Саба? жоспары Компьютерді? ??рылымы ж?не ж?мыс істеу принципі 8 — сынып


Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________
Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу, микропроцессор(МП) қосымша құрылғылары өңдеу принциптері туралы үйрету.
1. Білімділік: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығьш арттыру.
3. Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау
арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тапсырмалар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
5.Үйге тапсырма
Үй жұмысын сұрау
Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар.
Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.
ДК -дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?
ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?
ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығындар.
Аналық (жүйелік) таңшаның құрауыштарьш атаңдар.
Монитор неге арналған?
Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?
Түрмыстық мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.
Жалпы мақсаттағы ДК-ні кімдер, қайда пайдаланады?
Кәсіптік мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.
Конструктивтік (құрылымдық) орындалуы бойынша ДК-лердің айырмашылығынеде?
МИКРОПРОЦЕССОР (МП)
Микропроцессор – дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық – логикалық операциялар орындауға арналған.


Арифметикалық – логикалық құрылғы – сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық – логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.

Басқару құрылғысы барлық компьютердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы адресті ЭЕМ-нің блоктарына беріп тұрады.

Процессордың сипаттамасы

Тактілік жиілік
Разрядтылық
Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.
Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілікжиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.
Жад регистрлері - Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтауға арналған жадтың ішкі ұяшықтары.
Процессордың разрядтылығы — Бір тактіге процессор өңдей алатын байттар мөлшері.Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады.
Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі - ішкі жадтың көлеміне,процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна өңдеу соғұрлым тез өтеді.
Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.
Үй тапсырмасын беру: Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйелерді жіктеу. WINDOWS типті операциялық жүйелер. WINDOWS -ты баптау. Файлдар мен қапшықтарды іздеу
Бағалау: