Білім беру саласы : ?орша?ан ортамен танысу


Білім беру саласы : Таным
Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы : Табиғат құбылыстары
Мақсаты : Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру . Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту . Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу .
Әдіс - тәсілдері : көрсету , түсіндіру , сұрақ - жауап , әңгімелесу , ойын .
Көрнекілігі : Табиғат құбылыстарының суреттері : бұлт , күн , қар .
Сөздік жұмыс : Күн , бұлт .
Биллингвальды компонент : Күн - солнце , қар - снег .
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар , бүгін ауа райы қандай болып тұрса да , біз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық . Балалар шеңбер болып отырады . Терезеге қарап , ауа райының өзгерісін айтады .
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Әңгіме жүргізу .
Балалар , бүгін ауа райы жылы күн шығып тұр .
Ауа райы әртүрлі болады . Бірде күн ашық болады , бірде жаңбыр немесе қар жауады .
Жұмбақ жасыру .
Ақ сандығым ашылды ,
Ішінен жібек шашылды .
Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық . Біз қазір неге ұқсадық ?
Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет ?
Күн барлық әлемге жарық беріп , шуағын шашады .
Балалар біз немен тыныс аламыз ?
Біз ауамен тыныс аламыз . Ауасыз бізге тіршілік жоқ . Таза ауа тыныстау үшін керек .
Егерде аспанда бұлт болса онда жаңбыр , қар жауады .
Сөздік жұмыс .
Күн , бұлт .
Биллингвальды компонент :
Күн - солнце , қар - снег .
Сергіту сәті .
Күн төккен нұрынан ,
Биік болып өсеміз .
Денемізді тік ұстап ,
Дөңгелене билейміз .
Балалар қыс мезгілінде не жауады ?
Қыста , қар жауады , жел тұрады , күн суық болады . Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады .
Ойын : "Күн мен түн".
Шарты : Балаларға "күн" дегенде , олар қолдарын ашып , дөңгелек жасайды , ал "түн" дегенде , олар ұйықтаған болады . Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды .
Күн
Балалар әр түрлі жауап береді .
Балаларға ой тастау .
Балалар жауап беруге тырысады .
Қайталайды .
Балалар қайталап айтады .
Қолдарын жоғары созады , бір орында тұрып билейді .
Балалар суретке қарап жауап береді .
Балалар қызыға ойнайды .
Рефлексиялық - түзетушілік Балалар , бүгінгі оқу іс - әрекетімізді жақсы тілекпен аяқтайық . Әрқашан күн сөнбесін ! Ауамыз әрқашанда таза болсын ! Суымыз тұнық болсын ! Балалар бірге қайталап тілектерін айтады .
Күтілетін нәтиже
Біледі : Табиғат құбылыстарын (бұлт , қар , жаңбыр)
Игереді : Тақырыпқа сәйкес берілген жұмбақтың шешуін тауып , ойын шартын орындай алу дағдыларын .
Меңгереді : Жыл мезгілдеріне сай табиғат құбылыстарының өзгешіліктері туралы .