңдер!Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.1. Оқу ісінің меңгерушісі. Н.К Пенденова2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж.К Мусурманова3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қайыржан
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.Сайыстың бағдарламасы:1. Кедергілер арасымен жүгіру2. Кедергілер арасымен доп алып жүру3. Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу4. Допты жоғарыдан беру5. Допты төменнен беру6. Егін егу, егін жинау7. Нысананы көздеу8. Кенгуру9. Кедергіден өту
10. Қа нбақ Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!Сайысымызды бастаймыз.«Атамекен» тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!«Жасұлан»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз әрқашанда мықтыБәрін жеңіп шықты«Барыс»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.ІV тур: Допты жоғарыдан беру.V тур: Допты төменнен беру.VІ тур: Егін егу, егін жинау.VІІ тур: Нысананы көздеу.VIII тур: Кенгуру.ІХ тур: Кедергіден өту.Х тур: Қаңбақ.Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайдыЖүргізуші:Жарыс заңы ежелден -Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол -Еңбектену, жалықпауБіреу озса сайыста,Біреу артта қаладыЖеңілгендер ренжімейТараса бізге жарадыдемекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)І орын отбасыІІ орын отбасыІІІ орын отбасыАлғыс хат отбасы

Жүргізуші:Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сау да.Денсаулық терең бақыт деген сөздіҚұр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекшіҚұрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.