«Электронды? кестеде формулаларды енгізу, есептеу »


ЖЫЛЫОЙ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН: «Жаратылыстану матеметика пәні»
Колледж басшысының бірлестігінің отырысында қарастырылды.
оқу-ісі жөніндегі орынбасары Хаттама № ______________
________________________ ________________ Бірлестік жетекшісі
Сарбалиева М. Қожабергенова А
Ашық сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Тақырыбы: «Электрондық кестеде формулаларды
енгізу, есептеу »
Тобы: 32
Өткізілетін күні: 7.11.12
Өткізілетін уақыты: 14 - 50
Өткізілетін бөлмесі: 20
Сабақ ұзақтығы: 45 минут
Оқытушы: Жоламанова. Б.Б
Құлсары -2012
Сабақ жоспары
Пән аты: Информатика
Күні: 07.11.12
Сабақтың тақырыбы: «Электрондық кестеде формулаларды енгізу, есептеу »
а) білімділік: Оқушыларға кесте ішіне формула жазып, есептер шығару жолдарын түсіндіру.
Microsoft Excel қолданатын функциямен танысу, есептер шығаруды үйрету.
ә) дамытушылық: Кесте элементтерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту. Microsoft Excel бағдарламасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып практикалық жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелік: Оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке, жауапкешілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру
Пән аралық байланыс: сурет, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
(берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
тәсілі бойынша: түсіндірмелі-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Оқу құралдары
2. Компьютер
3. MS EXCEL бағдарламасы
4. Проектор,
5. Жылжымалы тақта
6. Карточка
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Оқулық-30 сабақ
2. Электронды оқулық-11 сынып
3. Интернет көздерінен
4. www.ustaz.kz 5. www.google.kz
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:1-2 мин.
Оқушыларды түгендеу;
Олардың құрал жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

Үй тапсырмасын сұрау.(10 мин)
Оқушыларға MS Excel бағдарламасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Баған мен жолдардың қиылысуынан нелер пайда болады?
Сызықтық кесте дегеніміз не?
Кесте дегеніміз не?
Электрондық кестедегі ең кіші информация бірлігі не деп аталады ?
Жол дегеніміз не?
Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?
Ұяшық дегеніміз не?
Электрондық кесте дегеніміз не?
Microsoft EXCEL қандай программа?
Баған дегеніміз не?
Үйге берілген тапсырманы MS Excel бағдарламасында жұмыс істеуге арналған электронды оқулық арқылы сұрайық.
Жаңа сабақты түсіндіру: 15 мин
Бүгін біз Microsoft EXCEL программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде пайдалана отырып, мүмкіндігнше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Бұл сабақтың ерекшелігі өткен сабақтарда меңгерген біліміздерімізді қолдана отырып, өз өмірімізге, күнделікті тіршілігімізге қатысы бар дүниелерді қолданайық.
Microsoft EXCEL терезесі.

Ұялар адресі
Excel-дің әрбір ұясының адресі болады. Адрестеу тәсілінің түрлері көп. Соның бір тәсілі - келісім бойынша бірден орнатылған түрі. Мұнда ұя адресі бағана әрпі мен жол нөмірінен тұрады.
Мысалы:
С5 А1
D4 E6
F7 т.с.с.
13716069850C 5
00C 5

Жұмыс кезінде Excel-дің бір ұясы екпінді (активті) түрде болады да, ол қалың қара сызықпен қоршалып тұрады. Активті немесе екпінді ұяның бағанасы мен жол нөмір-лері де ерекшеленіп ақшыл түске боялып тұрады. Блок (ұялар жиыны, аумағы) – тік төртбұрышты түрде қатарласа орналасқан ұялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тік төртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Осындай ұяшықтар тізбегін блок немесе ұялар диапазоны деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 ұялар аралығындағы блоктың адресі D2:D8.Ал F3:I3
блогы бір жол-дың төрт ұясы-нан тұрады.

Осы тәрізді D2:Е9 блогы мен G2:I11 блоктарының алатын орны мен белгіленуі төменгі суретте көрсетілген.

