Баяндама Балаларды? ?са? ?ол моторикасын дамытатын жа?ашыл технологиялар


Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытатын жаңашыл технологиялар
«Иновациялық» технология дегеніміз не? «Иновация» сөзі «Жаңашылдық» дегенді білдіреді.Қазіргі заманға сай адамның жаңа қиялы,жаңашыл идеялары,бастамалары.Педагогикадағы жаңашылдық-бұл жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың үрдісі болып табылады.Жаңашылдық қай сала мамандарына болса да қажет,сондықтан оған дайындықпен қараған дұрыс. Жаңашылдық жайдан-жай туындамайды,ол қандай да болмасын ізденістің белгісі,педагогикалық ұжымның,жеке педагогтардың іс-тәжірибесі. Педагогикалық іс-әрекетке жаңашыл технологияларды қолдану:жаңа мақсат,міндеттерді талап етеді,оқыту және тәрбиелеудің мән-мағынасын өзгертіп,оқытушы мен оқушының бірлескен ұжымдық әрекетін көздейді. «Құм терапиясын» қолдану қол моторикасын дамыту жұмысының маңызды бір бөлігі.Құммен жұмыс балаларға өте ұнайды., «магнитше» әсер етеді десе де болады.Олар өздерінің ойынға беріліп кеткендерін байқамай да қалады.Құмда ойнауға арналған әртүрлі пішіндер,құмсалғыштар ойынды одан әрі әрлендіріп,бала қиялын дамытады. Құм терапиясының маңызын ұсынған психотерапевт,аналитикалық психотерапияның қалаушысы Карл Густав Юнго. Құм сусымалы және суды сіңіріп тұрады.Сондықтан да мамандардың айтуынша құм жағымсыз психикалық қуатты өзіне сіңіреді,адамның күш-қуатын жаңартып,эмоциялық көңіл-күйін жақсартады.Көптеген бақылаулар мен тәжірибелер құм ойындарының балалардың да,үлкендердің де көңіл-күйіне жағымды әсер ететінін көрсетті. Ұсақ моториканы дамытудағы тағы да жаңашыл әдістердің бірі-бұл саусақпен сурет салу.Саусақпен сурет салудың маңыздылығын психолог Асей И.Кэйдис өз диагностикасында дәлелдеген.Бейнелеу өнерінің бұл түрі-баланың еркін шығармашылығын арттырады,әр баланың жеке іскерлік қабілеті ашылады. Тағы да бір жаңашыл технологиялық бағыттың бірі-қамыр терапиясы. Мүсіндеу-бұл балаға өте пайдалы сабақ түрі,эстетикалық талғамдарының да дамуына пайдасы зор.Қоршаған ортаның әсемдігін,әдемілігін сезініп,талғамы дамиды.Мүсіндеу арқылы бала өзі мүсіндейтін бейненің пішінімен жақсырақ танысады,тілі де шығады.Баланың байқағыштығы,ой-өрісі де қалыптаса түседі. Соңғы жылдары тұзды қамырдан әртүрлі бейнелер жасау кеңінен таралған.Шығармашылықтың бұл түріне- «қамыр пластикасы» деп қазіргі заманға сай атаған.Тұзды қамыр-экологиялық таза,зиянсыз,қолға ұстауға ыңғайлы,мүсіндеудің барлық түріне де жарамды,сапалы құрал болып табылады.Тұзды қамырдан жасалған заттар көпке дейін сақталады,бала қай жаста болса да қолайлы. «Қамырпластика»- бейнелеу өнерінің жаңа түрі.Балалардың ой-қиялдары шексіз.Олар өз картиналарын,ертегі кейіпкелерін,сүйікті ойыншықтарын мүсіндейді. Тұзды қамыр өте жұмсақ,иілгіш,баланың саусақтарына да,жалпы ағзасына да жағымды әсер қалдырады.Қамырмен жұмыс жасау барысында барлық психикалық процестері қалыптасады,шығармашылық қабілеттері,қоршаған ортаны танудағы танымдылығы да арта түседі.Сабақтарда тұзды қамырмен жұмысты қолдана отырып,мынадай маңызды міндеттерді шешуге болады:тілдерін дамыту,ұсақ қол моторикасын дамыту,жас ерекшелігіне байланысты тұзды қамырдан қол еңбегін ұйымдастыру.осы жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін балаларға қарапайым ойын түрінде жеткізу тиімді болып табылады. Халық даналығында: «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілін дамытуға,шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.Сонымен алға қойылған мақсатты түзету-педагогикалық жұмыстарды тәрбиелік жұмыста жүйелі қолдансақ,баланың қол моторикасы ғана дамып қоймайды,сөздік қорлары да дамып, іскерлік-танымдылық қасиеттері де молая түседі.