Открытый урок на тему Ертегі ?леміне саяхат


Такырыбы: Ертеі элеміне саяхат.
Мақсаты: Саяхаттау арқылы өткен ic-әрекеттерді еске түсіріп, алганбілімдерін бекіту, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, ойын материалдары, т.б.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, әңгімелесу, т.б.
Психологиялық сәт:

Достарды бәз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Бвдщ топта ул-кыздар,
Тату-тэтп ойнаймыз.
-Балалар, біз бугін «Epтeгi әлеміне саяхатқа» шығамыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың кейіпкері бауырсақ болмақ. «Бауырсақ» ертегісінің қалай басталатынын еске түсірейікші.
Тәрбиеші мазмұнын айтуды бастайды: Апа ыдысқа ұн салып, сүт пен қаймақ құйып, тұз бен шекер салып, қамыр илейді. Апаның қамыры жұп-жұмсак болып шығады. Қамырдан апа бауырсақ пісіреді де, бауырсақты суытуға терезенің алдына шығарады да, өзі аулаға шығып кетеді. Бауырсақтың iшi пысып терезеден секіріп, орманға қарай домалай кетеді.

Тэрбиеші: -Домалап келе жатқанда алдынан кім шыгады? (қоян)
-Қоян не дейді? (Мен сені жеймін)
-Қоян бауырсақты жемеу уін біз қоянньң тапсырмасын дұрыс орындап, бауырсаққа көмектесуіміз керек. Көмектесеміз бе?
Қоянның тапсырмалары:
Қазакстан Республикасының президенті кім?
ҚР астанасы қай қала?
ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.
Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсақты одан құтқардық,
-Балалар қояннан кейін бауырсаққа кім кездеседі? (қасқыр)
-Дұрыс. Қасқыр қандай аң? Ол қайда мекендейді? (жыртқыш аң, орманда мекендейд)
-Енді бауырсақты қасқырдан құтқару үшін қасқырдьң тапсырмаларын орындауымьпз керек.
Қасқырдың тапсырмалары:
1.Үй жануарларын ата.
2. 0йын «Төлдерін тап»
З. Ойын «Бұл қай жануардың дыбысы?»
-Міне, балалар,біз бауырсақты қасқырдан да құтқардық. Қасқырдың ойындары сендерге ұнады ма? ҚасҚырдан кейін бауырсақтың алдынан кім шығады?
-Аю қандай аң? Ол нені жақсы көреді? Бауырсаққа не дейді? (жыртқыш, бал, жеймін)
-Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін аюдың тапсырмаларын орындайық.
Аюдың тапсырмалары:
1. Геометриялық пішіндерді ата (олардьң түстері кандай?)
2. 1 -ден 5-ке дейін санау.
3. Бағдаршамның, неше көзі бар? Түстерін ата.
-Аюдың тапсырмаларын орындадьқ, ол бауырсақты аман-есен жіберді. Ал енді шаршағанымызды басып алайық.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Tepiп-Tepiп алайық,
Қалтгамызға салайық.
-Аюдан кейін бауырсақтың алдынан қай аң шығады? (түлкі)
-Түлкі қандай аң? Ол бауырсаққа не дейді? (қу, жеймін дейді)т о т ш о
- Түллі айлакер аң болғандықтан, ол бауырсақты алдап, жеп қоюы да мүмкін. Ал жемес үшін біз түлкінің дайындаған тапсырмаларын орындауымыз керек.
Түлкінің тапсырмалары:
1. Дала құстарын ата.
2. Үй құстарын ата
3. Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
-Жарайсыңдар, балалар,түлкінің тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқардьқ. Бауырсақтың апасы мен атасы күтіп қалды. Енді үйге қайтуымыз керек.
-Сонымен, балалар,біз бүгін қайда шықтьқ? (саяхатқа)
-Бауырсаққа қандай аңдар кездесті?(қоян, қасқыр, аю, түлкі)
-Саяхат сендерге унады ма?
Балаларды мақтап - мадақтау.