Excel жұмыс өрісі көптеген торлардан – ұялардан тұрады.
Оның ең кіші информация бірлігі ұя немесе ұяшық (ячейка) деп аталады. Ұя ішіне сандар, формулалар, мәтіндер жазылады.
Жолдар саны –65536, ал бағаналар саны – 256
Бір бетте орналасқан ұялар жиыны бір парақ (лист) құрайды.
Ал кітап (книга) дегеніміз – бірнеше парақтар жиыны. Кітап бір файлға жазылады. Excel-дің бір кітабы – бір файл.
Формулалар енгізуФормула ретінде арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді жазуға болады.
Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосын-дысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік
курсорды орналастырғаннан кейін, =С1+F5 формуласын теріп жазамыз.
Формулаларға ұя адрестерін енгізудің екі жолы бар:
оларды латын әріптерімен пернелер арқылы теру керек;
керекті адреске сәйкес ұяда тышқанды шерту қажет.
Ұялар блогы адресі терілгенде оларды бөліп тұратын : (қоснүкте) және арифметикалық амалдар белгілері (+, -, *, ) қолмен енгізіледі. Формуланы енгізгеннен кейін, сол ұяшықта бірден нәтиже көрінеді.
Енді екіге екі қосатын формула енгізуге керекті мәліметтерді жазып алайық.
Нәтижені жазатын ұя ретінде Е3 ұясын аламыз да, теңдік белгісін жазамыз.
Енді С2 ұясын шертеміз де, арифметикалық амал белгісін (+) жазып, D2 ұясын шертеміз. Соңында Enter пернесін басамыз.
Енді оқушылар мынадай есептер шығарайық
1 Есеп Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен
қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану
28 26 41 36 35 13 45 56 75 12 89 64 Барлығы Функция шебері көмегімен бос ұяшықтарға көлденеңнен
қосындыларын есептеу керек.
Тауардың атауы Саны Бағасы Барлығы
Қаламдар 1024 10 Қалам сауыттары 300 200 Бояу(12түс) 350 355 Бояу(24түс) 400 700 Циркуль 100 200 Есеп
Сандардың арифметикалық ортасын табу
3 9 5 7 2 8 1 6 4 Есеп
Формула көмегімен сандарды дәрежелех 2 6 8 10 12 14
х³ 4-есеп
V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.
S 120 590 78 1268 3659
t 2 6 0,7 28 65
V 5 Есеп Формуламен есеп шығару
Уровень Оклад Налог Зарплата
В $ Зарплата в тенге Зарплата
В рос руб
1 Иванов 8 2 Петров 9 3 Сидров 7 4 Золотов 10 5 Соломин 11 Формула вычисление Курсы вадют
Оклад=Уровень*25 Тг/$ pp/$
Налог=20% 150 4
6-есеп Берілген есептің функция шебері арқылы қосындысын,
орта мәнін кіші үлкен мәндерін табу
Айлар Қаңтар 1 10 433330
Ақпан 2 20 482784
Наурыз 3 30 167416
Сәуір 4 40 443000
Мамыр 5 50 464610
Маусым 6 60 852577
Шілде 7 70 567345
Тамыз 8 80 567812
Қыркүйек 9 90 912435
Қазан 10 100 654890
Қараша 11 110 132675
Желтоқсан 12 120 634568
Sum Average Min Max Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау:
1. Excel формуланың белгісі:
А. +
Б. =
С. –
Д. Бос орын
2. Excel В6 ұяшығына В1:В5 диапазонының қосындысын есептеу формуласын енгіз
А. =СУММ (В1:В5) Б. =СУММ (В1:В6)
С. Cells(6,2).Formula=sum(b1:b5)
Д. Cells(6,2).Formula=суmm(b1:b5)
3. Excel жұмыс кітабы неден тұрады.
А. Жұмыс парақтарынан
Б. торлардан
С. электронды кестеден
Д. Файлдан
4. Excel минимум, максимум функциялардың қандай категориясына жатады?
А. Қаржылық (финансовые)
Б. статистикалық
С. текстік
Д. уақыт және мерзім (Время и дата)
5. Excel құжаттарының атауы қандай кеңейткішпен сақталады?
А. Dos
Б. Doc
С. bas
Д. Xls
6. Excel А1:С3 аралығындағы ең кіші санды табу үшін қандай формуланы енгізу керек?
А. = МИН(А1):МИН(С3)
Б. = А1-С3
С. = МИН(А1:С3)
Д. = МИН(А1;С3)
7. Автоқосынды белгісінің батырмасы.
А.
В.
С.
Д. fx
8. Блок дегеніміз не?
А. электрондық кестедегі вертикаль жол
Б. көптеген жолдар мен бағаналардан тұратын торлар жиынын құрайтын
кесте аймағы.
С. тік төртбұрышты түрде қатарласа орналасқан ұялар жиыны.
Д. бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады,
MS Excel-де ұяшыққа функцияны енгізудің қарапайым жолы:
А. диаграмма мастері
Б. функция мастері
С. формула мастері
Д. дұрыс жауабы жоқ
10 . Функция шебері белгісінің батырмасы
А.
Б.
С.
Д fx
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б А А Б Д С А С Б Д
8-9 дұрыс жауап –«5»
6-7 дұрыс жауап –«4»
3-5 дұрыс жауап –«3»
1-2 дұрыс жауап –«2»
Бағалау.Уйге тапсырма.