Урок Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.Мақсаты:Білімділік: Зат есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: ойын сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар.Қолданылатын технология: Блум таксономиясыПәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика, бейнелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, ребус.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Сәлемдесу2. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру3. Психологиялық дайындық- Мақсатымыз, білім алу,Міндетіміз, еңбектенуЕңбектену арқылыМақсатқа қол жеткізуІІ. 1. Үй жұмысын тексеру
Семантикалық карта
Жалқы есім Жалпы есім
бала
Астана
тау
Айжан
Есіл
әже
Айдос
балық
Тайбурыл
ұшқыш
Бөрібасар
өзен
2. Өтілген материалды қайталау, пысықтау.«Күннің көзін» бұлттан арылту ойыны – жаттығу арқылы өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.Ойынның шарты: Күннің көзін бұлттар жауып тұрады. Әр бұлттың артында сұрақтар жазылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде күн ашылады.
Сұрақтар:
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік – бұлар нелер?
Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар қалай аталады?
Жалқы есімдерден басқа зат есімдер қалай аталады?- Балалар, біз күнді бұлттан арылттық. Экранға назар аударайық. Күн деген сөз «бір күн» деген, бұлттар деген сөз «көп бұлттар» деген ұғымды білдіреді. (Яғни зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы толық түсінік беру)ІІІ. 1. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша жүргізіледі).Білім.( Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды)Ережені түсіндіру жұмысы. 126 бет.- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:аталар, құстар, түйелер.2. Сұрақ - жауап:М: Суреттерге назар аударайық.- Бірінші суретте неше үйрек бар?- Біреу- Үйрек сөзіне сұрақ қояйықшы?- Не?- Екінші суретте неше үйрек бар?- Үшеу- Үйректер сөзіне сұрақ қояйықшы?- Нелер?- Келесі суретке қарайық. Неше қыз бала бар?- Біреу- Ал екінші суретте неше қыз бала бар? Қандай сұрақ қоямыз?- Біреу. Кімдер?3. Дәптермен жұмыса) Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.4. Оқулықпен жұмыс.Сурет бойынша жұмыс. Суреттегі заттардың атын атап және санын анықтау. Олардың бір - бірінен айырмашылығын тапқызу.Түсіну.(Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады)342-жаттығу, 125 бет. Суретке қара. Әр суреттегі заттардың санын анықта.

Балапан балапандар қоян қояндар 343-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыру.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар.
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.5. Сергіту сәті. «Қызыл гүлім»
Қолдану.(Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, біртіндеп бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді)344-жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып жазу.
Ауданда суретші (-тер, -дер, -лер) жарысы өтті. Бала (-лер, -дар, -лар) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаз (-дар, -дер, -тар)ға сыйлық (-тар, -дар, -тер) тапсырылды.
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, көпше түрдегі зат есімдердің астын сызу.ІV Сабақты бекітуТалдау.(Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету, бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.)Шығармашылық жұмыс345-жаттығу, 127 бет. Ребусты шеш. Шешуіне сұрақ қой. Зат есімнің қай түріне жатады?Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құраЖинақтау.(Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау. Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.)«Кім тапқыр?» ойыны арқылы жүргізіледі. Ойынның шарты: берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді табу.7. Үйге тапсырма: 347 – жаттығу, 127 бет. Ереже жаттау.V. Сабақты қорытындылау- Балалар, бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары» арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не алғандарын күн шуақтарына жазады. 
Бағалау(Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау)
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.Сабақтың мақсаты:Білімділік. Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.Дамытушылық. ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік. оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру стратегиясы, сәйкестендіру тесті, тірек - сызба.Сабақтың көрнекілігі: ребустар, кестелер, семантикалық карта.Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.Сабақтың барысы:І. Қызығушылықты ояту1. Ұйымдастыру бөлімі:- Оқушылардың назарын сабаққа аудару- Оқу құралдарын дайындату- Кезекшінің жұмысын қадағалау2. Психологиялық дайындықШырылдады қоңырау,Біз сабақты бастаймыз.Партамызға отырып,Өзара көз тастаймыз.Жаңа білім алуға,Алға қадам жасаймыз.3. Үй тапсырмасын тексеруАл енді үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік.397 – жаттығу. Жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.