Жаратылыстану саба?ынан саба? жоспары Жерді? ішкі ??рылысы 5 класс


Сабақтың тақырыбы: Жердің ішкі құрылысы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің ішкі құрылымы туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: 5. Оқушылар жаңа білім алады. 6. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды. 7. Қызығушылықтары артады. 8. Сыни ойлау дағдылары артады. Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифферен-циация Бағалау Ресурстар Ұйымдастыру Амандасу тренингі Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөлу тренингі Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар беріледі: 1.Жердің географиялық қабығы дегеніміз не? 2.Күн жүйесінің қандай ғаламшарларында географиялық қабық түзілген? 3.Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты, одан кішігірім құрлықты не деп атаймыз? Оқушылар жауап береді: 1.Литосфераның жоғарғы қабаты жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз. 2. Жерден басқа Күн жүйесіндегі бірде –бір ғаламшарлардың географиялық қабығы жоқ. 3. Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты материк, одан кішігірім құрлықты арал деп атаймыз. Жаңа сабақ барысы: Кіріспе Миға шабуыл: Жер шар ма? Не себепті глобусты Жер шарының моделі деп атайды? Оқушылар ойланып барып жауап береді. Сыни ойлау Глобус Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар тыңдайды. Түсіну дәрежесін анықтау. Топтық жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы жаңа тақырыптың мазмұнымен танысып, қажетті ақпараттарды жазып алуға тапсырма беріледі. Оқушылар жұмыстанады. Сыни ойлау дағдыларын арттыру. Сабақты бекіту: Оқушыларға жаңа сабақ бойынша үлестірмелер тарату, сұрақтар беру: 1.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар? 2.Литосфера дегеніміз не, ол қандай қабаттардан тұрады? 3. Мантия жердің қайсы қабығын қоршап-жауып жатыр? Оқушылар орындайды: 1.Жердің ең жұқа үстіңгі қабаты-.........2. Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары ......шақырым тереңдікке дейін барады. 3.Таулы аудандарда жер қырытысының қалыңдығы....... 4. Мұхит табанының астында жер қыртысының қалыңдығы -.......5. Шамамен 2900 км тереңдікке дейін жердің келесі қабаты...... 6. Жер кіндігінде орналасқан қабат -......7.Ішкі ядро-.... 8.Сыртқы ядро-...... Сұрақ-жауап әдісі Топтық бағалау Үйге тапсырма Жердің ішкі құрылымы Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.