Интеллектуалды тарихи танымды? сайыс



Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданы
Чернигов орта мектебінің тарих
және география пәнінің мұғалімі
Нурсеитова Дариха Нургалиевна
Интеллектуалды тарихи танымдық сайыс
Түрі: Интеллектуалды танымдық сайыс
Мақсаты: Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып,тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын арқылы ежелгі замандағы Отырар мен Түркістан топырағында туған,халқымызға мол мұра қалдырған ғалымдар Әбу Насыр Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауидың өмір жолдарымен,тарихтағы алатын орындарымен таныстыру.
Жоспар: І. Топтарды таныстыру.
1.Әл- Фараби тобы: «Біздің тобымыз Әл Фараби атында. Ұлы ғалым қазіргі Отырар қаласында дүниеге келді.Ол ғалым,дәрігер,сазгер болған.Ат спортымен айналысып, саздық аспаптар жасаған».
2.Ахмет Иассауи тобы: «Қасиетті Түркістанда дүниеге келген,Ахмет Иассауи ақын, сопы болған.Қарапайымдылығымен,кепшілдігімен,ғылым жолындағы даралығымен ғасырдан ғасырға жетті.»
ІІ.Сәлемдесу.
Әл- Фараби тобы:
Отырар Әл Фараби туған қала
Таңқалған ол туғанда барша дала
Бір өзі ғалым,сазгер,тарихшы
Дәрігер өз халқына болған шипа

Иассауи тобы:
Ахмет Иассауи тобынанбыз
Білім мен өнерге шыңдалғанбыз
Жолдаймыз сәлем саған ғұлама топ
Талай -талай сайыста шыңдалғанбыз


ІІІ. Танымдық сұрақтар.
1-топқа:
1.Әл- Фараби қай жылдары өмір сүрген? (870-950 ж)
2.Әл- Фарабидің еңбектерін атаңдар? (Музыканың ұлы кітабы,музыка жайлы талдау еңбектері)
3.Сиқырлы қобдиша. «Мына қобдишада Әл Фарабиға қатысты бір нәрсе бар,ол затты бұрын күн сайын қолдандық,әсіресе сауда- саттық жасағанда қолдандық. Ол не нәрсе деп ойлайсыңдар? » (Әл Фараби бейнеленген ақша)


2-топқа:
1.Түркістан өлеңін кім жазған,жатқа айт.(М.Жұмабаев)
2.Ахмет Иассауи кесенесін кім салдырған?(Әмір Темір)
3.Сиқырлы қобдиша. «Бұл қобдишада Ахмет Иассауиге қатысты бір нәрсе бар,ол не деп ойлайсыңдар?»(Тайқазан суреті)

ІV.Бәйге. Ойында берілген сұрақтар:
Тарих .
10 ұпай сұрағы:Қазақ хандығының негізін салушы? (Керей мен Жәнібек)
20 ұпай сұрағы: Есік қаласынан табылған «Алтын адам» сүйегін тапқан археолог?(Акышов)
30 ұпай сұрағы: Қазақ хандығының құрылғанын биыл неше жыл?(550 жыл)
География.
10 ұпай сұрағы:Неше материк бар? (6)
20 ұпай сұрағы:Қазақстанда неше облыс бар?(14)
30 ұпай сұрағы:Экватордың ұзындығы қанша?(40076 км)
Логикалық сұрақтар.
10 ұпай: 4 жігіт бір етікте қалу үшін не істеу керек? (4де бір етіктерін шешу керек)
20ұпай:Тамақ пісірер алдында табаға не тастайды?(Көз қырын)
30ұпай:Ағашта «А» және «Б» отырған. «А» ұшып кетті, «Б» құлап қалды.Ағашта не қалды?(Және)
Ұлттық дәстүр.
10 ұпай: Шілдехана туралы не білесің? (сәби дүгиге келіп,үйге келгенде жасалатын той)
20 ұпай: Қарияның жастарға берген тілегі?(бата)
30 ұпай: Қыздың ұзатылғанда қоштасу әні?(сыңсу)
V.Кім алғыр.(Топ басшылары арасында сайыс)
1топқа: 2 топқа:
1.Абайдың шын есімі ? 1.Абылайханның шын есімі?
2.Тәуелсіздік күні? 2.Рәміздер күні?
3.Ең ұзын өзен? 3.Ең кішкентай материк?
4.Судың қатты түрі? 4.Су неше күйде болады?
5.Ең жұмсақ алақан? 5.Жеті жарғыны шығарған кім?
6.Қазақтардың бұрынғы тұрғын үйі? 6.Сүт өнімі?
7.Конституция күні? 7.Ең тәтті?
8.Тұздалған тұз өнімі? 8.Ең терең көл?
9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? 9.Наурызда пісірілетін тағам?
10.Температураны өлшеуге арналған құрал? 10.Жылқының төлі?
VІ.Шағын қойылым. (Үй тапсырмасы)
1 топ – «Әл- Фараби- Шығыстың ғұлама ғалымы»
lefttop
2 топ-«Ахмет Иассауидің Арыстан бабадан бата алуы»