Рабочая программа по географии на тему Жас географ


«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
«Бекітемін»
«Жаратылыстану – математика және
информатика» ПЦК жетекшісі
_____________С.А.Калиева
«____»__________2017 ж.
«Жаратылыстану – математика және информатика» ПЦК апталығында өткізілген сыныптан тыс сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Жас географ»
Пәні: География
Оқытушы: Ангсатова А.Т.
Тобы: ШБ-11, ША-13.
Кабинеті: 301
Күні: 27.01.2017ж.
Уақыты: 1330-1415
Ақтау
Тақырыбы: «Жас географ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Студенттердің білім, білік дағдысын арттыру, ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын топты анықтау.
Дамытушылығы: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдыландыру. .
Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін тыңдауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің картасы, атлас, интерактивті тақта, слайд, смайликтер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.Сабақтың барысы:
І. Ұймдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты. Қатысатын топтарды таныстыру. Әділ - қазылар алқасын сайлау. Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру.
Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгінгі сайысқа Шетел тілінен бастауыш білім беру мамандығы бойынша бірінші курс студенттері қатысады. Әрбір топтан 6 студенттен 1 ұжым болып шығады.
Қатысушылар: ШБ-11, ША-13 топтары.
Бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамы: ШБ-21 тобының студенттері: 1. Қадірбаева Махаббат, 2. Қалдыбаева Гүлдана.
Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
Кезеңдері:
І. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)
ІІ. Зымыран ойыны(сұрақтар).
ІІІ. Географиялық жұмбақ шешу.
ІV. Картамен жұмыс.
V. Полиглот
VI. Қара жәшік.
VII. Топ басшылар сайысы
І тур: Таныстыру
Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.
Мақсаты: Студенттерге ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Шарты: Топтар өздерінің ұрандарымен, эмблемаларымен таныстырады.Жақсы қорғаған топқа 10 ұпай беріледі.
ІІ тур: Зымыран ойыны.
Мақсаты: Студенденттердің дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа үйрету.
Шарты: Мұнда әрбір топтқа 20 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.
І топтың сұрақтары1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)5) Жердің тас қабаты (литосфера)6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)7) Ең биік тау (Гималай)8) Германияның ақша бірлігі (еуро)9) Тіршілік қабаты (биосфера)10 Үндістан астанасы (Дели)11) Васко – до – Гамма кім (саяхатшы)12) Жер серігі (ай)13) Қазақ елінің діні (Ислам)14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)16) Ең кіші материк (Аустралия)17) Суық материк (Антарктида)18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)19) Мойны ұзын жануар (керік)20) Ресейдің президенті (Владимир Владимирович Путин)
ІІ топтың сұрақтары1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)9) Су қабаты (гидросфера)10) Канаданың астанасы (Оттава)11) Ең терең шұңғыма? (Мариан)12) Ең үлкен түбек? (Арабия)13) Ең көп таралған дін (христиан)14) Ең үлкен арал (Гренландия)15) Муссон деген не? (жел)16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)17) Ең үлкен материк (Еуразия)18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)19) Ең кішкентай құс (колибри)
20) АҚШ – тың қазіргі президенті (Дональд Джон Трамп)
ІІІ Тур «Географиялық жұмбақтар»
Мақсаты: Студенттердің білімдерін бекіту, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда бастаймыз. Топтарға сәттілік.
І -ТОП
Сурет –жұмбақ (2-мин)
сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
АФРИКА
Қонақтап күнде қонар су бетіне, Сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Тұрғыны жоқ елдер,
үйі жоқ қалаларАғашы жоқ ормандар,
суы жоқ теңіздер. (карта)
II-ТОП
сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?
С.АМЕРИКА
Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Сырылдатады шәйнегн,Ұнатпаса да жұрт, мейлі.Тереземіздің әйнегінЖуады, Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)
IV тур - «Карталар әлеміне саяхат».
Мақсаты: Білімдерін бекіту және географиялық жағдайға байланысты объектілерді табу.
Шарты: Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, көрсету керек. Ұпай саны – 5 ұпай.
1 - топ
1. Жерорта теңізі
2. Дрейк бұғазы
3. Анд тауы
4. Сахара шөлі
5. Германия
6. Алжир
7. Индонезия
2 – топ
1. Қара теңіз
2. Мозамбик бұғазы
3. Титикака көлі
4. Косцюшко тауы5. Италия
6. Малайзия
7. Венесуелла
V тур: Полиглот
«Тіл-тіршіліктің тірегі». XX ғасыр басындағы қазақ зиялысы Х.Досмұхамедұлының «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген парасатты пайымдауы қазір ақиқатқа айналды. Сондықтан, тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетіне, нақты айтсақ мақал – мәтелдер және жұмбақтарды кезек-кезек береміз.
Мақсаты: Студенттердің сөйлеу қабілетін, дүниетанымын жетілдіру.
Шарты: Әр топ студенті кезекпен шығып, мақал – сәтелдер, нақыл сөздер, жұмбақтарды тауып, тақтаға үш тілде баламасын жазады. Әр бір дұрыс жауапқа - 10 ұпай беріледі.
Кең әлемді кернейді
Көзің бірақ көрмейді (ауа-воздух-air)
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың (тұз-соль-salt)
Қыздырып соқсаң иленеді (темір-железо-iron)
Көп сөз көмір, аз сөз ----- (алтын-золото-gold)
---- ішкен құдыққа түкірме (су-вода-water)
Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш ---- болмас (орман-лес-forest)
VI."Қара жәшік"
Мақсаты: Студенттердің ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай
І топқа: Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: СарымсақІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Мәскеуде монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны - ҚытайЕкінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: ШайVII. Капитандар сайысы.
Мақсаты: Студенттерді шапшаңдыққа үйрете отырып, дүниетанымын кеңейту.
Шарты: Мұнда әр топ басшысына 10 сұрақ беріледі. Cұраққа толық дұрыс жауап берсе топ қоржына 10 ұпай беріледі. Берілген сұраққа жауап бермесе келесі топ басшысы жауап береді.
1-ші топ сұрақтары: 1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара) 2. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек) 3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд) 4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро) 5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал) 6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м) 7. Ең үлкен бұғаз (Дрейк) 8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
9. Кофенің отаны қай материк (Африка) 10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
2-ші топ сұрақтары:
1519 – 1522 жылдары жер шарын айналып шыққан кім?(Ф. Магеллан)
Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)
Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)
Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)
Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)
Етікке ұқсас мемлекет (Италия)
Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)
Қорытынды:
Сайыстың қорытындысын шығару; Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.