Мен 7-8 сыныптар ортасында физика п?нінен Кеш ?алма?ыз! та?ырыбында интеллектуалды сайыс саба?ымды жасадым.Ма?сатым Физика?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру логикалы? ойлау ?абілетін ж?не ораторлы? шеберлігін ойын ар?ылы дамытуОй-?рісін ке?ейту, логикалы?


Тақырыбы: "Кеш қалмаңыз!"  (интеллектуалдық сайыс сабақ)  Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Физикаға деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, карточкалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта
Түрі: Физикадан интеллектуалды сайысТипі: Сайыс түрінде
Топтар : «Ньютон»,«Паскаль» 
Сабақтың өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз. 1. Кіріспе бөлімі. 
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
дей келеНазарларыңызға “Кеш қалмаңыз! ” атты сайысымызды ұсынбақпыз.  Құрметті сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 2 кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.
Сабақтың кезеңдері.І тур. " Сәлем сөздің анасы" топтардың сәлемдесуі . II тур ."Физика біздің айналамызда" физикалық жұмбақтарға жауап беру. III тур ."Өрмекші" формулалар эстафетасыІV тур. " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .V тур. "Ғажайып алаң" үй тапсырмасын көрсету. VІ тур. "Қызықты логикалық есептер". 
VІІ тур. Қорытынды.І тур. " Сәлем сөздің анасы" топтардың сәлемдесуі 1 - топ – «Ньютон»Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,Әрқашанда үміткерміз жеңіске».2 - топ – «Паскаль»Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз». II тур ."Физика біздің айналамызда" физикалық жұмбақтарға жауап беру.  1. * Ол кез келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп; * Ол шама векорлық емес, скаляр шама. * Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады. ( жауабы: масса) 2.* Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта; * Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана; * Оны сағатпен өлшейді. ( жауабы: уақыт) 3. * Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйелдерге қарағанда, ер адамдарда көп; * Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды; * Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылыту үшін ғана керек. ( күш) *Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады; * Онсыз бір аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз; *Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз; (үйкеліс) 4. * Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді: * Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді; * Жердегі ең ақылды кім? ( адам) 5. * Адам организмде бар зат; * Заттың үш күйінің бірі; * Жерде онсыз өмір жоқ. (су)
IIІ тур ."Өрмекші" Формулалар эстафетасыФормуладан формула шығарып, өрмек салу керек.
Паскаль тобына массаны есептеу формуласы: m=ρ V
Ньютон тобына тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I = U / R
ІV тур. " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .
Табиғат 10 20 30 40 Техника 10 20 30 40 Құбылыс 10 20 30 40 V тур. " Ғажайып алаң" (іс-қимылдармен фомула мен құбылысты көрсету)VІ тур. "Қызықты логикалық есептер".  Ньютон тобына: №1 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды? Жауабы:Сондай градуста №2 Электричка сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатыр. Түтін қай бағытта және қандай жылдамдықпен бұдақтап шығып жатыр? №3 Қатардағы 3 парафин шамның біреуін өшіріп тастасаң, қанша шам қалады? Паскаль тобына: №1 5 жұмыртқа 4 минутда піссе, 100 жұмыртқа неше минудта піседі. Жауабы: Сондай  №2 Биіктігі бірдей 2 ағаштың басында 2 торғай бірдей жылдамдықпен қандай жерге түседі? №3 Оқушы тізесін бүгу арқылы 5 рет отырып тұрды. Сонда атқарған механикалық жұмысы қанша? VІІ тур. Қорытынды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" . Марапаттау Еңбектеніп сайысқа келгендер де - бос емес! Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес! Сынақтар мен болашаққа дайындалып, Уақытты үнемдеуден кеш қалмаңыз!