Саба? ?уырша?тар-??лама?тар (балб?бек тобы)


«Қуыршақтар- құламақтар»

САҚТАПОВА АҚЖҮНІС ДАҢБАЙҚЫЗЫ
«Балбөбек» тобының тәрбиешісі
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Шілікті селосы
Мақсаты:
Білімділік: Баланың домалақ пішін жайлы танымын арттыру.Қуыршақ -
құламақтың дене ерекшелігімен таныстыру, кеудесі басы және аяқ-қолдары
домалақ екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Денелерді бір-біріне бекітуді үйрету,тілдерін
дамыту.
Тәрбиелік:Саусақтың бұлшықеттері қимылын жетілдіру, ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын
Қостілділік кампонент: қуыршақ- кукла
Сөздік жұмыс: құламақ
Қажетті көрнекі-құралдар: әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз және
майлықтар ,тақтайша, үлестірмелі материалдар, теңселген ойыншықтар, үнтаспа, дидактикалық ойындар материалдары
Ұйымдастыру:
Балалар, қәне , бәріміз шеңбер құрып ,қол ұстасып тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіз бе , әжей!-деп,
Сәлеметсіз бе, ағай!-деп,
Есенсіз бе апай !-деп,
Ұл-қыз сәлем береміз.
Өнегелі өренбіз.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар ?
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Көктем мезгілінің қай айы ?
Балалар, қараңдаршы кішкентай бөпе жылап жатыр, оны қалай жұбатамыз?
-Бәріміз бөпеге ойыншықтар әлемінен алып келейік.Жарайма, балалар?
Балаларға жұмбақ жасыру.
Міне қыңыр адам ,!
Жатқызуға көнбейді. !
Сендерге осындай кездесе ме.?
Мүлде ұйықтағысы келмейді,
Жатқызсам –қайтып тұрады.
Тұрады да тербеледі,
Ол қалай аталады. ?
-Балалар, қуыршақты неге құламақ деп атайды білесіңдер ме?
Дұрыс, бұл қуыршақты жатқызуға болмайды.
Сурет бойынша жұмыс.
-Бұл қандай ойыншық?
-Қалай ойлайсыңдар,оның бөліктері неге ұқсайды?/басы , денесі, қол/ Пішіні қандай ?
-Қуыршақ –құламақ көлемі әртүрлі шарлардан жасалған.
Көрсетіңдерші, ең үлкен шар қай жерінде ?
Ал ең кішісі ше?
-Қараңдаршы ,киімі неткен әдемі ? Ол қандай түс?
-Құламақты басқа түстен жасауға бола ма?
-Міне алдарыңда ермексаз. Қалай ойлайсыңдар, онымен ойнау үшін қандай түсті ермексаз алуға болады?
Дұрыс айтасыңдар, онымен ашық түстерді алған дұрыс:ашық қызыл, сары тағы басқа түсті ермексаздан жасауға болады.
-Құламақты жабыстыру үшін бірнеше бөліктерге бөлу керек: бір үлкен, бір кішірек және екі кішкентай.
-Содан кейін дөңгелек жасау керек.Оны қалай жасаймыз. Бұл үлкен дөңгелектен не жасаймыз?
-Әрине кеудесін.
Сергіту сәті:
Қуыршақпыз- құламақпыз,
Бізді ақырын тербетесің.
Ұзақ уақыт тоқтамаймыз,
Оңға-солға, оңға-солға.
Бұрыламыз, бұрыламыз.
Ал кішірек дөңгелектен ше?
-Дұрыс, басын.Ал кішкене дөңгелектен қолдарын жасаймыз.
Қуыршақ-құламақты мүсінін қалай жасау керектігін түсіндіреді.
-Балалар, барлығы дайын, бірақ көзбен ауыз керекпе?Енді соларды жасаймын.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Құламақты осылай жасаңдар.
Билингвальді кампонент: қуыршақ-кукла
Сөздік жұмыс: Құламақ
Дидактикалық ойын: «Ойыншықтың атын айтайық»
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойыншықтар бейнеленген суреттер таратып береді.
Ал балалар тәрбиеші айтқан ойыншықты суреттен тауып, жоғары көтеру керек.
«Қуыршақ »биін билету
-Балалар , енді балабақшамызға барайық ойыншығымызды бөпеге берейік.
Қуыршақ-құламақты балалар бөпеге берейік.
Бөпе қуанады.
-Қуыршақ –құламақ қандай ойыншық?
-Қуыршақ-құламақ ұйықтайма?
Балалардың жұмыстарын мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ермексазбен жұмыс істеудің дағдыларын жасайды.
Нені игереді:Таныс формалармен мүсіндеу тәсілін түсінеді.
Нені білді: Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін біледі.