Жалқы Жалпы4. Өткен сабаққа шолу жасауСемантикалық картаМысал жалқы есім жалпы есімбалаАстанатауАйжанЕсіләжеМысал жалқы есім жалпы есімАйдосбалықТайбурылұшқышБөрібасарөзенІІ. Мағынаны тану1. Суретпен жұмыс- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.Қоян Қояндар балапан балапандар- Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір - бірінен қандай айырмасы бар?(Оқушылар жауабы)2. Тірек -- сызба3. Ережені түсіндіру жұмысы.- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:аталар, құстар, түйелер.3. Сұрақ - жауап:М: Суреттерге назар аударайық.- Бірінші суретте неше үйрек бар?- Біреу- Үйрек сөзіне сұрақ қояйықшы?- Не?- Екінші суретте неше үйрек бар?- Үшеу- Үйректер сөзіне сұрақ қояйықшы?- Нелер?- Келесі суретке қарайық. Неше қыз бала бар?- Біреу- Ал екінші суретте неше қыз бала бар? Қандай сұрақ қоямыз?- Біреу. Кімдер?4. Оқулықпен жұмыс5."Еркін жазу" стратегиясы401 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Біздің ғалым ағалар,Біздің ғалым апаларАшты жолды аспанға.Әлі ұшамыз алысқа,Алыс Айға, Марсқа.( Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?)О: ағалар, апалар.М: Балалар бұл қай ақынның өлеңі?О: Әнуарбек Дүйсенбиев.М: А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?Сергіту сәті (әуенмен)6."Топтастыру" стратегиясы1931 жылы туғанТуған жері - Алматы облысында туған «Сыйлық», «Не деу керек?»,деген шығармалары бар.7. Сәйкестендіру тесті1. Суретші - дар2. Ақын - лар3. Жеңімпаз - дер4. Сыйлық - тер5. Бала - лер6. Құс - тар7. Ата - дар8. Құжат - тар9. Өзен - дер10. Торғай - тар8. Шығармашылық жұмыс403 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.(Инеліктер)- Инеліктер ұшатын жәндік.ІІІ. Ой толғаныс1. Балалар бүгінгі сабағымызды «Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.Тест тапсырмалары.1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім2. Заттың атын білдіретін сөздер тобы:А) қалам, дәптер, бала Ә) ойнады, күледі Б) әдемі, сұлу В) үлкен, жеті3. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?А) қайтті? Ә) кім? не? Б) неше? қанша? С) қандай? қай?4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қар, доп, есікА) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер6. Жалқы есімді тап.А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам7. Жалпы есімді тап.А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек8. Оқушы сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап?А) он Ә) жиырма екі Б) екінші В) бес жүз10. Жалқы есімді тап.А) өзен Ә) Тайбурыл Б) қақпақ В) дәптер(Өзін - өзі бағалау)10 – 9 балл – «5»8 – 6 балл – «4»5 – 3 балл – «3»2 – 0 балл – «2»2. Үйге тапсырма беру.- Балалар үйден 405 - жаттығуды орындап, ережені мысалмен бірге жаттап келеміз.3. Бағалау. (Оқушының біліміне қарай бағалау)
Қазақ тілі 2 «А» сыныпСабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.Сабақтың міндеттері:А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдПәнаралық байланыс:әдебиеттік оқуСабақтың барысы:І) Қызығушылықтарын ояту1.Психологиялық дайындық (слайд-2)Мақсатымыз, білім алу,Міндетіміз, еңбектенуЕңбектену арқылыМақсатқа қол жеткізу2) Үй тапсырмасын тексеру 3) Өткенді еске түсіру (слайд-3)- Зат есім дегеніміз не?- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?- Көптік жалғауларды ата.4) Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту (слайд-4,5,6)Мысық - мысықтар,Аспаз - аспаздар,Кітап - кітаптар.5) Сабақтың мақсатын хабарлауІІ.Мағынаны ашу 1) Дәптерге күнді жазу2)Көркем жазу (кК қҚ)3)Оқулықпен жұмыс 
4) Сәйкестендіру тестіІні...............................ларҚарындаш.................лерТерезе........................дарАғаш...........................дерЖіп..............................тарЖүзім..........................тер(жұмыс әдісі:жеке - жұп, жария ету)5).Сергіту сәті6) Семантикалық карта (слайд-8) и/б тақтамен тексеру7) «Алдар Көсе мен ұры» ертегісінен үзінді көрсету Ертегідегі зат есімдерді «ішіне - сыртына» кестесіне толтыруІшіне (з.е. жекеше түрі)КітапҚойАтДомбыраҰрыСыртына (з.е. көпше түрі)ШыршаларСыйлықтарГүлдер8) Оқулықпен жұмыс (дәптерде орындайды)4-жаттығу,154 бет1.Сөйлемдерді оқы.Көптік жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып жаз.Бақалар - бақа,бозторғайлар - бозторғай,саятшылар - саятшы,аңдар - аң,қасқырлар - қасқыр.ІІІ.Рефлексия. Қорытындылау Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартадыІV. Үйге тапсырма беру.4-жаттығу, 154 бет аяқтау; ізденушілік тапсырма «Жергілікті белгілер бойынша бағдарлау» мысалдар жинақтауҮлгі: Құмырсқа илеуін тастың, ағаштың күн көп түсетін оңтүстік жағына салады. 5-жаттығу 154 бетV.Бағалау.
Жалқы есім Жалпы есім
Астана бала
Айжан тау
Есіл әже
Айдос балық
Тайбурыл ұшқыш
Бөрібасар өзен

Ауданда суретші____ жарысы өтті.
Бала___ сурет салуды жақсы үйренген.
Жеңімпаз___ға сыйлық___ тапсырылды.
(-тар, -дар, -тер)
(-тер, -дер, -лер)
(-лер, -дар, -лар)(-дар, -дер, -тар)