Т?РБИЕ СА?АТЫ ЭКСПО 2017


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Заманауи Қазақстанның жетістіктері EXPO - 2017
Өткізілетін күні:
Сынып:
Тақырыбы: Заманауи Қазақстанның жетістіктері EXPO - 2017
Мақсаты
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін EXPO көрмесі туралы білімдерін тереңдету.Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, саяхат,
Көрнекілігі: EXPO суреттері, видео, ребус, А4
Барысы:
І Ұйымдастырушылық кезең
Сәлеметсіздер ме оқушылар? Көңіл –күйлеріңіз қалай? (оқушылардың жауаптары) Жақсы орындарымызға отырайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін тақтада тұрған ребустың жауабын табайық. Ребус (жауабы: ЭКСПО 2017)
-Демек, біз қандай тақырыппен танысады екенбіз?
-Ия, балалар, ребустың жауабын дұрыс таптыңдар.
ІІ Жаңа мәлімет
-Сіздер балалар экспо деген сөздің мағынасын білесіздер ме? Қанеғ кім айтады екен?
«Экспо» деген не?
Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.
-Ия, дұрыс айтасың.
-Ал, балалар айтыңыздаршы ең алғашқы экспо қайда және қашан болды?
Ең Алғашқы Экспо
Ең алғашқы жаһандық көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен болатын. Оны ұйымдастыру идеясы ағылшын ханзадасы Альбертке тиесілі екен.  Сол кезде Англия астанасында көздің жауын алатын Хрусталь сарай бой көтерген екен. Өкінішке қарай, бұл ғимарат 1936 жылы өртеніп кетеді.
Дей тұрғанмен, ең алғашқы Экспоның өзі техникалық жетістіктер шеруіне айналады. Лондон көрмесіне 40 елден 100 мыңға жуық экспонат әкелінгені соның айқын дәлелі.
-Өте жақсы, дұрыс айтасың.
-Осы балалар, білесіздер ме экспо көрмесінде тағы қандай өнертабыстар болғанын?
Ендеше мен сіздерге айтып өтейін. Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында Экспо талай-талай ғажайып өнертабыстарды әлемге танытты. Мысалы, 1876 жылы АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен көрмеде Александр Белл ең алғашқы телефонды жұртшылық назарына ұсынады. 1893 жылы Чикагода көрмеге келушілер алғашқы газдалған сусынның дәмін татты. 1900 жылы Париж көрмесінде халық тұңғыш рет дыбысты киноны тамашалады. Ал 1936 жылы Нью-Йорктегі Экспо кезінде халық түрлі-түсті фото мен нейлонды алғаш рет көреді.
-Балалар, сіздер эйфель мұнарасын білесіздер ме?
-Ол не үшін салынғанын білесіздер ме? Қане кім айтады екен?
Экспо және Эйфель мұнарасы
1889 жылғы Халықаралық көрме Парижде өтеді. Әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы осы көрмеге арналып салынған екен. Темірден өрілген мұнара көрме павильондары алдындағы салтанат қақпасы міндетін атқарса керек.
-Өте дұрыс, айтасыңдар.
Сонымен қатар балалар Венадағы (Австрия) әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар Ротонда павильоны, Ёсудегі (Оңтүстік Корея) «Аспан мұнарасы» мен «Ёсу EXPO» теміржол вокзалы  – ғаламдық көрмеден қалған мұралар болып саналады.
-Ал, енді Азиядағы ЭКСПО көрмелері қай жерлерде өтті?
Азияда Экспо өткізген елдер саусақпен санарлық.  Атап айтсақ, халықаралық көрмелер 1970 жылы Жапонияда Осакада, 1975 жылы Жапонияның Окинавада, 1993 жылы Оңтүстік Кореяның Тэджонда, 2005 жылы Нагакутеде, 2010 жылы Шанхайда, 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсуде қалаларында өткізілді.
-Ия, дұрыс айтасың.
- Жас достар, 2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Халықаралық Көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148 мемлекетінің 103-і Астана кандидатурасын қолдап дауыс берді.
- 2017 жылы өтетін Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндіреді деген үміт бар. Себеп –  елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр.
Видео. EXPO-2017
Астана көрмесінде Табиғат-Анаға залалсыз «жасыл технологиялар» алдыңғы орынға шықпақ.
Шығармашылық кезең
-Ал енді, балалар EXPO-2017 көз алдыларыңызға қалай елестетесіздер, соны қағаз бетіне түсіріп, талдау жасап беріңіз.
Ән. «Жаса, Қазақстан».
Қорытынды
Елорданың көркіне көрік қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Ең бастысы, EXPO-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару Астананың абыройын асқақтата түсері анық. Біз соған қуанамыз!